Page 80 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
80
Ал енді терминдерге (тендер мен әскер түрлерінің атаулары, топонимдер мен
этнонимдерге т. б.) келетін болсақ, егер тарихшының өзі, әр түрлі жеке сөздердің
этимологиясына емес, оқиғалар комплексіне сүйене отырып, мәселені өзі шешіп алмаса,
бұл сөздердің мәнісін ашу ісінде филолог оған ешбір көмек көрсете алмайды, өйткені әлгі
оқиғалар шоғырын сыпаттау үстінде осынау қиын сөздер әр түрлі үйлесімде кездесіп
отырады ғой. Міне, сол себепті де біз «Пірәдар Иоанның» проблемасын текстер мәселесі
емес, XII ғасырдағы тарихи ақиқаттың мәселесі деп қараймыз, ал бұл тарихи ақиқат үшін
шығыстағы христиан дінінің мәселесі, бір түрлі ерсі көрінсе де, шешуші мәселе болып
табылады.
Зерттеу жолдарын іздеу
«Тарихты» қалай жазу туралы мәселе әлі шешілмеген және ол ешқашанда шешілмейді. Ол
ол ма, тіпті оны шешудің де ешбір қажеті жоқ, өйткені бұл арада рецепт беру іске
пайдасынан гөрі зиянын көбірек тигізеді. Тарихтың белгілі бір кезеңімен айналысатын екі
замандас зерттеушінің оқиғаларды сипаттауы мен өмір құбылыстарын бағалау жөнінде
өзара толық келіскенімен, сол пәнді бірдей етіп баяндап шығуы мүлде мүмкін емес,
өйткені олардың әрқайсысы өздерінің ғылыми мақсат-мүдделеріне сәйкес сюжеттерге
көбірек көңіл бөледі. Оқырман алдында әр алуан қырынан, демек, мейлінше толық
көрінетін тарихи процесті объективті түрде білуге, міне, тап осы әр түрлілік себін тигізеді.
Тарихи хикаяның жанрын, стилі мен тілін автордың өз енбегін бағыштаған кісілер ғана:
маман ғалымдар тобы немесе зерттеу тақырыбына ынталы болып жүрген қалың
оқырмандар ғана анықтайды. Бірінші жағдайда шешуін автор ұсынатын күрделі мәселелер
дәйектілікпен талдануға тиіс; оқиғалар барысы мейлінше қысқартылады, өйткені ол
мамандарға әуелден белгілі, оның үстіне тілі тақ-тұқ құрғақ, іс тілі болуға керек, себебі
шешуші түйін мәселені дәлелдеуге және оның тарихын көрсетуге тәуелді. Шын мәнісінде
мұндай кітаптың үлкен мақаладан ешбір айырмасы жоқ.
Екінші жағдайда сілтемелер арқылы талдау жұмыстарының нәтижелеріне сүйене отырып,
автор тарихи синтезге коп көңіл бөледі.Тілге тиек болған мақалалардың дәйек-дәлелдерін
қайталау пайдалы емес, өйткені бұл оқырманды автор ойынын ауанын бақылап отыру
мүмкіндігінен айырады. Оқиғалардың дамуын баяндау айрықша маңыз алады, өйткені
телескоп фокусындағы секілді жалпы дәуірді тұтас пайымдау тек соған барып
шоғырланады. Оның тілі бейнелі де бедерлі, кейде эмоционалды да болғаны жөн.
Тіпті ең соңында үшінші тәсілді де — анықтамалық тәсілді де қолдануға болады.
Оқырмандарға, оның ішінде тарихшылардың өздеріне де тарихтың барша бөлімдері
бірдей жақсы таныс бола бермейді. XX ғасырда тарих ғылымының кеңге, тереңге жаппай
жайылып кеткені сондай, мәселенки, итальян жаңғыруының тарихшысы Индия мен Қытай
тарихына келгенде кібіртіктеп, тек білікті оқырман деңгейіне түсіп қалады. Бұл әсіресе
біздікі тәрізді сюжеттерді түзуге келгенде кісінің діңкесін құртады. Көшпеліні тану
жөнінде көптеген тілдерде мың сан арнаулы әдебиет бар, бірақ қажетті мәліметтерді керек
кезінде оп-оңай ала қоятын жалпы, жеңілдетілген жинақтар жоқ. Пайдалы білімді оңай
жолмен алу — зерттеудегі ең басты нәрсе, ол үнемделген күш-қайратты сол тақырыпты
жан-жақты ойластыруға жол ашады.
Баяғыда, бізден мың жылдай бұрын ең ақылды, тіпті кей сәттері алдыңа жан салмаған
тарихшылар хабарбасты болу мәселесімен шұғылданыпты. Осындай қиындықтан құтыла
алмаған Константин Багряновский: «Тарих материалдары туындап, кісі құшағына
сыймайтын және игере алмайтын межеге жетті; сол себепті жұмыстың мақсаты — көне де
жана жазушылардан алынған үзінділерді үйлестіріп біріктіру» деп жазған. Бұл сөзімен ол,
тегі, мынаны айтқысы келсе керек: оған ең маңызды нәрсе, біріншіден, автор оны қай