Page 25 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.бжезинский. ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАС

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
кезде Франция мен Германия негізгі қарекет жасаушы тұлғалар болып табылатын ұлы
Еуропа авантюраларынан едәуір дәрежеде бойын аулақ салған, жан тыныштығын
көздеген геостратегиялық фигура.
Ауқымы жағынан орташа басқа еуропалық мемлекеттер, көпшілігі НАТО-ның
және/немесе Еуропалық Одақтың мүшелері болып табылатын мемлекеттер не
Американың жетекші рөліне ереді, не Германия мен Францияның артындағы орынға тып-
тыныш жайғасуда. Олардың саясатының ерекше кең аймақтық ықпалы жоқ, және олардың
өздерінің негізгі бағытын өзгертуге жағдайы да жоқ. Осынау сатыда олар геостратегиялық
қарекет жасайтын тұлғалар да, геосаяси орталықтар да емес. Мұны НАТО мен ЕҚ-тың
орталықеуропалық ең маңызды ықтимал мүшесі Польша туралы да айтуға болады.
Геостратегиялық қарекет жасайтын тұлға болуға Польша тым әлсіз, және оның бір-ақ
жолы бар, ол - Батысқа кірігу. Ол-ол ма, ескі Ресей империясының ғайып болуы және
Польшаның Атлантика одағымен де, сондай-ақ жаңа туып келе жатқан Еуропамен де
нығаю үстіндегі байланысы Польшаны барған сайын тарихи теңдесі жоқ қауіпсіздікпен
қамтамасыз етеді, сонымен бір мезгілде оның стратегиялық таңдауын шектейді.
Ресей, оның әлсіреген мемлекеттілігіне және, бәлкім, созылмалы сырқатына қарамастан,
геостратегиялық қарекет жасайтын ірі тұлға болып қалып отырғанын еске салудың қажеті
жоқ болар. Оның болуының өзі бұрынғы Кеңес Одағының байтақ еуразиялық кеңістігі
шегінде тәуелсіздік алған мемлекеттерге елеулі ықпал жасайды. Ол амбициялық геосаяси
мақсаттарын әлпештейді және мұны барған сайын ашық жария ете бастады.Ол өзінің
қуатын қалпына келтірген бойда өзінің батыс һәм шығыс көршілеріне елеулі ықпал ете
бастайды. Мұның үстіне Ресейге әлі Америкамен өзара қатынастар тұрғысынан: ол дос па,
қас па? - деген өзінің іргелі геостратегиялық таңдауын жасауы керек. Ол, бәлкім бұл
жағынан Еуразия континентінде таңдаудың елеулі нұсқалары бар екендігін тамаша
сезінетін шығар. Көп нәрсе ішкі саяси жағдайдың дамуына және әсіресе Ресей еуропалық
демократия бола ма, немесе қайтадан еуразиялық империяға айнала ма - соған
байланысты. Тіпті өзінің бірнеше "кесектерін", сондай-ақ еуразиялық шахмат тақтасында
маңызды тұғырларының кейбіреуін жоғалтқанына қарамастан, ол қайткенде де, сөзсіз,
қарекет жасайтын тұлға боп қала береді.
Осы сияқты, саяси аренада Қытайдың ірі қарекет жасайтын тұлға болып табылатынын
дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас. Қытай қазірдің өзінде маңызды аймақтық держава
болып табылады, және ұлы державалық тарихы бар әрі әлемнің кіндігі ретіндегі қытай
мемлекеті туралы түсінікті сақтай отырып, бұдан да кең үмітін әлпештейтін секілді.
Қытай ұстанып отырған таңдау нұсқалары Азиядағы күштердің геосаяси ара салмағына
ықпал ете бастады, ал оның экономикалық қозғаушы қабілеті сөз жоқ оған мықты күш -
қуат та, ұлғая түсетін амбиция да береді. "Ұлы Қытайдың" қайта тірілтілуімен Тайванның
мәселесі де назардан тыс қалмайды, ал бұл Қиыр Шығыстағы американ позициясына
сөзсіз ықпал етеді. Кеңес Одағының ыдырауы Қытайдың батыс шетінде бірқатар
мемлекеттердің пайда болуына алып келді, олар жөнінде де қытай көшбасшылары
немқұрайды қала алмайды. Осылайша, әлемдік аренадағы Қытайдың неғұрлым белсенді
рөлі Ресейге едәуір дәрежеде ықпал ететін болады.
Еуразияның шығыстағы шет аймағында парадокс бар. Жапония дүниежүзілік
қатынастарда анық ірі держава болып табылады, және американ-жапон альянсы жиі-жиі -
және мұның өзі дұрыс та - ең маңызды екі жақты қатынастар деп анықталады. Әлемдегі ең
қабырғалы экономикалық державалардың бірі ретінде Жапония, бірінші класты саяси
держава әлуетіне ие екендігі айдан анық. Дегенмен ол, аймақтық басымдыққа кез келген
ұмтылыстан мұқият қашқақтай отырып, мұны пайдаланбайды және оның орнына