Қазақстанның ашық кітапханасы
71
Тверь, Ярославль, Углич, Нижний Новгород қалалары, тіптен бұл күндері көзге ілікпейтін
Зернигород, Старицалар XIV ғасырда-ақ, Италиядағы қолөнер қорғандары секілді, өз
ішінің тәртібін орнықтыра бастады. Ұқсас болғандықтан бұлай салғастырудың айып-
шамы жоқ. Біздің қалаларымызда патрициаттың ролін әлі де болса Москва кнәздерінің
тізесі батып кермеген көпестер ойнады. Осындайда еске түседі, әлгі қалалардың кнәздерін
«Орыс Медичиі» деп атаған бір сәтті теңеу бар.
Ал Москваның жөні бөлек болатын, мұнда жоғарыда айтқанымыздай, толып жатқан
шоқынды татарлар, православ литвалықтар, Ұрымның қашқын гректері және шет
аймақтан келген, қабілет-дарыны кеудесіне симай жүрген жауынгер орыс адамдары бар
еді. Бұлардың бәрі де XIV ғасырдың орта тұсына қарай бір-бірімен оп-оңай араласып
кетті, ол XV ғасырда, Еуропа назарын 1480 жылдары бірден өзіне аударып «москвичтер»
атанған, жана дәстүрі бар жаңа этникалық тұтастық құрды.
Москва кнәздігінің де әлеуметтік құрылысы өзге жұртқа ұқсас болатын. Алайда батыл да
буырқана екпіндеген Москва алдында көне орыс этносының өкілдері тосыла берді. Бұл
процестің ізі жаңа тәртіпке бас игісі келмей су түбіне кеткен Китеж қаласы туралы
айтылатын жүрек тербер аңызда айқын көрініс тапқан. Сөз орайында еске түседі, дәл осы
сияқты, Литваның жаңа тәртібінен шегінген көне мәжусилік Жмудь те «су түбіне» кеткен
болатын.
Осынау жаңа жағдайды, өзгеше дәуірді, тарихтың жаңадан бастау алғанын замандастары
да сезінген. Олар өздерінің тегін бірінші болып белгілеген Москва патшасы Иван
Калитадан бастады. Тіптен, Киев пен Владимирге катысты кезеңдерді жоққа шығарып,
оған тарихтың алдындағы нышан сияқты қарады. Бұлары шындық та еді. Тарихшылар
өткен өмір адамдарының көрген құқайына сене бермейді, тап бір кейін өмір сүргені үшін
ақылдырақпыз деп ойлайтын болуы керек. Ал сол ғасырдағы орыстардың аузынан
түспеген жаңа патшалардың шежіре тізбегі жаңа дәстүрдің бастауы екенін тек
мойындауымыз керек. Бұл өз тұлғасын түңғыш рет Куликово даласында көрсеткен, кейін
орыстың сан ғасырлық тарихында орыс әскерін жеңістен-жеңіске жеткізген дәстүр
болатын.
Қайталап айту керек, Куликово шайқасын ұлттық реакцияның татарларды қыспаққа алуы
деп қараудың еш қисыны. жоқ. Демек, жергілікті орыс субэтносының этногенезі негізінде
әлеуметтік-саяси топтасудың болғаны, ұлттық күрестің болғаны айқын көрініп тұр.
Владимирдің, Тверьдің, Рязаньнің, Псковтың орыс суперэтникалық бірлестігіне айналуы
— Алтын Орданың Вяткадағы, Камадағы, Еділдегі, Дондағы мұрагерлерінің сол
суперэтникалық бірлестікке тартылуымен пара-пар еді. Бұл — Россияның біртұтас тұлғаға
айналуы болатын. Москва болса, өзі де кейін Россияның біртұтас тұлғасына кірігіп кету
үшін жаңағы төңірегіндегілердің барлығын өз құшағына жинай берді. Енді XV-XVIII
ғасырларға қарай айрықша көрініс тапқан күштің тоқырағаны дұрыс па, жоқ әлде
топтасқаны жөн бе, ол өзінен-өзі түсінікті мәселе. Алайда осынау жолдың бойында
басына «бұршақ» жауған пақырыңыз Мамай еді.
Соғысқа бет бұрған орыстардың Шығыс Еуропа халықтары суперэтносының топтасуына
қосылғысы келмегені өзінен-өзі белгілі. Олардың ойлағаны бұл емес-ті. Бірақ, өлімнен де
суық бір жағдай жанын жегідей жеген. Жауынгерлер құрмет-қолпаш пен жорық, олжасын
да қаперіне ілген жоқ. Оларға дем беру үшін Сергей Радонежскийдің батасы жеткілікті
еді. Бұл өзі, күш-қуаты мен әсер-ықпалы айырықша жан екені соншалық — оған күдік-
күмәнсіз, ойланбастан сене беретін. Орыстың православиелік этнопсихологиялық
үстемдігін құрғаны, жеңіс жолын, нұсқаған, өмір бойы қолпаш дәметпей-ақ Отанға
кызмет етуді қалыптастырған осы бір атпал азамат болатын. Бір ғажабы — елдің осынау