Page 64 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
64
ұлысының ішіндегі қоныс екен деп немесе сол қонысты шиырлай көшіп-қонған бір-біріне
жат рулар екен деп түсінбеу керек. Керісінше, Алтын Орданың өзіндік географиялық,
мемлекеттік шекарасы, саяси ұйымдары болған.
Шыңғысханның қос немересі — Батый мен Беркеден тарайтын ұрпақтар Алтын Орданың
астанасы — Сарайдағы такты бірінен соң бірі иемденіп жатты. Ұлысы көшпелі
болғандықтан да, Алтын Орда ханы орыс кнәздерінің басым көпшілігіне арқа сүйеп
отырды. Жай арка сүйеу емес, орыс федерациясы кнәздіктеріне председательдік етті.
Менің сөзіме күмәндарыңыз болмасын, қол астындағылардың ұлтында көшпелілердің
ешқандай шаруасы болған емес. Мен 45 жыл бойы көшпелілер құрылысымен айналысып
келемін, осы аралықтағы мен зер салған 2000 жылдық тарихтың өң бойында көшпелілер
қол астындағылардың түр-түсін, тілін шам көрген жағдай болса, оның айдап салушылары
өз қылмысының жымын білдіргісі келмейтін кеңкелес өкімдер мен алып-сатарлар болып
отырған.
XIV ғасыр басында көшпелілердің суперэтносы Ұлы ұлыс, дәлірек айтсақ, Тынық
мұхиттан бастап Карпатқа дейін созылған байтақ монгол державасы ыдырай бастады. Бұл
әлсіреудің пайдасын монғолдар жаулап алған мұсылмандар көрді. Монғолдардың сенім
атаулыға саусақ сыртымен қарайтын әдетін сәтті пайдаланған мұсылмандар Орта
Азиядағы, Ирандағы, тіптен Еділ бойындағы монгол мемлекетінің аса мәнді
экономикалық, әкімшілік қызметтеріне тұяқ іліктірді. Дәлірек айтсақ, олар бір ғасыр бойы
қансыраған - қажыған далалықтардың қолындағы билікті иемдене к.ойды. Сөйтіп, бүкіл
аппаратын мұсылмандандыру арқылы 1295 жылы Иранда, 1300 жылы Орта Азияда
тізгінді қолына ұстады. Дәл осындай жағдай 1312 жылы Сарайда да болды.
1312 жылы Өзбек ханзада төңкеріс жасап, Сарайдағы такты иемденген соң исламды
мемлекеттік дін деп жариялады. Қол астындағы көшпелілердің бәрі де ислам дінін ұстану
керек болды. Еділ бойына лап қойған исламның мәдени тегеуріні Батыстағы
католизацизмнен бір де кем болған жоқ. Бұл діндар системаның екеуі де өз ниеттерін
жүзеге асыру үшін риясыз берілген таланттарды іздеді. Суперэтникалық бұл діндердің
екеуінің бойында да өзге мәдениеттен кірпідей жиырылатын қасиет жетіп артылатын.
Өзбекке дейін де ислам дінін қабылдаған хандардың болғанын айта кеткен жөн. Мәселен,
Сарайдай жаңа астананы салдырған Берке, Руда-Менгу және басқалары. Алайда, бұлар
қол астындағылардың дәстүрі мен дініне қатысты қысым көрсетпейтін. Енді, міне, Өзбек
зорлық көрсеткен кезде монғол нояндары мен татар жауынгерлері «арабтардың сенімін»
қабылдаудан бас тартып шыға келді. Өзбек жарлығын орындамағандардың бәрін дарға
асты. Олардың ішінде Шыңғыс әулетінен тараған 70 ханзаданың болуы қылмыспен пара-
пар еді. Исламдандыруға қарсы күрес 1315 жылға дейін созылды. Орыс құжаттары осынау
жарқын оқиғаға мейлінше ұстамдылық көрсеткен. Тек жылнамада ғана: «Өзбек таққа
отырған соң ширығып шыға келді» деп жазылған. Ал шын мәнінде Русь жеріне
сұмдықтың ызғары жетіп жатты. Хазар қағанаты құлаған соң арада аттай 350 жыл өткенде
дәл осы жерде славяндарға да қатысты шет аймақтардан мұсылман сұлтандығының
ықпалы жүре бастады. Міне, әрі де емес, бері де емес, дәл осы бір айқын кезеңнен
орыстардың ата-бабаларының кіріптарлығы басталады.
Алтын Орда мен Русьтың қарым-қатынасы Өзбектің тұсында түбірінен өзгерді. Орда мен
Русь арасындағы қойындасқан одақтың ғұмыры — ордалықтар христиан болмай, мәжуси
немесе несториан болып, өздеріне жат мұсылман суперэтносына кірмегенде ғана баянды
болуы мүмкін еді. Мәселе мұсылман дінінде де емес, дін ұрығы өзінен-өзі әрекет етпейді.
Ал Русь пен Орда одағының шырқы бір бұзылған соң, хандарын жаппай католик етсең де
ем қонбайтын еді. Діндарлық өзгерістер, сөз жоқ, саяси бағыттардың да өзгеруіне әкеліп