Page 85 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
85
деп қорқамын. Мәселеге бұлай келуден мен ең маңызды деп есептеген нәрсе —
шындықты іздеу тыйылып қалатын болды. Ал материалды жинастырудың өзі
жинақталған информация тек қандай да бір деңгейге жеткеннен кейін ғана пайдалы
болады, одан асып кетсе, ол ұшы-қиыры жоқ бір нәрсеге айналады, демек, танып-түсіну
үшін мәнін жойып алады.
Жүйелеудің: алфавит бойынша, ғасырлар бойынша, елдер бойынша т.т. сияқты қарапайым
әдістері — сандарды жай арифметикалық жолмен бағаналап қосу интегралдың орнына
жүрмейтіні тәрізді материалды түсіну жөнінен ештеңе де бермейді. Бірақ іздестірсең,
тұйықтан шығудың жолы бар, ол жол — мәліметтердің жарыса бағынушылығы және
хабарлардың иерархиялығы (төменнен жоғары қарай бағыну тәртібі). Осындай жұмыстың
нәтижесінде эмпиризмдік жалпы қорытынды шығады, міне, мұндай қорытындыны В. И.
Вернадский анықтығы жөнінен нақты байқалған фактіге теңестірген . Оның пікірі
бойынша, біздің біліміміздің үйін тұрғызуға және түсінушілікпен жоғары көтеруге тек
өткен дәуір ғалымдары бастаған жұмысты одан әрі жалғастырып, солардың жолын қуу
арқылы ғана қол жеткізуге болады, бірақ бұл үшін олар істеп кеткен жұмысты
қайталаудың тіпті де қажеті жоқ. Осы орайда алға жаңа міндеттер қою мақсатқа әлдеқайда
сәйкестілеу, өйткені әрбір ұрпақ автордан байырғы ата-бабаларын емес, өздерін
толғандырған сұрақтарға жауап беруді талап етеді.
Бірақ бұрынғы авторлардың көп сөзділігінен және қандай да бір тезисті дәлелдеу үшін
қажетті әрі сол тезис дәлелденгеннен соң қажеті жоқ өзіңнің де көп сөзділігіңнен қалай
айналып өтуге болады? Міне, бұл үшін де әдіс бар: ол — жазықсыз жек көрінішті болған
— схема (үлгі) деген сөз.
Жаратылыстану және техникалық ғылымдарда схема кез келген құрылымның іргетасы
болып табылады, өйткені ол шығарманы жасауды да және тұтынушының, ал біздің
жағдайымызда оқырманның оны қабылдауын да жеңілдететін тәсіл ретінде танылады.
Схема — материалды мақсатты түрде талдап қорыту: ол зерттелуші пәннің көлеңке
түсірер майда-шүйдесін алып тастап, түпкі мәнін шолып шығуға мүмкіндік береді.
Схеманы ұғып алу оңай — демек, одан әрі ілгері жылжуға, яғни болжамдар белгілеп,
оларды тексеруді ұйымдастыруға әлі де күш-жігеріміз бар. Схема дегеніміз — жұмыстың
қаңқасы, бұл қаңқасыз ол денесі іркілдеген медузаға немесе омыртқасыз сауытты
моллюскіге айналып кетеді. Бұлардың соңғысы да өзіне лайықты орнын таба алады, бірақ
өкініштісі, ол қашанда тұйық оңашаланған, демек, схематикалық қорытындылаусыз
ғылымдардың бір-бірімен түйісуі мүмкін емес, ол тек қана ежелгі авторлар хабарлаған
мәліметтердің шынайылығын тексеру үшін қажетті түзету, толықтырулар бере алады.
Библиографияға қатысты жайттар болса, оны профессор Дьюла Моравчик құрастырған,
сондықтан мен бұған көңіл қоюшы оқырманға сол қалың кітапты қарап шықсын демекпін .
Алайда, осы тұста өзімнің филолог танысым менің ой-пікірлерім қызықсыз емес
болғанымен, ол еш нәрсемен дәлелденбегеніне назарымды аударды. Әуелінде мен қатты
таңғалып қалдым, ал өзім оның сөздерінің мәнін түсіне алған кезімде, бұл арада да оның
қатаң бір ізді екенін көрдім. Дәлел ретінде ол тек тексті атады, бірақ онда тіпті де қаралып
отырған сюжет жөніндегі ой-пікірлер емес, ал анық қисынды мазмұндалған мәліметтер
болған-ды. Әрине, мен онымен келіспедім. Себебі онда маған пірадар Иоанн «Үш
Индияны» басқарды деп сендіруге тура келер еді! Мұның орнына мен оған өзімнің, әрине,
шартты схемамды, кеңістікті-уақыттық негізге салып көруді, сөйтіп, фактілердің өздері
үшін өздері сөйлейтініне көзін жеткізуін ұсындым. Көрнекі болуы үшін бүкіл қажетті
нақты материал синхронизмдік кестеге жинақталған және мазмұндамасы бар төрт тарихи
карта жасалған, сөйтіп, бұл өзі кең тарихи панорама болып шықты. Мөлшерлі өлшемге
бастапқы мәліметтер емес, ал бұрындары «майда-шүйделерді» мұқият талдау нәтижесінде