Қазақстанның ашық кітапханасы
84
аяғына дейін несториан хандықтарын Шыңғысхан монғолдары жаулап алғанға дейінгі
кезенді қарағанымыз жөн.
Мәселе шешімі табылған да тәрізді, алайда бір өкінішті жері, біздің жолымызда бөгет
болар тас жатыр: XII ғасырдағы несториан хандықтарының тарихы жөніндегі бастаулар
өте аз. Тек сөз арасында айтылған бірнеше кездейсоқ лебіз ғана сақталып қалған, оларға
қарап, оқиғалар барысын қалпына келтіріп, анықтап, түсіндіру мүмкін емес. Сол себепті
де бұл мәселе тарих ғылымында айтылмай қалған, бірақ біз тіпті саңылауы жоқ киын
тығырықтан шығатын жол табуға тырысып көреміз.
Біз «панорамалық» әдісті қолданамыз.«Ақтаңдаққа» дейін, кейін және оның төңірегінде
болған оқиғаларды түгел жинап, бір жүйеге түсіреміз, яғни 3,5 жақындауды көмекші тәсіл
ретінде қолданамыз; содан кейін анықталған фактілер негізінде; оқиғаларға қатысқан
кісілердің қимыл-әрекетіне себеп болған жайттарды тексереміз; бүл 4,5 жақындау болмақ.
Егер бұл кезге дейін қолданылмай келген осы әдісті қолданып, одан ешбір нәтиже шығара
алмасақ, сонда ғана лажсыз көнерміз. Бірақ, әйтеуір, табыстан үмітті болып тұрғанымызда
зерттеу ісін бастаймыз.
КЕҢІСТІКТІК — УАҚЫТТЫҚ ЖЕЛІ
Филологпен әңгіме
Тарих деген не? Ғылым ба? Иә, даусыз! Өнер ше? Әрине, өйткені ежелгі гректер тоғыз
муза арасынан Клионы ардақтаған. Философия ше? Монистік тәсілмен таныс барлық
адамдар үшін бұл жөнінде күмән болмауға тиіс. Бірақ осымен қатар тарих — кәсіп,
өйткені жемісті жұмыс істеуі үшін тарихшы шешілуі қиынға түсетін материалды өңдеудің
бірқатар таза техникалық әдістері мен тәсілдерінде «қолын жаттықтырып алуы» қажет.
Бұл орайда ол да өз кәсібін шеберлік дәрежесіне көтеретін мүсінші немесе суретші
сықылды.
Бейнелеу өнері және музыка училищелерінде, өкінішке орай, қоғамдық факультеттерде
көбінесе елене бермейтін бір жағдай жақсы ескеріледі. Ол — шәкірттің техникалық
тәсілдерді жеңілдікпен игеруі. Сурет салуға немесе рояльда ойнауға кез келген адамды
үйретуге болады деп есептелінеді, бірақ егер оқуын одан әрі жалғастыру қиынға соқса,
онда студентке өз қабілетіне лайық басқа оқуды тауып алуына ақыл-кеңес берген жақсы.
Бұл дұрыс та, өйткені егер әліппесі қиынға соқса, онда адамдарға қажетті асқан үлгілі
шығарма жасау оған қол жетпес дүниеге айналады. Сонымен міндет тарихтың түсінілуі
жеңіл іске айналуында болып отыр.
Осы бір қарапайым пікір маған көп уақытқа дейін даусыз дұрыс болып көрінді, бірақ
менің бұған кері жайттарға көз жеткізуіме тура келді. Мұның алдындағы тараудың бір
бөлігін жеке мақалалар ретінде жариялағанымнан кейін мен филологпен жолығып,
онымен ұзын сонар әңгімеге кірісіп кеттім. Көп тақырыптардың арасынан осында
баяндалып отырған тезиске тікелей қатысы бар бір тақырып туды. Филолог өзін
жұмыстың нәтижесі емес, ал сол жұмыс процесінің өзі қызықтыратынын және зерттеудің
мұраты деп ол жақсы құрастырылған библиографияны есептейтінін айтты. Ол өзінше
логика ережесін бұзған жоқ, бірақ алдына басқа мақсат — қиыншылықтарды жеңу және
қара бастың қамы үшін білімін молықтыру мақсатын қойды. Өз принципіне сүйене
отырып, ол ғылым қазынасына жаңа тексті, іс жүзінде бір детальді немесе аударма түрін
қосуды ең жоғары жетістікке санады.
Мәселеге бұлай келуді мен спорттық коллекционерлік, ал «қазынаны» — антиквариаттық
(сирек кездесетін кітаптарды сататын магазин) деп атағанымда қатты кеткен шығармын