Page 76 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
76
жортады. Алайда Тигр дариясына жеткенде, кемесі болмағандықтан, одан өте алмайды да,
теріскейге қарай бет түзейді, ол жақта өзеннің қыста қатып қалатынын біледі. Бірақ онда
бірнеше жыл тұрса да, сақылдаған аязды көрмейді, сөйтіп, ауа райының жылы болуы
себебінен көкейіндегі мақсатына жете алмай, отанына қайтып кетуге мәжбүр болады,
оның үстіне ауа райының жайсыздығынан көптеген сарбаздарынан айрылады... Бұған
қоса, жұрт оның өзінің шыққан тегін ежелгі «әулиелер» әулетінен алатынын айтады (яғни
Вифлеем жұлдызы жалт етіп жанып, жаңа туған Иисусқа сый әкеліп тартты-мыс дейтін
тәураттағы әулиелер ғой баяғы).
Осы тектес хабарлар басқа да герман жылнамаларында да жарияланған. Тегі, бірінші
священник — патша жөніндегі хабарды өмірде бар нәрсе деп қарай бастаған секілді.
Аңызға жаңа хабарлар қосылып, катпарлана түседі: пірәдар Иоанның Византия
императоры Мануил Комнинге бейне бір араб тілінде жазылған хаты пайда болады, осы
хат кейін папа мен император Фридрих Барбаросса үшін латын тіліне аударылады. Оның
арабша түп нұсқасы сақталмаған, ал хат текстінің бізге жеткен нұсқасы мынадай
(қысқартылған):
«Патшалардың патшасы, әмірлердің әмірі, пірәдар Иоан, Құдауәнданың құдіретіне һәм
Билеушіміз Иисус Христостың хұкіметіне жүгініп, өзінің жан досы, Константинополь
князі Мануилдің, құдайтағаланың шарапатымен, сау-саламат, бақ-дәулетте болуын
тілейді...» .
Әрнеге аз да болса сынай қарайтын оқырман көңілінде осынау қаратпа сөздің өзі бірден
шүбә келтірер еді. Иоан өз вассалдарын (тәуелді) патшалар деп атайды да, тәуелсіз алдияр
Мануил Коминді — Константинополь князі дейді. Тап осылай ашықтан-ашық қадірлемей,
қорлау және жөн-жосықсыз қорлаудың аяғы одақтасу, достасумен емес, елшілік
қатынасты үзумен бітуге тиіс еді. Бірақ бұрмалаушы бетпақ, хат иесі өз аудиториясын
жақсы білген. Католиктік Батыста Византияның православный патшасын, жаңсақ та
болса, қорлау бесенеден белгілі бір нәрсе ретінде қабылданады да, хат текстіне ешбір
сенімсіздік тудырмайды, ал сондай бір сенімсіздік туғанда нұр үстіне нұр болар еді.
Одан әрі пірәдар Иоан өзінің «Үш Индия» деп аталатын мемлекетін сипаттай жөнеледі де,
астанасы мекендеген жерді Сузы деп атайды. Автордың географиядан ешбір хабары жоқ
екенін тек ежелгі географиялық әдебиеттен мүлде мақұрым қалған оқырман ғана байқамас
еді.
Константинопольдегі жұрттың мұндай келеңсіз өтірікті қаперіне де ілмегені, ал өзінің
бекерге басын қатырып жүргені XII ғасырдағы батысеуропалық оқырманның тіпті ойына
да келмегені түсінікті болса керек.
«Пірәдар Иоанның» өз патшалығындағы жан-жануарлардың бәрін, еуропалықтың көзімен
қарағанда, ең экзотикалық хайуанаттарынан бастап жазуды өзіне парыз санағаны кісі
назарын бірден аударады: «Пілдер, аруаналар, түйелер, Meta collinarum (?), Cametennus
(?), Tin-serete (?), қабыландар, орман есектері, ақ және қызыл арыстандар, ақ аюлар, ақ
мерландар (?), шегірткелер, бүркіт-арыстандар... мүйізді адамдар, жалғыз көзділер, алды-
артында да көзі бар адамдар, кентаврлар, фавилар, сатирлар, ергежейлілер, алыптар,
дәулер, құс-феникс, қойшы, әйтеуір, қара жерді мекендейтін мақұлықтардың түр-түрлері
түгелге жуық кездеседі...»
Автор бұл тізімді қайдан алған? Тек ортағасырлық фантастикадан алған, өйткені бұл жанр
ешқашанда өлмеген. Осыдан 500 жылдан аса уақыт бұрын бұндай далбасаға сенген және
соған ден қойған «Түп нұсқалы хатқа» басылған сөз құдіреті осындай, ал аталмыш хат тап
сондай болған. Міне, сол себепті де папа Александр III 1177 жылдың 27 қыркүйегінде