Page 65 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
65
соқты. Мұның өзі суперэтникалық ауқымда мәдениет арналарын өзгертті, адамдардың
мінез-құлқынан бастап өмір салтының алуан қырларына дейін басқаша жүйелерге түсті.
Жермен кіндігі Русь пен далалық көшпелілердің жағдайын қаперіне де ілмеген Өзбек Еділ
бойындағы байлыққа бөккен қалалардың қалталы көпестеріне, сондай-ақ Иран мен
Хорезмге қармақ тастады. Дала төсінде дүниеге келген хан Орда басында мұсылман
сұлтаны болып шыға келді. Ал діндар қауым ханның опасыздарға бықпырттай тиюін
қадала талап етті. Бұл дегеніңіз елеулі өзгеріс еді. Еділдің төменгі сағасы Осман
империясының кебін киді. Былайша айтқанда, Орда мен Русь одағы сырт көзге қауқайып
тұрғанымен, іштей екі жағы да егеске түсіп, адамдары араздасар сылтауға сүрініп-
жығылып жүрген.
Өзбек артына қамалды қалалар қалдырған жақсы әкім еді дейтін сөз бар. Тіптен, орыс
жылнамашысының өзі әзіл-қалжыңсыз оны әділ төреші деп атады. Алайда, оның әкім
ретіндегі даналығы мен талантында біздің жұмысымыз қанша! Ол мүлдем басқа
мәдениеттің өкілі болатын. Оның тұсында 30 жыл бұрынғы жүгенсіздік қайтадан етек
алды. Жүгенсіздік ханның өзінен және туысқандарынан өрбіп отырды. Өзбектің бүкіл
Тверь әйелдерін қорлап біткен Чолхан (Шелкан) есімді немере інісі болған. Орыс
жылнамаларында Желкан Дздентьевичтің әрекеті қасірет күйіндей болып жазылады. Сол
Чолханның күйеу бал асы Юрий Московскийдің азғыруымен Тверь қиратылып, орыс
тарихындағы ең бір аяулы тұлға Михаил Тверский өлтіріледі.
Осынау ширыққан жағдай 1341 жылға дейін созылды — тағдырдың жазуындай болып
шығыс еуропадағы үш бірдей орталықтың билеушілері бір жылда дүние салды. Олар:
Литвадағы Гедимин, Сарайдағы Өзбек, Москвадағы Иван Калита еді. Мұнан әрі, жек
көрушілік пен дұшпандықтың бұлты жаңадан торлай бастағаны елдің бәріне белгілі
болды. Алайда жанадан хан болған Жәнібектің тұсында 1342-56 жылдары күтпеген
жерден орыс-монғол қарым-қатынасы реттеле бастады.
Жәнібек бейбітшілікті сүйетін. Ол өзінің төңірегіне бірнеше жыл бойы өнер-білім мен
өнегелі идеяларға ұйытқы болатын адамдарды жинады. Ханның қол астындағылар да
еркін тыныстайтын болды. Енді орыс кнәздері Өзбектің тұсындағыдай ойда жоқта дар
тұзағына түсіп қалу қаупін ұмытып, Сарайға аттанарда өсиет жазып қалдыратын әдеттерін
де қойды. Тұтастай алып қарағанда сараймен арадағы ынтымақтастық Русьтың пайдасына
шешілді. Бұған қоса, Жәнібектің әйелі, Тайдулланы әз болып қалудан құтқарған Алексей
митрополит орыстар үшін мықты қорған еді. Орта ғасырда әміршінің үстіне еркін кіре
алатын емшінің жайын елестету қиын бола қоймас. Оның үстіне Тайдулла да алысты
болжай алатын әділ ханша болатын.
Алайда, Жәнібек уытын ішіне жинап жүреді екен. Оны 1356 жылы Иранға жорыққа
аттанған сапарында туған баласы Бердібек бауыздап өлтірді.
Мұнан әрі екі-үш жылдай ғана кібіртіктеу болғанымен, енді көршісімен арадағы жағдайды
айқындап алуға Орда түбегейлі ден қойған еді. 1359 жылы Батыйдың әке өлтіргіш ұрпағы
сансыраған шақта, «Ұлы тоқырау» басталды. Алтын Ордада 20 жыл бойы Қырым мен
Бессарабиядан бастап Ертіс пен Түменге дейінгі аралықта тұтас рулар судай
сапырылысып, астанада қанқасып айқас жүріп жатты. Міне, христиандар сонда ғана
аңқаулығы ақиқатты ұмыттырған «жексұрын» («поганый») мәжусиліктермен емес,
«бесурмандармен» айқасқа шықты.
Христиандар мен «басурмандар» суперэтникалық тұтастықтың бәсекелес өкілдері.
Мұндағы адамдар тек бір-бірімен қырқысуды ғана білетін, олардың арасында сыйластық-
сүйіспеншілік деген болған емес, болуы да мүмкін емес еді. Пешенелеріне жазылған тек