Қазақстанның ашық кітапханасы
66
қана өшпенділік, тек қана қынадай қыратын соғыс болатын. Бұл тарихтың тағылымы:
«франктар» (батысеуропалықтар) мен сарациндердің, испандар мен маврлардың,
католиктер мен православиелердің, американдықтар мен үнділердің арасындағы
өшпенділік те суперэтникалық нысананың мәмлеге келмес мінезінен туындаған. Бұл
дегеніңіз ХІV ғасырдағы біздің жылнамашымыз жазғандай — жат жұрттықты көргенде
«жаным мұрнымның ұшына келіп, тамағымнан ас өтпей қалды» дегендей гәп қой.
Асылы, қандай жағдайда да адамдар өзінін жан-жүрегі қалайтын шындықтан көз
жазбаған. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы орыс сөздігінде басурмандар деп — кәдуелгі қаны
сорғалаған Қазан жорығы кезіндегі, 1350 жылдары басталатын суперэтностар жіктелуінің
перзенті, «дінсіз агаряндарды» атаған. Дұшпандар — басурмандар мен агаряндар
болатын, ал XVII, XVIII, XIX ғасырларда Еділ бойында, Қара теңіз жағалауында, Сібірде
орыстардың шекаралық қызметін атқарған мәжусилер дұшпан емес еді.
Сондықтан да, 1370 жылдардың өзінде-ақ Русьпен ен алдымен атқұйрығын кесіскен
Мамай болатын. Өзбек саясатының жемісін жинаушы да дәл осы түмен басы Мамай еді.
Оны хан деп атау қате.
Сарайға хан тұрақтамайтын болды, 20 жылда 20 хан ауысты. Осынау шет-шегі жоқ
шырғалаңда Мамайдың не істеуі керек еді? Хан тағына ол отырып көрген емес, отыра да
алмайтын. Ол пешенесіне жазылған әскери қолбасшылықты бойына құт санауы керек
болды. Өйткені империяның батыс шекарасына жіберілген Мамайдың көтерілер қызметі
де сол еді. Ал мұнда келген соң монғолдарға емес, Дон бойының шашырап кеткен әскері
половшылар мен аландарға қолбасшылық етті. Сондықтан да ол ешкімге сене алмайтын,
ақыры сол сене алмаушылықтың сазайын тартты да. Алайда, кез-келген зорлықшыл
сияқты, оған керегі ақша ғана еді. Ондай ақшаны Генуяның қалтасы қалың көпестері
төлеп тұрды. Мамай болса олардың құл саудасымен айналысуына, жабдықтап тұруына,
алып сатуына алдын ала шектен тыс ерік беріп қойды. Ал генуя ақшасына жалдамалы
ястар мен косогтарды (черкестер мен осетиндер) сатып алып отырды.
Қысқасы, Мамай Ордасы Жошы ұлысындағы үстемдіктен дәмелі еді. Сондықтан да
осынау катерлі кезеңнің өзінде тәуелсіз бейбіт өмірді қалайтын орыстармен тіл табысуға
түмен басы тырысып-ақ бақты.
Сол Алтын Ордада ол темірдей тәртіп орнатып, далалық татарлық емес, өзінің ғана
айтқанын істеп, айдауына көнетін адамды хан тағына отырғызуды қалайтын. Сонсоң
православие ошағына соғыс отын тастауды, сөйтіп өз үстемдігінің өмірін ұзартуға қажет
Москвадағы дәулетті иеленуді ойлады.
Бірақ дәл сол шығыс татарларының ортасында Мамай өз саясатының қарсыластарына
ұшырасты. Қарсылық көрсетушілерді бастаушы көшпелі Ақ Орданың ханы Тоқтамыс еді.
Бұл Орда, жоғарыда айтқанымыздай, бүгінгі Қазақстан жерінде пайда болды. Татарлар
өзінен-өзі орыстармен — Москва ұйтқы болып отырған, патриоттық сезімі оянған
орыстармен одақтасты. Себебі Русьта шіркеу екеш шіркеуге дейін жіктелген кез еді ғой.
Сергей Радонежский Мамайдың барып тұрған қызылкөз қарсыласы болды. Ал кейін
Донской деп аталатын ұлы кнәз Дмитрийдің діни ұстазы құдай жолын қуған Митяй
Мамайдың досы еді. Тұрлаусыз, арам ниетті Мамайдың тағдыры осылайша шырмауға
түсті. Ол шытырман сезім жанын жегідей жеген бақытсыз болатын. Алайда, жалғыз ол
емес, бүткіл Алтын Орданың бақыты басынан ауа бастаған. Ғылыми тілмен айтсақ, XIҮ
ғасырдың екінші жартысына қарай Алтын Орда химера сияқты құбыжыққа айналған.
Құбыжық-химера дегеніміз не? Мен бұл терминді зорлықпен қосылған екі немесе одан да
көп этностардың үйлесім таппай, суперэтностың қабырғасын қайыстырып, әлеуметтік