Қазақстанның ашық кітапханасы
72
еңсесі биік тұлғасы XVI, XVII, XVIII, және XIX ғасырларда жат жұрттықтармен болған
күресте бір сәт төмендеген емес.
Мамай болса өз әскерінің жуан ортасымен Митяйды ары-бері шайқалақтатып қойды,
өйткені оның да қалағаны тыныс алу болатын. Ал оның жауы Тоқтамыс Еділ сыртында
төніп тұрды. Тәуекелшіл әрекетті бастаушы Сергей мен ықпалы күшті діни атағы бар
топтар болды. 1370 жылдардағы қастандық пен түнек катар торлаған Москваның бірлігін
сол кездің адамдарынша елестетудің өзі қиын-ау. Литва әскері Москваға тұяқ іліктіріп,
оны екі рет қоршауға алды. Калуганы, Дорогобужды, Вязьманы (байқаған шығарсыз,
қандай атаулар екенін) бағындырып, Ока өзенін ары-бері малшылай кешіп жүрді.
Москвадағы діни топтардың оппортунис бөліктері, униаттармен сыбайластық, Орда,
Хивон Ордені және Генуя — міне, мұның барлығы да аямас дұшпандар болатын. Русь 160
жыл бұрынғы, 1240 жылғы Александр Невскийдің тұсындағыдай темір құрсауда қалды.
Тіптен, Русьтің Батыс Еуропа жағынан ұлы державашыл Литваға, немесе оңтүстігінде
Генуяның сауда экспонсионизміне отар болып шыға келуі айдан анық еді.
Цивилизацияшыл-латындардың, көпестер мен кресшілердің ойынша, православтар әлі
жабайы, монғолдар мен жүзі қаралардан да өткен жаман, өз дегені болмаса, көнбейтін
тоңмойындар, жолдан тайғандар еді. 1204 жылы Ұрым астанасы Стамбулдағы
(Константинополь) жолдан тайғандарға селтең-серілердің (рыцарь) не көрсеткендерін еске
түсіріңізші.
Біздің Ұлы Россиядағы бабаларымыз Польшадағы украиндар мен белорустар сияқты,
өздерінің рухани көсемі жоқ, езілген этникалық тобырдың кебін киетін еді ғой? Сөз жоқ,
бұған бір-ақ табан қалған. Ал тыныштық тілеген жұрт қаншама еді десеңізші, олар сауда-
саттық пен су жолдары қыспаққа алған кезде Литва патшалығының сенімді қамқорлығын
сағалағысы келді. Батыс орыстары солай етіп те алған-ды. Ұтылғандары болмашы бірдеңе
— қайдағы бір идеологиядағы дау-дамай ғана.
Дегенмен құдіретті құрсаудан сытылып шығудың сәті түсті. Мариуполь түбінде Тоқтамыс
хан мен Мамайды тас-талқан етіп, тоз-тозын шығара тентіретіп жіберді. Мамай өзінің
одақтас генуялықтарына тығылған жерінде, қарызға ақша беретін сол одақтастарының
қолынан қазаға ұшырады. Бұл осымен тынсын.
Орыс жаралыларын қырып үлгергенімен, Ягайло да жайына кетті. Москваның батыс
шекарасының тынысы кеңіп сала берді, Ягайло Польшамен арадағы байланысын нығайту
үшін өз қотанына оралған. Арада жүз жыл өткенде Вильна төндірген қауіп біржолата
сейілді. Тек қана 1600 жылы дәл осы шекараны басып өтіп, жат жұрттықтардың Москваға
кіргені еске түседі.
Сонымен, қансырай жараланған құбыжық-химера көз жұмды. Соңғы соққыны берген —
орта ғасыр исламының қолшоқпары, Еділ бойын отқа ораған Темір болды.
Енді Алтын Орданың не күйге түскенін айту қажет пе? Меніңше, оның сабақ болар
сергелдеңі бар сияқты. Темір Тоқтамысты да талқандады. Алтын Орданың орнында Көк
Орда, дәлірек айтсақ, даланың отау ордасы пайда болды. Көшпелілер үшін ақ түске
қарағанда көк түстің қадірі аздау. Көшпенділердің Көк Ордасы байтақ болғанымен
берекесіз еді. Этногенездің әп дегендегі буырқанған бұл күші бұл кезде сарқылып біткен.
Сарайдың орыстанған хандары Литваны жақтайтын хандармен ауыстырылып жатты. Сол
хандардың бәрінде де бұрынғы дала тарландары сияқты тегеурін болмайтын. Оның орнын
авантюристер, құбыжық-химераның тұрақсыз тозаңдары, кім-көрінгеннің табанын
жалайтын жандайшаптар басты.