Қазақстанның ашық кітапханасы
Американың қанатының астында қимылдауды жөн көреді. Еуропадағы Ұлыбритания
секілді Жапония да материктік Азияның саяси шырғалаңына араласпауды жон көреді, ал
мұның, тіпті ішінара болса да, себебі - көптеген бауыр - азиялықтардың Жапонияның
аймақтағы жетекші саяси рөлге кез-келген дәмесіне ежелгі дұшпандығы.
Өз кезегінде Жапонияның мұндай ұстамды саяси позициясы, Құрама Штаттарға Қиыр
Шығыстағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде басты рөл ойнауға мүмкіндік береді.
Осылайша Жапония геостратегиялық қарекет жасайтын тұлға болып табылмайды,
дегенмен оны мұндайға тез айналдыратын, әсіресе, егер Қытай немесе Америка күтпеген
жердей өзінің Қазіргі саясатын өзгертсе, айдан анық әлует Құрама Штаттарға американ-
жапон қатынастарын мұқият шыңдау жөнінде ерекше міндеттеме жүктейді. Әрі бұл
Америка мұқият бақылап отыруға тиіс жапондық сыртқы саясат емес, бұл - Америка өте
байыпты түрде мәпелеуге тиіс жапондық сабырлылық. Американ-жапон саяси
байланыстарының кез - келген елеулі әлсіреуі аймақтағы тұрақтылыққа тікелей ықпал
етер еді.
Серпінді геостратегиялық қарекет жасайтын тұлғалар тізбесінде Индонезияның жоқтығын
негіздеу оңай. Оңтүстік - Шығыс Азияда Индонезия ең маңызды ел болып табылады,
бірақ оның тіпті аймақтың өзінде ықпал ету мүмкіндіктері экономикасының
салыстырмалы мешеулігінің, жалғасып жатқан ішкі саяси тұрақсыздығының, архипелагқа
кіретін аралдардың шашырандылығының және елдің ішкі қаржы-қаражатындағы қытай
азшылығының
өзекті
рөлі
ушықтырып
отырған
этностық
жанжалдарға
шалдыққыштығының салдарынан шектеулі. Кей нәрселерде Индонезия қытайдың
оңтүстікке ұмтылыстарына елеулі кедергі бола алар еді. Сайып келгенде Австралия мұны
мойындады. Ол біршама уақыт индонезиялық экспансионизмнен қауіптенген еді, бірақ
кейінірек қауіпсіздік саласында неғұрлым тығыз австралия-индонезия ынтымақтастығын
құттықтай бастады. Бірақ Индонезияны аймақта қарекет жасайтын басым тұлға ретінде
қарастыруға болардан бұрын бірігу мен тұрақты экономикалық табыс кезеңі қажет
болады.
Керісінше, Үндістан аймақтық держава ретінде өзінің қалыптасу процесін бастан кешуде
және өзін дүниежүзілік ауқымдағы ықтимал ірі қарекет жасайтын тұлға ретінде
қарастырады. Ол өзін Қытайдың бақталасы боламыз деп те біледі. Бәлкім, бұл өзінің
ежелгі мүмкіндіктерін асыра бағалау болар, бірақ Үндістан, сөзсіз, Оңтүстік Азиядағы ең
күшті мемлекет болып табылады, және оның мұндай болғаны Пәкстанды қорқытудан
немесе бопсалаудан гөрі, Қытайдың ядролық арсеналы болуын теңдестіру үшін істелген
нәрсе. Үндістан өзінің аймақтық рөлін өзінің көршілері жөнінде де, Үнді мұхиты жөнінде
де геостратегиялық көре білуге ие. Алайда аталмыш белесте оның амбициялары
Американың еуразиялық мүдделерін тиіп-қашып қана қозғайды,және, осылайша,
геостратегиялық қарекет жасайтын тұлға ретіндегі Үндістан, бері салғанда Ресей немесе
Қытай сияқты дәрежеде геосаяси мазасыздықтық көзі бола алмайды.
Еуразиялық шахмат тақтасындағы жаңа әрі маңызды кеңістік - Украина геосаяси орталық
болып табылады, өйткені оның өзінің тәуелсіз мемлекет ретінде орын алуы Ресейді
өзгертуге көмектеседі. Украинасыз Ресей еуразиялық империя болудан қалады.
Украинасыз Ресей империялық статус үшін әлі де күресе алады, бірақ ол негізінен
азиялық империялық мемлекет болар еді және басын көтеріп келе жатқан Орталық
Азиямен титықтататын ұзақ жанжалдан арыла алмас еді, егер бұлай бола қалса, Орталық
Азия жуырда ғана қол жеткен тәуелсіздігінен айырылғанына ренжіп, Оңтүстіктің оған дос
ислам мемлекеттері тарапынан қолдау табар еді. Қытай да, оның осы аймақтағы таяуда
тәуелсіздік алған мемлекеттерге қызығушылығының өсуін ескергенде, бәлкім, Ресейдің