Қазақстанның ашық кітапханасы
жасау керек? Ресейді осынау құрылымдарға жібермеуге байланысты көлденең шығындар
барынша жоғары болуы мүмкін - ресейлік санада Ресейдің ерекше төл парызы туралы
идея іске асырыла бастайды, - алайда ЕО мен НАТО-ның әлсіреуінің салдарлары да
тұрақсыздандырушы жағдай болуы мүмкін.
Тағы бір үлкен беймәлімділік ірі және геосаяси тұрғыдан орнықсыз Орталық Еуразия
кеңістігінде көрініс береді; бұл беймәлімділік түрік және иран орталықтарының ықтимал
осалдығы салдарынан шегіне жеткен. Ол Қара теңіздегі Қырым арқылы Ресейдің жаңа
оңтүстік шекараларын бойлай тікелей шығысқа өтеді, қытайдың Шыңжан
провинциясының шекарасымен жүріп отырып, Үнді мұхитына қарай төмен түседі, содан
батысқа Қызыл теңізге қарай бет алады да, кейін солтүстікке Жерорта теңізінің шығыс
бөлігіне таман көтеріледі, сосын Қырымға қайтып оралады; ондағы шамамен 25 елде 400
миллионға жуық адам тұрады, бұл елдердің барлығы дерлік этностық тұрғыдан да, діни
тұрғыдан да әртекті, және де іс жүзінде олардың ешқайсысы да саяси тұрақты емес. Бұл
елдердің кейбірі ядролық қаруға ие болу процесін бастан өткеріп жатуы мүмкін.
Оңай тұтандыруға болатын өшпенділік боршалаған және өзара бәсекелес құдіретті
көршілер қоршаған осынау ұлан - ғайыр аймақ, тегінде ұлттық мемлекеттер арасында
соғыс жүріп жататын орасан зор майдан алабы да, созылмалы этностық һәм діни зорлық-
зомбылық үстемдік еткен өңір (дұрысырағы осы) де болып табылады. Үндістан
тізгіндеуші фактор ретінде көріне ме немесе өз ырқын Пәкстанға күштеп таңу үшін кейбір
мүмкіндіктерді пайдалана ма, бұл ықтимал жанжалдардың аймақтық шеңберіне көп
дәрежеде әсер етеді. Түркия мен Ирандағы ішкі шиеленістер, тегінде, күшейіп қана
қоймайды, керісінше, қопарылыс қаупі бар аймақтағы бұл мемлекеттердің
тұрақтандырушы рөлін айтарлықтай төмендетеді. Мұндай оқиғалар, өз кезегінде, бәлкім,
халықаралық қоғамдастықтың Орталық Азияның жаңа мемлекеттерін ассимиляциялау
процесін қиындатады, сондай-ақ Парсы шығанағындағы қауіпсіздікке (оны қамтамасыз
етуде Америка басты рөл ойнайды) кері әсерін тигізеді. Кез-келген жағдайда Америка да,
халықаралық қоғамдастық та бұл арада зор проблемаға тап болуы мүмкін, ал бұл
проблемамен салыстырғанда бұрынғы Югославияда таяуда орын алған дағдарыс ештеңе
емес сияқты болып көрінеді.
Осынау тұрақсыз аймақтағы проблеманың бір бөлігі - Американың жетекшілік рөліне
ислам фундаментализмінің қыр көрсетуі бола алады. Американ өмір салтына діни
дұшпандықты кәдесіне жаратып және араб-израиль жанжалынан пайда таба отырып,
ислам фундаментализм! батысқа берілген бірнеше таяушығыс үкіметтерінің позициясын
күйрете алады және нәтижесінде Американың аймақтық мүдделеріне, әсіресе Парсы
шығанағы ауданында, қатер төндіре алады. Алайда саяси топтасусыз және нағыз қуатты
біртұтас ислам мемлекеті болмағандықтан, ислам фундаментализмінің қыр көрсетуіне
геосаяси ұйтқы жетіспей жатады, демек, ол көбіне зорлық-зомбылық арқылы көрінетін
болады.
Қытайдың ірі держава ретінде пайда болуы төтенше маңызды геосаяси мәселені алға
тартады. Неғұрлым тартымды нәтиже демократия жолымен келе жатқан және еркін
базарды дамыту үстіндегі Қытайдың неғұрлым ірі азиялық аймақтық ынтымақтастық
құрылымына кооптациялануы болар еді. Ал егер Қытай демократиялық өзгерістерді
жүргізбесе, бірақ өзінің экономикалық және әскери куш-қуатын арттыра берсе ше?
Көршілерінің тілектері мен есептері қандай болса да, дүниеге Ұлы Қытай келуі мүмкін,
және бұған кедергі жасаудың кез-келген әрекеті Қытаймен жанжалдың ушығуына жетелей
алады. Мұндай жанжал американ-жапон қатынастарына шиеленіс енгізе алады, өйткені
Қытайды тізгіндеуде Жапонияның американ үлгісіне еруді қалауы мүлдем міндетті емес,