Page 83 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
83
Алдыңғы жақындауда зерттеудің ең негізгі, түбірлі мақсаты ретінде қаралған дәуір
ая/фон/ болып қалады. Бірақ бұл да әлі шек емес.
Әлі № 5 жақындау да болуы мүмкін, онда көз алдыңда бір-ақ адам тұрады. Бір ғажабы осы
жақындауды жұрт жиі пайдаланады. Егер ол адам Пушкин болса — пушкинтану, егер
Шекспир болса — шекспиртану ғылымы келіп шығады. Бірақ бұл арада тарих
өмірбаяндық жанрмен табысып кетеді де, тарих болудан қалады. Тарихоскоптың шкаласы
осымен бітеді.
Шығарманың бас кезінде қойылған: пірәдар Иоан патшалығының тарихын Бүкіләлемдік
тарих аясынан қарағанда қалай түсіну керек? Қандай жақындау біздің міндетімізге сай
келеді және оны іске қалай қолдану керек деген сұрауға жауап беру үшін, бүкіләлемдік-
тарихи материалдарға талдау жасау, міне, қандай шешімге әкеліп соқты.
№ 1 жақындау мүлде пайдалануға келмейді, өйткені бізді қызықтыратын жүз жылдық
шетсіз-шексіз ұзақ қисық сызық бойында тек бір нүкте ғана болып көрінеді. Ал, өзіңізге
мәлім, нүктені сипаттау мүмкін емес, себебі оның кеңістікте орны бар болғанымен, түр-
пішіні жоқ нәрсе. Бұған қоса айтарымыз, бірінші жақындауға қолданатын әдістер,
мәселенки, бірінші қатардағы нәсілдердің (негроидтердің, европеоидтер мен
монголоидтардың) құрылуы, от тұтату сырын ашу, жазу-сызуды табу, металдарды
пайдалану т. б. өзімізді ынтызар етіп қойған, жалған сыбыстың пайда болуы сияқты
құбылыстар мүлде жараспайтын да жанаспайтын дәуірлер басын құрайды.
Енді № 2 жақындауға көшелік. Мұнда назар аударуға тұрарлық нәрселер бар. XII ғасырда
бір-біріне мүлде ұқсамайтын, тіпті ауыс-түйіс түрінде болса да, бір-бірімен алысып-
берісіп те ұқсас болғысы келмейтін әр түрлі мәдениеттердің ғажайып шатысып-бытысып
кеткені байқалады. Саяси жағынан ыдыраңқы Батыс Еуропа, өздерін «христиан әлемі» деп
атайды да, оны бірлескен, тұтас дүниеміз деп қабылдайды, оған бөлініп кеткен жікшіл
гректер мен орыстарды қоспайды. Ислам елдерінен де осынау суретті көреміз: саяси
ыдыраңқылық мәдени бірлікке мүлде бөгет жасамайды, олар өздерін «франктерге де»,
гректерге де, «дінсіз түріктерге де» қарсы қояды, олар венгрлер мен монғолдарды қосып,
Евразияның күллі көшпенділерін «дінсіз түріктер» деп түсінетін. XII ғасырда Қытай бір
орталыққа қарайтын, бірақ ол тангуттар патшалығы — Си Сяні және қидандар патшалығы
— Ляоны өздерінің бір уәлаяты деп қарайтын. Бұл нағыз дәлелсіз телушілік еді, өйткені
тангуттар көбінесе тибет мәдениетіне жақын болатын, ал қидандар көшпелі тұрмыстың
көп-көп дәстүрлерін сақтап қалған-ды, бірақ бүкіл әлемнің барша халықтарынан өздерінің
артық екеніне кәміл сенетін қытайлардың дүниеге көзқарасы, міне, осындай еді. Ал,
көшпелілердің өздері ше? Олар қытайланып кетпеген жерлерде немесе ислам дініне
кірмеген, немесе, мәселен, Венгриядағы сияқты, феодалдық-католиктік корольдік болып
кетпеген жерлерде, бұрынғы күйінде, өзімен өзі болып қала берді, жоғарыда айтылған
мәдениеттер секілді, саяси және тұрмыстық әр алуандық аясында өз бірлігін сезіп-түйсініп
жүре берді. Біздің тақырыбымызға бұл тек ая ғана: бірақ сурет, егер оның екінші планы,
әріге тартар алысы болмаса, сурет болып жарыта ма?
№ 3 жақындау кезінде біз керек затымызға таяп барамыз. Шартты түрде «византиялық
мәдениет» деп (өйткені «Византия» сөзінің өзі — шартты термин, өйткені орта ғасырдағы
Константинополь гректері өздерін ромейлерміз, яғни римдіктерміз деп атаған) атауға
болатын несториан дінін мәдениеттің айрықша бір тарауы ретінде басынан аяғына дейін
бір сүзіп шықсақ, ол бізге көп жайтты түсіндіреді, сонда біздің тақырыбымыз оның тек
құрамды бір бөлімі болып қана қалады, бірақ онда біз көңілімізді сөз етіп отырған
проблемадан алаң ететін өзге мәселені қоса көтеруіміз қажет болар еді. Сондықтан да № 4
жақындауға көшкеніміз, сөйтіп, бір ғана дәуірді — 1141 жылдан бастап 1218 жылдың