Page 74 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
74
мен Қазандағы одақтастарына төлеп тұру әлдеқайда тиімді болды. Бұл өзі сәті түскен
сирек жағдай еді.
Бір кездері Русьтің тұтастығын төрт ғасыр бойы бөлшектеген тарихи тағдыр енді
этникалық заңдылық үстемдігін жүргізе бастады. Россия XVIII ғасырда елдің байырғы
этникалық тұтастығын қалпына келтірді. Әрине, бұл жаңа негізде, күштерді жаңаша
орналастыру арқылы жүзеге асты. Осынау суперэтникалық тұтасу өз құшағына Куликово
шайқасына себепші болған Ұлы даланы құрамдас бөлігі ретінде енгізді. Бұл шайқаста ең
жоғалтқаны көп Россияның ұтқаны өзгеден анағұрлым көп еді. Оның алдынан өзіндік
этно-мәдениетінің өсіп-өркендеуі үшін даңғыл жол ашылды.
Орыстың жаңаша тұтасуы бұрын орыстарға қарамайтын территорияларды да қамтып
жатты. Василий II тұсында Москва әскері екі рет жорыққа шыққан соң Еділ сыртындағы
Чудьты бағындырып, Ақ теңіз жағалауына тұяқ іліктірді, Ал солтүстік монастырларын
салып үлгерген сенімі күшті православ монахтар орман жұртының Русьқа деген ынта-
ықыласын аударды. Сөйтіп, орман жұртының басым бөлігі бірте-бірте суперэтносқа
ұласып бара жатқан этносқа өзінен-өзі кіріге берді.
Осылайша, өмір өтіп жатты. Куликово шайқасында жеңіп шығу үшін жасаған орыстардың
тарихи таңдауы Ұлы даланың да тарихи таңдау жасауына көмектесіп, ұлы Россияның
пайдасына шешілді. Ал қазақтардың, ноғайлардың, сібір татарларының ата-бабалары
тұрмыс-тіршілікте далалықтар болып қала берді. Олар Россия сияқты құдіретті қорғанға
арқа сүйей отырып, солар арқылы сыртқы өмірімен байланыс жасай отырып, өздерінің
өмір салтын сақтап қалу үшін күресті. Куликово шайқасынан соң сенімді серпін танытқан
Россия Еуразия дамуының тізгінін қолына алды. Дәл XVIII ғасырдың соңында Пушкиннің
көз алдында тарихи күрес аяқталған.
Сөйтіп, Днестрден Тынық мұхитқа дейінгі аралықтағы Ұлы даланың халықтарын өз
құрамына қосып алған Россия өзінің тарихи таңдауын жүзеге асырды. Ұлы Дала
Россиямен берекелі де баянды бірлік құрды, бұл одаққа Еуразияның басқа да халықтары
қосылды. Мұнан әрі орыстар мен далалықтар екі рет Отан соғысында тізе қоса шайқасты.
Куликово ұрысынан кейін 6 ғасыр өтсе де, содан бергі жүріп өткен жол біртұтас
болғандықтан да қымбат. Куликово шайқасы біздерді 1814 жылы Парижге, ал 1945 жылы
Берлинге бастап келді.
Тәржімалаған
Ақселеу Сейдімбек
Л.H. Гумилев
ҚИЯЛ ПАТШАЛЫҒЫН ІЗДЕУ
ФИЛОЛОГИЯНЫ ИГЕРУ
Кітап оқу туралы
Кісіде бір пәнге ынта-ықылас пайда болған кездері ол жөніндегі нәрсенің бәрін де: оның
өзінің не екенін, айналасын қоршаған дүниемен байланысы қандай және оның — менің
өзім мен замандастарым үшін нендей мән-маңызы бар — соның бәрін түгел білгің келеді,
ол үшін ең алдымен кітап іздейсің, сонда осының бәрі жазылған бір кітапты табуға
ынтызар боласың. Соны оқып шыққаннан кейін, көңілің бір байыз табады ғой деп
үміттенесің де, қашан білмекке құмарлықтың дию перісі қайтадан жаныңды жегідей жеп
мазалағанға дейін, кезекті іспен айналысып жүре бересің.