Page 27 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Орталық Азиядағы басымдығының қандай да болмасын қалпына келтіруіне қарсы шығар
еді. Алайда егер Мәскеу 52 миллион халқы және ірі ресурстары, сондай-ақ Қара теңізге
шығатын жолы бар Украинаға қайта бақылау орнатса, онда Ресей автоматты түрде Еуропа
мен Азияға кең шалжиған қуатты империялық мемлекетке айналудың құралына тағы да
ие болады. Украинаның тәуелсіздігінен айрылуының Орталық Еуропа үшін бірден
зардабы болып, Польшаны біріккен Еуропаның шығыс шебіндегі геосаяси орталыққа
айналдырар еді.
Шектеулі аумақтық көлеміне және халқының аздығына қарамастан, ұлан-ғайыр
энергетикалық ресурстары бар Әзірбайжан да геосаяси тұрғыдан маңызды рөл атқарады.
Ол Каспий теңізі бассейнінің және Орта Азияның байлықтары құйылған үлкен ыдыстың
тығыны. Егер Әзірбайжан толығымен Мәскеуге бағындырылса, онда Орталық Азия
мемлекеттерінің тәуелсіздігін іс жүзінде еш мағынасыз ұғым ретінде қарастыруға болады.
Егер Әзірбайжан тәуелсіздігінің күші жойылса, онда бұл елдің өзіндік және өте қомақты
мұнай қорлары да Ресейдің бақылауына бағындырыла алады. Ресейдің бақылауындағы
аумақтар арқылы өтпейтін мұнай құбырлары арқылы Батыстың базарларымен жалғасқан
тәуелсіз Әзірбайжан сондай-ақ озық және энергия тұтынатын экономикаларды Орталық
Азияның энергиялық тұрғыдан бай республикаларына енгізетін ірі магистральға
айналады. Әзірбайжан мен Орталық Азияның болашағы, дәл Украина жағдайындағы
дәрежедегідей, принципті түрде Ресейдің не бола алатынына (не бола алмайтынына)
байланысты.
Түркия мен Иран Ресейдің өз билігін жоғалтуын пайдаланып, Каспий - Орталық Азия
аймағында біршама дәрежеде ықпал орнатумен айналысуда. Сол себепті, оларды гео -
стратегиялық қарекет жасайтын күштер деп санауға болар еді. Алайда бұл екі мемлекет те
ішкі елеулі проблемалармен бетпе-бет келіп, олардың билік күштерін орналастырудағы
айтарлықтай аймақтық өзгерістерді жүзеге асыру мүмкіндігі шектеулі болып отыр.
Мұның үстіне, олар қарсыластар болып табылады да, осылайша, бір-бірінің ықпалын
мандытпайды. Мысалы, Түркия ықпалды рөлге қол жеткізген Әзірбайжанда Ресей үшін
Иранның позициясы (мұның өзі әзірбайжандардың өз жерінде ұлттық толқуларға баруы
мүмкін деген беймазалықтан туындайды) неғұрлым пайдалы болып шықты.
Алайда Түркия да, Иран да ең алдымен маңызды геосаяси орталықтар болып табылады.
Түркия Қара теңіз аймағын тұрақтандырады, одан Жерорта теңізіне баруды бақылауда
ұстайды, Кавказда Ресейге теңеседі, әлі де болса мұсылман фундаментализмінің уытын
қайтарушы болып қалуда және НАТО-ның оңтүстіктегі зәкірі іспеттес. Тұрақсызданған
Түркия, бәлкім, оңтүстік Балканда зорлық-зомбылыққа көбірек еркіндік беріп, бір
мезгілде Ресейдің жуырда тәуелсіздік алған Кавказ мемлекеттерінің үстінен бақылау
жүргізуін қалпына келтіруін қамтамасыз етер еді. Сол сияқты, Иран, өзінің Әзірбайжанға
екіұшты көзқарасына қарамастан, Орталық Азиядағы жаңа саяси сан алуандыққа
тұрақтандыратын қолдауды қамтамасыз етіп отыр. Ол Парсы шығанағының шығыс
жағалауында басым, ал оның тәуелсіздігі, Құрама Штаттарға бүгінгі дұшпандығына
қарамастан, бұл аймақтағы американдық мүдделерге кез-келген Ресей қатеріне тосқауыл
рөлін атқарады.
Және ақыр соңында, Оңтүстік Корея - Қиыр Шығыстың геосаяси орталығы. Оның Құрама
Штаттармен тығыз байланысы Америкаға Жапония үшін қалқан ролін ойнауға және
соның көмегімен оның Жапонияның өзінде басып отыратын американ әскерлері
болмайтын жағдайда тәуелсіз әрі қуатты әскери державаға айналуына мүмкіндік бермейді.
Оңтүстік Кореяның статусындағы кез-келген елеулі өзгеріс - не оның бірігуімен
байланысты, не ұлғайып келе жатқан Қытай ықпалы өрісіне көшуіне байланысты