Қазақстанның ашық кітапханасы
82
Уақыттың тап осындай бөлегінде техникалық прогрестің болатынына күмән тумауға тиіс.
Ол әлеуметтік қарым-қатынас шеңберінен асып өтіп, жер беті бедерлерін антропогендік
тұрғыдан жаңғыртып, өзгертудің факторына айналды. Хайуанаттардың тұтас бір түрлері
құрып кетті және құрып жатыр, табиғи геобиоценоздарды ығыстырып, мәдени
өсімдіктердің, мәселен, бидай, картоп, кофе сияқты түрлері жайылып барады. Осынау
ырғақтарды зерттеп білу — бүкіл әлемдік-тарихи методиканың еншісі. Мәдени-тарихи
мектеп бұл заңдылықтарға келгенде дәрменсіз. Ол мұны тіпті байқамайды да, өйткені
оның ауқымы тым тараң.
Біз окулярімізді № 2 жақындау сызығына жылжытып қоялық. Серіппе бірден ғайып
болады да, оның ұзақтығы 5 мың жылдық бір-ақ бунағы қалады, сол бунақтың өзі түзу
сызық ретінде қабылданады. Бірақ осы сызық ұштары бір-бірінің тасасында қалып қоятын
әр түсті жіптерден өрілген сияқты болып көрінеді. Бұл — әлгі ғасырлар бойы Жер
планетасының бетінде қатар өмір сүріп, бір-бірін жиі-жиі алмастырып отыратын тарихи
мәдениеттер дегеніміздің өзі. Мәселен, базилевсылар қарулы жасақтарымен Трояны
қанталапайға салған кез — біздің жыл санауымызға дейінгі XII ғасыр — Эллада таңы
уақыт жағынан Мысыр күнінің батуымен, Ассирия патшалығының құдіреті қайтып
шағылып, Вавилонияның құлай бастауымен тұспа-тұс келді. Хош, біздің жыл
санауымыздың XII ғасырында алтын Византия жан тәсілім етіп жатқанда, франк
рыцарларының туы мен монғол батырларының байрағы жоғарылап шыға берді. XVII
ғасырда ортағасырлық Қытай ішкі дағдарыстан қажып, діңкелеген кезде, маньчжур
богдоханының тәж-тағы асқақтай көтеріліп, оның төңірегіне бүкіл Шығыс Азия топталды.
Осынау өрлеудің бәрі этногенез құбылысымен — бұрынғы ел-жұрттардың өзгеріп-
жаңғырып, жаңа хал ықтардың пайда болуымен тығыз байланысты еді. Бұл арада жалғыз
процесс туралы айтуға болмайды. Қайта, марғау дамитын әр алуан процестердің бір-
бірімен шатысып-бытысып кетуі байқалады: олар тез өрлеп, қысқа уақыт шың басында
шырқап бір қалыпта тұрады да, бірте-бірте құлдырай береді, кейде нақты бір этнос түп-
тұқиянымен құрып кетеді. Ибн Халдун мен Джан Баттиста Вико тап осы құбылыс туралы
айтып кеткен.
Тарихоскоптың окулярін № 3 жақындауға жылжыталық — сонда өзінін жас өспірім,
кемел шағын, қарттығын бастан өткеріп жатқан бір ғана мәдениетті көреміз. Біздің
алдымызға әлеуметтік күрес суреті келіп тұра қалады. Ежелгі Римде патрицийлер мен
плебейлердің, сосын — оптиматтар мен популярлардың, одан кейін — Сенат пен
легионерлердің күрес-тартысы жүріп жатты. Италияда бұл әуелі лангобардтардың
жергілікті халықпен күресі болды да, сосын құрамы қайта өзгеріп, гибеллиндер мен
гвельфтер айқасына, ақырында, итальян қалаларының өзара соғысына айналып кетті,
Монголияда бұл Шыңғысхан аламандарының керейттер, меркиттер мен найман
тайпалары көсемдеріне қарсы соғысы болды. Араб халифатында кайситтер мен келбиттер
бәсеке-таласының орнын Аббасидтердің Омайядтарға қарсы соғысы, сосын карматтардың
мұсылмандарға қарсы, ақырында, түріктердің қалған елдердің бәріне қарсы қырғын
соғысына айналып кетті. Бірақ мұнда әрбір мәдениет жеке-жеке көрінеді, ал қалғандары
түгелдей соның өз ырғағы емес, саяси тарихтың жеке оқиғаларын түсіндіретін оның аясы
болып шыға келеді.
№ 4 жақындау кезінде біз мәдениет тарихын тұтас нәрсе ретінде көрмейміз, тек жеке
дәуірді ғана көреміз. Әлеуметтік қайшылықтар бұлдыр, көмескі, ал жеке адамдардың
мінез-құлықтары мен тағдырлары анық та жарқын көрінеді. Сол кездері тарихшы,
Марийдің жүгенсіздігін, Сулланың темірдей ерік-жігерін, Помпейдің ұшқалақтығын,
Цезарьдің алды-артын ойлағыш, сақтығын, Антонийдің көрсеқызарлығы мен
Октавианның есепдан мәттәқамдығын сөз етеді. Идеяның тап өзінін алдамшы келетіні
белгілі болса да, тарих ұлы адамдар тартысатын майдан аланы секілденіп елестейді.