Page 8 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
8
ұмтылып, оларды өзінің ұлылығының тұғыры еткен жоқ, бірде-біреуі атақ-даңқын шектен
асырудың уын татуға әрекеттенген жоқ; әр мемлекет өзінде барды пайдаланады, соны
қанағат етеді. Қытай, тіпті алтыннан бас тартты, өйткені оған өзінің осалдығын сезді,
сөйтіп, өзінің алтын кеніштерін пайдалануға батпады; Қытай сыртқы сауданы да басқа
халықтарды құлдыққа салмастан жүргізеді. Мұндай сараң кемеңгерлік бұл елдердің бәріне
де бір даусыз артықшылық берді: оларға өздерінің ішкі ресурстарын көбірек игеріп-
өңдеуге тура келеді, олардың тек шамалы көлемінің ғана есесін сыртқы саудадан
қайтарады. Ал, біз, еуропалықтар болсақ, керісінше, көпестер мен қарақшылар секілді
дүниенің төрт бұрышын түгел кезіп жүрміз, ал өз елімізде қандай байлықты сақтап
отырғанымызды ұмытып кетеміз; тіпті Британия аралдарының өзі де Жапониядағыдай
немесе Қытайдағыдай тәртіпке келтірілуден әлі аулақ. Сонымен, Еуропадағы мемлекеттік
организмдер, бөтен жұрттың барлық дүниесін, жақсысы мен жаманын: татымдысы мен
ащысын, шайы мен кофесін, алтыны мен күмісін жұтқан үстіне жұта беретін, ашқарақтана
жанталасқан кезінде шектен аса қозып, аласұратын жыртқыштарға айналып отыр; ал
шығыс елдері олай емес, олар тек өздерінін ішкі қан айналымына ғана сенеді. Бұл өмір
жалқаудың тіршілігіндей баяу, бірақ соның есесіне ол өте ұзаққа созылды, егер ұйықтап
жатқан жануарды сыртқы жағдайлар өлтіріп қоймаса, әлі де ұзаққа созыла береді. Бірақ та
ежелгі адамдар барлық істің — өз мәдениеті ескерткіштерінің де, мемлекеттік құрылыс
ғимараттарының да берік әрі ұзақ өмірлік болуын көздеді емес пе; біз болсақ тым белсенді
өмір сүрудеміз, соған қарай, бәлкім, тағдыр жазған кесімді, қысқа ғұмырды да тезірек
өткеретін болармыз.
6.
Ақырында, адамдардың жердегі күллі шаруасында кеп нәрсе жер мен уақытқа,
ұлттардың мінез айырмашылықтарына байланысты болады, өйткені ең басты мәселе —
ұлттың мінез-құлқы. Егер Шығыс Азия біздің жанымызда орналасқан болса, ол баяғыда-
ақ қазіргіден басқа күйде болар еді. Егер Жапония аралда орналаспағанда, ол қазіргі
Жапония болмас еді. Ал енді бұл мемлекеттер қазір ғана құрыла бастаса, олар осыдан үш,
төрт мың жыл бұрынғы түрінде бола қоймас еді; өйткені өзіміз арқасында өмір сүріп
отырған Жер атты алып жануар да дәл сонша жылға қартайды. Тектік рух, халық мінезі —
болмысынан ғажап әрі таңданарлық құбылыс. Оны түсіндіре алмайсыз, оны жер бетінен
сыпырып тастауға да болмайды: ол ұлттың өзі секілді тым байырғы адамдар өмір сүрген
топырақтың өзіндей өте ежелгі. Брахманды оның жерінен айыра алмайсыз, ол осы бір
қасиетті табиғатқа нақ оның өзіндей ешкім де еңбек сіңірген жоқ деп ойлайды. Қытай да
солай, жапон да солай; өз елінен тыс жерде олар — уақытында отырғызылмаған жүзім
шыбығы іспетті. Үнді тақуасы - өз құдайына, қытай - өз императорына еншілеп жүрген
қасиеттерді біз бұлардан көре алмаймыз; ал олар болса, рухтың еркіндігі мен
белсенділігін, еркектің намысын, әйел сұлулығын бізге қарағанда мүлде басқаша түсінеді.
Үнді әйелдері үшін үйде қамалып отыра беру қиынға түспейді; қытай мандаринінің босқа
жылтырауы оның өзінен басқаның бәріне көңілсіз қойылым болып көрінеді. Адам
болмысына тән алуандылыққа орай қалыптасқан барлық дағдылардың мәнісі, жалпы
біздің осы жер шарындағы барлық құбылыстардың мәнісі осылай. Егер біздің адам
ұрпағының маңдайына мәңгі-бақи белгісіздік жолымен жетілгендік нүктесіне, адамзат
көріп-білмеген және қаншама жанкештілікпен еңбектеніп, азаптанғанымен жете алмайтын
нүктеге жақындай беруді тағдыр жазған болса, онда сіздер — қытайлар мен жапондар,
сіздер — ламалар мен брахмандар, сіздер бұл саяхатта кеменің едәуір тыныш бұрышында
отырсыздар. Сіздерді бұл жеткізбейтін нүкте алаңдатпайды, сіздер бұдан мыңдаған
жылдар бұрын қандай болсаңыздар, сол күйде қала бересіздер.
7. Табиғат адам ұрпағына қандай азаптар сыйласа да, өзі салған жараларды жеңілдететін
бальзам құюды да ешқашан ұмытпағанын ойлау адамзат тарихын зерттеушілерге
жұбаныш әкеледі. Адамзат үшін зор ауыртпалық саналатын азиялық деспотизм оны