Қазақстанның ашық кітапханасы
81
бастаудан алса да бәрібір, фактіні анықтау, екіншіден, сол фактінің басқа фактілермен
байланысын табу, яғни оның оқиғалар тізбегіндегі орнын іздеп табу. Тек осыны ғана ол
ғылым-тарих деп есептеген, ал қалғандарын, яғни тарихнаманы әрқашан қажет бола
бермейтін көмекші нәрсе ретінде қараған.
Бір халықтың немесе елдің тарихын жазбай тұрып, әуелі оны өзің көруің керек, ал оған әр
қырынан қарауға болады: ұшқан құс биігінен, төбе үстінен, тышқан інінен қарауға
болады. Мұның әрқайсысында біз бірдеңені көреміз, бірдеңені байқамай қаламыз, ал бірақ
осынау үш деңгейден қарағанымызды біріктіре салу мүмкін емес. Демек, біз өзімізге тап
осы сәтте керегін алуымызға тура келеді.
Сонымен тарихи талдау ісіне, ең дұрысы, үш әдісті түгелдей қолданған, өйткені олардың
ешқайсысы да өзгесінен артық саналмайды, тек әрқайсысы әр түрлі сауалға жауап береді.
Бұл арада ұсынылып отырған әдіс кәдуілгі талдау, яғни тарихтың көмескі жерлерін
анықтауға қажетті «жіліктеу-бөлу», содан кейін зерттеудің әр түрлі әдістерінің нәтижелері
есептелетін синтезге көшуге қажетті «болу» болып табылады. Тек осы жолмен жүрсек
қана біз берілген схеманың тар шеңберінен шығамыз да, уақ-түйекті қуалап кетпейміз, ал
уақ-түйек төңірегінде түртінектеп жүріп алсақ, зерттеу өзегінен — Бүкіләлемдік тарих
ырғағының өзінен айрылып қаламыз.
Ал енді синтез туралы
Жұлдызды аспанды телескоппен бақылайды; әйел кескініне жай көзбен қарайды;
жәндіктерді — лупамен, су тамшысын — микроскоппен бақылайды. Ал біз тарихты қалай
бақылаймыз? Ащы да болса айтайық — пайдасыз айтыс-тартыстардың басым көпшілігі
тарихи процестерді жалғыз көзімен, мәселенки, 1000 есе кішірейтіп көргісі келсе, өзгелері
оны шамамен 850 есе үлкейтіп көргісі келеді, сонда олар аңқау көңілмен осылай етсек,
орта мөлшердегі іздегенімізге жетеміз ғой деп ойлайды. Әдістер, мектептер, тұрғылар
арасындағы сан ғасырлық айтыс-тартыстар т. б. осыдан шығып жатқан жоқ па? Біздің
қарауымызда тарихоскоп, жақындау дәрежесін сатылап көрсететін көлемді шкалалы аспап
бар екен делік. Окулярді № 1 жақындау (ең жалпы) сызығына қойып көрелік.
Біз орасан зор спираль-серіппені — тарихи даму жолын көреміз. Оның төменгі ұшы көк
сауыт мұзарттар пұшпақтарын көмкерген тұнжыр ормандар мен зіңгіттей-зіңгіттей қара
торы кісілер мамонт етін тас пышақтарымен боршалап, жіліктеп жатқан үңгірлер ішіне
барып жоғалады екен. Одан төменіректе серіппе бунақтары бұлдырап кетеді де, оның
жеке кесінділері қазынды адам түрлерімен: неандерталық, синантроп сияқты, табиғаттың
басқа да туындыларының нобайларымен бірге болар-болмас бұлдырайды. Серіппенің
жоғарғы ұшы болашаққа самғап кеткен, ол бізге адамның табиғатты толығынан жеңіп,
салтанат құратын кезеңіндей болып елестейді, бірақ мен оны сипаттап жатпаймын, ол істі
ғылыми-фантастикалық романдар авторларының үлесіне қалдырамын. Біздің жазба
тарихымыз — сол орасан зор серіппенің бір буыны ғана.
Оған алғаш жуықтаған сәтте біз жалпы адамзат дамуы заңдылығының үш тармағын:
демографиялық жарылысты, техникалық прогресс пен әлеуметтік-экономикалық
формациялардың алмасқанын байқаймыз. Соңғы мың жылда халық саны үдемелі түрде
өсіп келеді. Біздің дәуіріміз басталарда Жер бетіндегі халық саны 250 миллионнан 350
миллион адамға дейін жетеді деп есептелетін; 1000 жылы ол 275 млн. адам шамасында
болды; 1650 ж,— 545 млн. шамасында, 1800 ж,— 906 млн.ға жуық; 1900 ж,— 1,6 млрд;
1950 ж,— 2,517 млрд болды, ал 2000 ж. 6 млрд адамға жетуге тиіс. Және халық саны жер
жемістері мейлінше мол елдерде емес, қайта сол береке-байлық жетіспейтін елдерде
қауырт өсіп отыратыны байқалған . Бұдан цивилизацияның осу функциясы емес,
адамзаттың түр (биологиялық) есебіндегі өзіне тән имманенттік заңы анық көрінеді.