Page 30 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
шешім қабылдау, алайда, Құрама Штаттардың қатысуын қажет етеді, ал АҚШ-тың НАТО-
дағы дауысы - бұрынғысынша шешуші дауыс. Орталық Еуропа елдерін ЕО-ға да, НАТО-
ға да қабылдау дұрыс болатынымен өсе түскен келісімді ескерсек, бұл мәселенің
практикалық маңызы Балтық республикаларының болашақ статусына, бәлкім,
Украинаның статусына баса ден қоюға мәжбүр етеді.
Осылайша, жоғарыда айтылған еуропалық дилемма мен Ресейге қатысты екінші дилемма
арасында маңызды ішінара доп келу бар. Ресейдің болашағы жөніндегі сұраққа Еуропамен
тығыз байланысқан демократиялық Ресейге артықшылық беріледі деп мәлімдеп, оңай
жауап беруге болады. Бәлкім, демократиялық Ресей Америка мен Еуропа ортақтасатын
құндылықтарды көбірек мақұлдар, демек, сондай-ақ оның неғұрлым тұрақты және
ынтымақтастыққа негізделген Еуразия құруда кіші әріптеске айналуы әбден ықтимал.
Алайда Ресейдің кеудемсоқтығы оны демократиялық мемлекет ретінде мойындау мен
сыйлауға жай ғана қол жеткізуден әріге кетуі мүмкін. Ресейдің сыртқы саяси
истеблишменті (негізінен бұрынғы кеңес шенеуніктерінен тұратын) шеңберінде күні
бүгінге дейін ерекше еуразиялық рөл, жаңадан құрылған посткеңестік мемлекеттер
Мәскеуге бағынатын рөл ойнау ниеті терең тамыр жайған.
Осынау тінде Ресей қоғамдастығының кейбір ықпалды мүшелері тіпті Батыстың достық
саясатын Ресейді оның әлемдік держава ретіндегі заңды құқығынан айыруға бағытталған
саясат ретінде қарастырады. Мұны ресейлік екі геосаясаткер былайша тұжырымдады:
"Құрама Штаттар мен НАТО елдері - Ресейдің өзін-өзі құрметтеу сезімін парасатты шекте
сыйлағанымен, бәрібір соған қарамастан олар бері салғанда теориялық тұрғыдан да
Ресейге дүниежүзілік саясатта Кеңес Одағына тиесілі болған нөмірі екінші держава
статусын алуға үміттенуіне мүмкіндік беретін геосаяси негіздерді ұдайы да дәйекті жойып
келеді".
Ол-ол ма, Америка "қазіргі кезде Батыс құрып жатқан еуропалық кеңістіктің жаңа ұйымы
шын мәнінде әлемнің осы бөлігіндегі жаңа, біршама шағын және әлсіз ұлттық
мемлекеттерге олардың НАТО-мен, ЕО-мен және т.б. жақындасуы арқылы көмек көрсету
идеясы негізінде құрылатын"*, саясат жүргізуде деп саналады.
Жоғарыда келтірілген цитаталар - біршама баяғыда қалыптасқан пікірден ауытқымай -
АҚШ-тың алдында тұрған дилемманы жақсы анықтайды. Ресейді саяси тұрғыдан да,
әскери тұрғыдан да күшеюге сөзсіз жетелейтін экономикалық көмекті оған қандай
дәрежеге дейін көрсету керек және бір мезгілде жаңа тәуелсіз мемлекеттерге олардың өз
тәуелсіздігін қорғау және нығайту жөніндегі ұмтылыстарында қай дәрежеге дейін
көмектесу керек? Ресей қуатты әрі бір мезгілде демократиялық мемлекет бола ала ма?
Егер ол күш-қуатқа қайта ие болса, ол өзінің айрылған империялық иеліктерін қайтарып
алғысы келмей ме және сонда ол әрі империя, әрі демократия бола ала ма?
АҚШ-тың Украина мен Әзірбайжан сияқты маңызды геосаяси орталықтар жөніндегі
саясаты бұл мәселені айналып өтуге мүмкіндік бермейді, және Америка, осылайша,
күштерді тактикалық орналастыру және стратегиялық мақсат жөніндегі қиын дилемманың
алдында тұр. Ресейдің іштей сауығуы Ресейді демократияландыру үшін және түптің
түбінде еуропаландыру үшін қажет. Алайда оның империялық күш-қуатының кез-келген
қалпына келтірілуі осы екі мақсатқа да зиян тигізе алады. Ол-ол ма, нақ осы мәселе
бойынша, әсіресе ЕО мен НАТО-ны кеңейту мәселесінде Америка мен кейбір еуропалық
мемлекеттер арасында алауыздықтар пайда болуы мүмкін. Ресейді осы екі құрылымға да
ықтимал мүшелікке кандидат деп санау керек пе? Онда Украина жөнінде қандай қадам