Page 32 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
және, демек, мұның аймақтық деңгейде Жапонияның ролін айқындау үшін революциялық
салдары болуы мүмкін, ал бұл тіпті Қиыр Шығыста американдардың болуының
тоқтатылуына жетелеуі ықтимал.
Алайда Қытаймен уағдаластықтарға қол жеткізу өзінің төл бағасын талап етеді. Қытайды
аймақтық держава ретінде мойындау тек бір ұранды жай ғана мақұлдау деген сөз емес.
Аймақтық деңгейдегі мұндай артықшылықтың мәністік мазмұны да болуға тиіс. Бүкпесіз
айтсақ, Қытайдың ықпал өрісін Америка қандай көлемде және қай жерде мойындауға
дайын, Қытайды дүниежүзілік істерге ойдағыдай тартуға бағытталған саясаттың құрамдас
бөлігі ретінде не істеу қажет? Бүгін таңда Қытайдың саяси қарекет радиусынан тыс
жердегі қандай аудандарды жаңа пайда бола бастаған Аспан асты империясының ықпал
өрісіне беруге болады?
Осынау тінде американдардың Оңтүстік Кореяда қалуы ерекше маңызды бола бастайды.
Мұнсыз қорғаныс саласындағы американ-жапон келісімінің қазіргі пошымында қала
беруін елестету қиын, өйткені Жапония әскери тұрғыдан неғұрлым тәуелсіз елге айналуға
мәжбүр болады. Алайда кәрістердің қайта бірігуіне бағытталған кез-келген қозғалыс,
тегінде, Оңтүстік Кореяда американ әскери күшінің тұруын жалғастырудың негізін
күйретеді. Қайта қосылған Корея американ әскери қорғауынан бас тарту қажет деп санай
алады; бұл іс жүзінде Қытайдың өзінің бүкіл беделімен түбектің бірігуін қолдауы үшін
талап ететін құны болуы мүмкін. Қысқасы, АҚШ-тың Қытаймен қатынастарын реттеуі
американ – жапон - корей "үшбұрышы" шеңберінде қауіпсіздік саласындағы қатынастар
тұрақтылығына сөзсіз тікелей әсер етеді.
Қорытындыда, болашақ саяси одақтар құруға жетелей алатын кейбір ықтимал
жағдайларға қысқаша тоқталып өту керек... Өткен замандарда халықаралық істерге
аймақтық деңгейде үстемдік ету үшін жекелеген мемлекеттер арасындағы күрес ықпал
ететін. Алдағы уақытта, Құрама Штаттар тегінде Американы Еуразиядан ығыстыруға
тырысатын аймақтық коалицияларды қалай жөнге салу керектігін шешуге тиіс болады,
өйткені бұл әлемдік держава ретіндегі Америка статусына қатер төндіреді. Алайда мұндай
коалициялар американ үстемдігі қыр көрсете ме, жоқ па, бұл Құрама Штаттар осында
нобайланған негізгі дилеммаларды қаншалықты тиімді шеше алатынына іс жүзінде өте
үлкен дәрежеде байланысты.
Оқиғалар өрбуінің ең қауіпті ықтимал сценарийі - Қытайдың, Ресейдің және, мүмкін,
Иранның қатысуымен "антигегемонистік" коалицияның құрылуы болар еді, оларды
идеология емес, бірін-бірі толықтыратын зәбірлері біріктіреді. Оқиғалардың бұлай өрбуі
өзінің көлемі мен ауқымы бойынша бір кезде қытай-кеңес блогы алға тартқан проблеманы
еске салуы мүмкін, бірақ бұл жолы, бәрінен ықтималы, Қытай көшбасшы, Ресей
жетеленуші болар. Осы блоктың құрылуына жол бермеу үшін, бұл қаншалықты мүмкін
емес болып көрінсе де, АҚШ-тың бір мезгілде Еуразияның батыс, шығыс және оңтүстік
шекараларында геостратегиялық шеберлік көрсетуі талап етіледі.
Географиялық тұрғыдан неғұрлым шектеулі, бірақ әлуеті жағынан келгенде одан
неғұрлым маңызды проблема қытай - жапон "өзегі" болып шығуы мүмкін, ол Қиыр
Шығыстағы американ позициясының күйреуінен және Жапонияның әлемдік
проблемаларға көзқарасындағы революциялық өзгерістерден кейін пайда болуы мүмкін.
Мұндай блок ғаламат өнімді екі халықтың қуатын біріктіре және біріктіруші
антиамерикалық доктрина ретінде "азиатшылдықтың" ("asia- nism") әлдене пошымын
пайдалана алады. Алайда Қытай мен Жапония, өткен тарихи тәжірибені ескерсек, көз
жетер болашақта ондай одақ құрады деу екіталай нәрсе; ал Қиыр Шығыстағы көреген