Page 86 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
86
алынған бірінші кезекті қорытындылар қабылданды. Осылайша, пәнді тұтасымен шолуды
қамтамасыз ететін хабарлардың көнелілігі мен ауқымдылығы принциптері сақталды.
Санаудың ұсынылып отырған жүйесінде «дәлелденген жағдай» делініп өзіне ұқсас
бастапқы материалға түсініктеме (сноска) берілгендері емес, ал анық белгілі болған
фактілер мен логикаға қарама-қайшы келмейтіндері есептелінеді. Осындай принципке
сүйенетін қорытынды қаншалықты әдеттен тыс болғанымен, ол солай саналады. Алайда
жаратылыс тану ғылымдарының барлық өкілдері де тап осылай жұмыс істейді.
Дәлелдеме жасаудың мұндай өзі әдеттенбеген тәсіліне менің филолог танысым
қапаланбас деп сенем және де тіпті бейтараптылықтың кейбір сыңайын танытқан
жағдайда ол осы тәсілдің мақсатқа лайықтылығына әрі жемістілігіне көз жеткізе алатын да
сияқты.
Синхронизмдік кесте
Кестенің мақсаты — кітап текстінде дүниежүзілік тарихи жағдай ауқымынан суреттелген
оқиғаларды шолу үшін көрнекті құрал беру. Осы мақсат үшін ескі шартты — уақыттық
және кеңістіктік шарттарды талдап қорыту енгізілген. Он жылдықтар бойынша болу
тарихи процестердің барысы және бағыты жөнінде күңгірт түсініктер алуға мүмкіндік
береді; өзара көбірек жақындауы кезінде құбылмалылық, ал аз жақындауында —
қабылдаудың формасыздығы туады.
Еуразия құрлығы бес этно-мәдени аймаққа бөлінген. Олар зерттеліп отырған дәуір үшін
жаулап алушылық жорықтары ескеріліп, аздаған, бірақ өзін-өзі ақтайтын жол
берілушілікте географиялық аудандарымен бір-бірлеріне дәл үйлеседі. Тізіп шығу
шығыстан батысқа қарай мынадай тәртіппен алынған: Қытай, Тибет және Маньчжурия
құрамына енетін Қиыр Шығыс — муссон желімен дымқылданатын зона және қытай
мәдениеті мен буддалық пасихаттық аудандары. Ұлы дала — құрғақшылықты зона,
көшпелілік мәдениеті мен несториандық ауданы, Таяу Шығыс — субтропиктік зона,
мұсылмандық суперэтникалық мәдениет ауданы; Шығыс Еуропа — православие түріндегі
византийлік мәдениет кең тараған облыс; Батыс — мол циклонды дымқылдық пен
жылдық орта температура неғұрлым жоғары зонадағы феодалдық, католиктік, романо-
германдық мәдениет тұтастығы. Бұл көрсетілген орта ғасырлардағы бөлулерді
замандастары нақты деп санағандықтан да, біз үшін ол неғұрлым ыңғайлы. Шеткі
графаларда оқиғалардың неғұрлым толық аталып шығу мәлімділігі аз оқиғаларды
оқырманға орта мектеп оқулықтарынан таныс оқиғалармен «байланыстырып» беру
міндетін атқарады (келесі бетте басталатын кестелерден қараңыз).
Тарихи этнография
Орталық Азияның көшпелі халықтарының этногенез жөніндегі мәліметтерін
қорытындылаудың неғұрлым көркем жүйесі — этникалық орналасудың егжей-тегжейін
атап көрсету қажет болғанда, не тек Орталық Азияны қамтитын, ал егер Азиядағы
оқиғалардың барысы соның Еуропадағы жаңғырығымен байланысты болса, онда бүкіл
Еуразия құрлығын қамтитын схематикалық карталар.
Ұсынылып отырған схеманың басты міндеті Орталық Азияда VIII ғасырдан XIV ғасырға
дейін өткен этникалық өзгерулердің сипаты мен жүйелілігін анықтауда және Азия
тарихының жағдайында этникалық одақтастықтың құрылуында конфессиональдық
негіздің атқарар ролін белгілеуде болып отыр. Сондықтан схема-карталар, дәлірек айтсақ
— чертеж-сызбалар картада бейнеленген халықтар туралы және дәуірлердің арақатысы
туралы қажетті мәліметтер келтірілген мазмұндамамен жабдықталған. Сонымен, тарихи-