Page 69 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
69
қашқан. Құтылғандары, әрине, генуяның жаяу әскері емес, астындағы аты әлділері ғана.
Аттың жалында өскен халықтың тәжірибесіне тән тегеурінді соққы айта қаларлықтай еді.
Бұл сияқты техникалық соққылар ғасырлар бойы дала төсінде шындалған. Ал кейін XVIII,
XIX ғасырларда, драгун тактикасы сияқты, орыстың атты гвардиялық полктарында одан
әрі жетілдірілді.
Осынау ұрыста орыстар жағының жеңгені, кейін ашық айқасқа түскен соғыстардың бірде-
бірінде жеңіліп көрмеген ұлы орыс армиясының осы шайқаста дүниеге келгені жүрекке
қуаныш ұялатады. Мен сүйкімді Олег Рязанскийдің сатқын болмағанына қуанамын. Ал
Москва жылнамасы бойынша ол сатқын еді. Кнәзді жабылған жаладан ақтап шыққан
тарихшыға рахмет. Бақсақ, литвалықтарды бөгеген дала соғысының тәжірибесін
арқалаған азғантай ғана рязандықтар екен.
Мен жуха да жексұрын Ягайланың 80 мың әскері іргеде тұрып құрылыс алаңына
келмегеніне де қуанамын. Ягайланы тәуекелге бастатпай, тыпыр еткізбеген себеп —
рязандықтардың тылдағы толқуға жасаған тосқауылы еді. Түптеп келгенде, одақтас
Мамай мен Ягайланың күші Дмитрий Московскийдің күшінен екі есе басым болатын.
Литвалықтардың есе қайтарған түрі сол — кейін орыстардың ізіне түсіп, арбамен алып
келе жатқан жаралыларын қынадай қырып кетті.
Сөйтіп, құбыжық-химераның қарыны жарылды. Оның түбіне жеткен Куликово шайқасы
болды. Мұнан әрі Темірдің әрекетіне тап болған Алтын Орда алапат ауқымда талауға
түсті. Бұл, әрине, анау-мынау емес, байтақ мұсылман әлемін көріп қайтқан, Темірдің тіс
қаққан әскерінің жеңісі болатын. Енді мынаны елестетіп көріңіз, Русьтің қарапайым
адамдары жорыққа шығар алдында қандай қорқынышты бастан кешті десеңізші. Олар
басым көпшілігінің, тіптен бәрінің де қайтып оралмайтынын білді, біле тұрып жорыққа
аттанды. Сол 150 мыңнан кайтып оралғаны отыз-ақ.
Арада екі жыл өткенде Тоқтамыс Москваны қарсылықсыз басып алып, Дмитрийді алым-
салық төлеп тұруға тағы да мәжбүр етті. Бірақ бұл жолғы алым-салық та, бұл жолғы
жағдай да басқаша болатын. 1380 жылғы соғыстан соң өз алдына ел болып, енсе көтерген
Русь пен оның мәдениеті тарихтың салқар жолына түскен, XIII ғасыр демей-ақ қояйық, ал
XIV ғасырда орыстар ешкімге еліктеп-солықтамай-ақ өздерінің ар өмірімен арқа сүйер
дос, ақыл берер ұстаз тауып, өз бойындағы бұла күшті сезіне бастады. Сол үшін де олар
өздерінен күші басым қарсыластарымен майданға шықты.
Біз шайқастың хронологиялық аясынан шықпауға келіскен болатынбыз, қиын да болса сол
уәдеде тұруға тырысып көрелік, Қасірет пен қуаныш сыйлаған сұрапыл соғыстан соң
Москва Русі ұлы ел болып шыға келді. Бұл қалай? Соғыстан кейінгі жағдайға зер салып
көрелік! Бір ұрпақ алмаспай жатып-ақ Россия ұлттық, күш-қуат пен ұлттық сана-сезімді
орнықтырып үлгерді, бұл дегеніңіз абыройдың аспандағаны еді.
Ұлы шайқас болған соң бар-жоғы 15 жылдан кейін 1396 жылы Темір Дон даласында төбе
көрсетті, Елецті басып алды. Бірақ одан әрі аттап басқан жоқ. Не себепті? Стратегия ма?
Ішкі есеп пе? Жоқ, әлде маневр жасау ма? Атамаңыз, ешқайсысы да емес! Ол сақтанған
болатын. Қалаларға атой салып кіруден тартынды, себебі сексенінші жылдың жүзі
жігерлендірген балалар, арада 15 жыл өткен бұл кезде соқталдай жігіт болатын, соларға
қымбат жауынгерлерін шығындатқысы келмеді.
Егер тең түспеген әскери шайқас адамдардың тағдырын, олардың болашағының
көкжиегін түбірінен өзгерткен болса, онда Москва мен оның айналасындағы алакөз
кнәздіктер не күйде еді? Осыған назар аударып көрелік. Осы орайда Москва Русіндегі
адамның көзімен қарар болсақ, онда шайқасты да, оның зардабын да жөндеп көрер едік.