Page 7 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
7
жеке өкілдері Жер бетінде құдай туралы метафизикалық түсінікті игеру үшін өмір сүретін,
мұндай метафизикасыз — ал оның өзінің де әлдебір сөзге сүйеніп қана тұрмағанын кім
білсін — халық бірден варварлар мен жетілмеген адамдардың жоққа нанатын тобырына
айналатын жағдайды мүлде көзге елестете алмаймын. Егер жапон — ақылды, батыл,
шебер, пайдалы адам болса, езінің Буддасы мен Амидасы туралы не ойлайтынына
қарамастан, ол мәдениетті адам саналады. Егер ол сізді ертегі айтып сыйласа, сіз оған
басқасын айтып беріңіз, бітті, енді екеуіңіз бір-біріне алашағы-берешегі жоқ жандарсыз.
4. Тіпті, ғылыми мәдениеттің үздіксіз алға қадам басуының өзі де, әсіресе Ежелгі Шығыс
патшалықтарындағы түсінік тұрғысынан қарасақ, мемлекетте бәрі де жақсы дегенді
білдірмейді. Еуропада барлық ғалымдар көптеген ғасырлар бойындағы еңбектерге
құрылған өзара бір ерекше мемлекет болып отыр; бұл мемлекеттің тіршілігін Еуропа
державалары ортақ қаржымен және өзара қызғанышпен қолдап, ұстап отыр, бұл —
жасанды қолдау, өйткені біздің бәріміз ұмтылып жүрген ғылым шындары жалпыға бірдей
адамзат табиғатына ешқандай пайда әкелмейді. Бүкіл Еуропа — бір оқымысты империя,
ол, бір жағынан іштей жарыстың рухының арқасында, ал енді бір жағынан, соңғы
ғасырларда, әлемнің әр түрлі бөліктерінен тандап алынған көмекші құралдарының
арқасында, әлдебір жоғары кейіпке ие болды. Бұл тек ғалым адам ғана түсіне алатын және
тек мемлекет қайраткері ғана өзі үшін пайда табатын үрдіс еді. Сонымен, бірде білім
биігіне ұмтылғаннан кейін, біз бұл беталысымыздан қайта алмаймыз: біз жоғары
ғылымның, әмбебап танымның сағымын қуа жөнелеміз, - біз оған ешқашан жете
алмаймыз, алайда Еуропада қазіргі мемлекеттік құрылыс барында бұл мақсат біздің алға
ұмтылысымызды қолдап, жебеп отырады. Бірақ күштердің мұндай қақтығысын көрмеген
мемлекеттердегі жағдай бұдан мүлде басқаша болады. Өз тауларының тасасында
дөңгеленіп жатқан тұйық Қытай — барлық жағынан қоршалып оқшауланған, бірыңғай
империя, ал оның қаншама әр түрлі халық қоныстанған провинцияларының өзі ежелгі
мемлекеттік тәртіпке сәйкес құрылған, олар бір-бірімен бәсекелеспей, толығымен
орталыққа бағынады. Жапония — арал, ежелгі Британия секілді кез келген жат елдікті
жауындай қарсы алатын мемлекет; толқыны тулаған өзінің мұхитында, жартастардың
арасына қамалған бұл мемлекет өзі үшін өмір кешетін әлдебір әлем секілді. Тау жоталары
мен жабайы халықтар қоршаған Тибет те осындай; ғасырлар бойы зорлық-зомбылықтан,
ауыр езгіден ыңыранып жатқан, брахмандар орнатқан мемлекеттік құрылыс та солай.
Еуропада тік жартастың өзін тесіп шығып жатқан ғылым ағашының ұрығы мұндай
патшалықтарда өсіп-өне алар ма еді? Шығыс халықтары өздерін қоршаған саяси
тіршіліктің қауіпсіздігін алып қойып жатқан еуропалықтардың қауіпті қолдарынан бұл
ағаштың жемісін қабылдап ала қояр ма еді? Жыланның өзіне раушан гүлін әкелгенін
көрген ұлудың бірер тырбанып барып, үйшігіне кіріп алған соң, гүлге жиіркене қарап
жататыны да, міне, сондықтан. Шығыс ғалымдарының ғылымы өздері өмір сүретін
елдерге есептеліп жасалған, тіпті ең келіскіш иезуиттердің өзінен қытайлар тек өздері
өмір үшін ең қажетті санағандарын ғана үлгі етіп алды. Жағдайы шарасыз болғанда, сірә,
көбірек алар еді, бірақ адамдардың көпшілігі, әсіресе ірі мемлекеттер төзімді әрі тастай
берік келеді, ендеше қауіп көз алдына төніп келгенде ғана олар өз жүрісін өзгертеді,
сондықтан әдетте бәрі де бұрынғысынша қалып, ешқандай керемет те, құбылыс та бола
алмайды, бірақ бұл осы халық ғылымға қабілетсіз деген сөз емес. Мұнда тек қозғаушы
күштер жоқ, өйткені әрбір жаңа әрекеттің серіппесін ескі дағдының күші барлық
салмағымен баса жаныштап, қозғалтпай тастайды. Еуропа өзінің ең дәріптеулі өнер
санаттарын игеруге қаншама уақыт жұмсады десеңізші!
5.
Мемлекеттің тіршілігін оның өзіне қарап та, басқалармен салыстыру арқылы да
бағалауға болады; Еуропа мұның екеуін де қолдануға міндетті, ал азиялық державалар
үшін бір ғана әдіс бар. Өйткені бұл елдердің бірде-біреуі дүниенің басқа тұстарына