Қазақстанның ашық кітапханасы
9
қолайлы көретін, яғни сол ауыртпалықтардың езуші салмағын онша өткір сезінбейтін
ұлттарда ғана бар. Үнділік тағдырға бойсұнып, жазмыш бұйрығын күтуде, сондай сәтте,
әбден ашыққан ит оның жанынан бір адым да алыс кетпейді, өйткені үнділік жерге құлап
түсісімен оның талықсып жатқан денесі өзіне азық боларын біледі, үнділік тік тұрып өлу
үшін тірек іздейді, ал ит оның жүзіне, өлімнің боп-боз жүзіне телміре қарап, төзімділікпен
күтеді, бұл — біз мүлде түсінбейтін өз пайдасынан бастартудың көрінісі, дегенмен, оны
қызу құмарлықта ауыстырып отырады. Бірақ өмір салты мен климаттың еркінсітіп
жіберуімен катар, өз пайдасынан бас тарту — шығыс елдерінің мемлекеттік құрылысына
тән, біз үшін төзуге болмастай көрінетін көптеген кеселдерді жеңілдететін, яғни уға қарсы
қолданылатын дәрі. Ал егер біз сол елдерде тұратын болсақ, мұндай азаптарға төзіп
отырмас едік, өйткені біз кемсау құрылысты өзгертетін батырлық пен ерлікті өз
бойымыздан таба алар едік, өйтпеген жағдайда біздің өзіміз де жұмсақтанып, үнділіктер
секілді ұзақ төзіммен барлық азап-сорды көтере берген болар едік. О, ұлы табиғат-ана!
Біздің адал ұрпағын қандай ұсақ-түйектермен матап тастағансың! Климаттың, тұқымның,
әдеттің әсерінен бас пен мидың пішіні сәл ғана өзгеруі мұң екен, дене мен жүйкенің
құрылысында әлдебір елеусіз өзгеріс болғаны сол екен - міне, енді дүниенің тағдыры да
өзгеріп барады, міне, адамзат Жерде өзі жасап, өзі тәтпішін тартып жатқан істердің жалпы
қорытындысы да басқаша болып барады.
Он бесінші кітап
Иә, сөйтіп тарихта бәрі де өткінші құбылыс; Тарихтың қасиетті сарайындағы жазу да:
Жалған дүние және Күл-топырақ деп жар салады. Біз ата-бабаларымыздың күлін таптап,
адам тұрақтары мен патшалықтардың жермен-жексен болған қирандыларын кезіп жүрміз.
Египет, Персия, Грекия, Рим бізге соқпастан, елестей өте шықты, олар өз керлерінен
елестей көтеріліп, тарихтан көрінеді.
Ал егер мемлекет ғимаратының ғұмыры таусылып бара жатса, кім оған тыныш өлім
тілемейді дейсіз? Тірі жандардың ортасында, тірі жандардың жарығы мен үйлерін тартып
алып жатқан ескі тәртіптің сағаналарына соқтығысып қалса, кімнің зәресі ұшпайды? Ал
енді кейінгі ұрпақ үңгірдегі ежелгі мүрделерді бұзатын болса, бұл орнатқан тәртіп оның
мұрагеріне де дәл осындай сағана болып көрінеді де, оны жерге көміп тастайды!
Жердегінің бәрінің де өткінші болуының себебі жердің жаратылысынан, жердегі жан-
жануарлар тіршілік ететін мекендерден, біздің табиғи болмысымызды ұстап тұрған
барлық, заңдылықтардан табылады. Адамның денесі — нәзік, жаңарып тұратын қабық,
бірақ, енді ол жаңара алмай қалды, ал жердегі рух денеде және денемен бірге ғана
жасампаздық атқара алады. Біз өзімізбен-өзіміз тіршілік етеміз деп ойлаймыз, ал, шын
мәнінде, біз табиғатта бар нәрсенің бәріне де тәуелдіміз; өзгергіш заттардың тізбегіне
шырмалғандықтан біз олардың айналым заңдарына көнуге мәжбүрміз, ал бұл заңдар —
өмірге келу, өмірде болу және жоғалу үшеуінен басқа ештеңе де емес. Адам ұрпақтарын
нәзік жіп байланыстырып тұр, ол сәтте үзіліп, сәтте қайта жалғанады. Адам қаусаған шал
болған, ақылы кемелденген кезде жер құшады, ал оның мұрагері бәрін балаша қайта
бастайды, ізашарының жасағандарын талқандап, өз ұрпағына қазір өзі көріп, пайдаланып
отырған күндердің мардымсыз еңбек нәтижелерін қалдырады.
I.
Адамгершілік — адам болмысының мақсаты,
және оған жету үшін Құдай адамзат
тағдырын адамдардың өз қолына табыстады