Қазақстанның ашық кітапханасы
63
дворян атағын алған арынды салт аттылары, православиені жанымен жақтайтын жігерлі,
сатылуды білмейтін монахтар, қажымай-талмай сонау солтүстіктегі Мұзды мұхит пен
шығыстағы Үндістанды, Қытайды шарлап кайтып жүрген көпестер, еңбекқор да ержүрек
шаруалар топтаса бастады. Рюриковичтер кнәздері, солтүстік-шығыс кнәздіктерінің
бүлдіргесін білегіне ілген кнәздері, сондай-ақ сытылып шығуды көздеген Ұрым гректері,
сурожан-генуялықтар, литвалықтар, Алтын Орданың түкпір-түкпірінен қашып-пысқан
татарлар тұс-тұстан Москваға ағылып келіп жатты.
Енді түйіндеп көрелік. XIV ғасырға қарай великорустер мен литвалықтар этногенезі
басталып, бұл елдердің этникалық, мәдени және әлеуметтік тұрғыдан жаңарып-
жаңғырғанын көреміз. Литва жерінде шляхта мінез-құлқы, неміс сәні мен талғамы, латын
тілі, шіркеуді уағыздаушылық сияқты Еуропаның мәдени тағылым-тәжірибелері етек ала
бастады. Алайда, католик Ягайланың немере ағайыны Витовт православие дінін ұстайтын.
Демек, жас литва мемлекеті екі ұлы мәдениеттік, шығысправославиелік және батыс-
католиктік мәдениеттің шылауына жіктелді. Мұның өзі қос жұлдыздың ортасына тап
болған тұманды кометаның қақ бөлінгені сияқты еді. Бір мемлекет аясында екі Литва
болды: бірі — папаның сойылын соғып, Шығыс Еуропадан Батысқа қарай біржола бет
бұрған Литва, екіншісі — Шығыс Еуропаның байтақ жазығында ұлы кнәздік, ұлы
державалық тұтастығынан айрылған, Белоруссияның бір пұшпағын билеп-төстеймін деп
титықтаған православиелік Литва еді.
Жеңіс Москваның еншісіне тиді. Мұнда афон православиесі орнықты, әкімшілік
орталықтандырылды, далалық соғыстарда дворяндардың тәжірибесі шыңдалды, икон
жазғыш Андрей Рублев шықты, шоқынған татарлармен аралас басталды, ол өз десеңіз,
қоян-қолтық бір тұрып, халықтардың бірігуі үшін бірге күресуге ден қойды. Тіптен
Кулиководан кейін арада 50 жыл өткенде Витовт түбінде Москваны Литваның басып -
жаншып кетер алмағайып кезеңі туғанда да Москваның мақсаты айқын, жаңа
суперэтностың асқаралы талабына сай еді.
Мен алға озыңқырап кеттім білем, Енді 1380 жылдың 8 сентябріндегі қатерлі кезеңге
қайтып оралайық. Бұл күні Куликово даласына владимирлік, суздальдық, москвалық,
смолендік, тверлік болып келген ешкім жоқ. Керек десеңіз, дәл іргесінде тұрып шайқасты
көзімен көргендер де рязандықтар болып келген жоқ. Қысқасы, жалғыз-жарым
кнәздіктердің өкілдері емес, осынау әлемдік оқиғаның көшін бастауды бар болмысымен
сезінген, сол кезде православтар деп аталатын біртұтас орыстар келген еді. Сербтерге
жеңілмес жігер берген де, ұрымдықтарға тізе бүктіртпеген де, басқа да сенімі бірлерге
медет болған — осы православие діні.
Донның сағасы Непрядваға жасалған жорықты сол кездің өзінде-ақ замандастары сәті
түскен, даңққа бөлеген крес жорығы деп атаған. Шынында да отан үшін отқа түсіп, әрбір
үш орыстың екеуі жер жастанған, әділдікті ту еткен жалғыз ғана крес жорығы осы болса
керек.
Саяси сілемдерінен басталып, Шығыс Еуропаға дейін канат жайған Алтын Орда немесе
Қыпшақ Ордасы Жошы империясының (ұлысының) бір бөлігі еді. Бірте-бірте Жошы,
империясы үш бөлікке (ұлысқа) бөлініп, олар да ұлыс-мемлекет болып құрылған кезде,
Батый билеген Үлкен Орда Алтын Орда деп аталды. Карпат пен Жайық өзенінің арасында
қанатын қомдаған Алтын Орданы орыстар Үлкен Орда, Ұлы Орда немесе Қыпшақ
Ордасы деп атауды лайық көретін. Қалған екі Орда — Жайықтан Сібірге дейін созылған
Шайбани Ордасы мен Сырдариядан Байкалға дейінгі аралықтағы Ақ Орда деп аталатын
Орда Ежен Ордасы болатын. Мұның екеуі де Алтын Орда хандарын аға тұтып, олардың
есімін үнемі жарлықтарының шекесіне қондырып отырған. Алтын Орданы Жошы