Page 61 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
61
Бүткіл XIV ғасыр бойында Ұрыммен (Византия) одақ болып, Қара теңіздің жылы суында
балықтай жүзген генуялық көпестер енді біздің Шығысымыздағы далаға шығып алып,
алаяқтық көрсетумен болды. Олар Еділ бойындағы Алтын Орда хандарымен, Орталық
Шығыстың көпестерімен пайдалы концессия, сауда-саттық келісімдерін жасау үшін
Россия мен Орта Азияны туу сонау Қытайға дейін шиырлап, тіміскілеп жүрді.
Бірте-бірте титықтаған Ұрым бір-біріне алакөз екі Фракцияға бөлінді: бірі — батыстан
көмек іздеп, католициямен бірігуге бел буған қауқарсыз Палеология бастаған Еуропаны
жоқтаушылар, екіншісі — түрікмендер мен сельжүктерді көмекке тартуға мәжбүр болған,
Батысқа қарсыларды бастаушы Иоанн Кантакузен сияқты Ұрым дәстүрінің туын
ұстаушылар еді. Осыған орай мәдениет те қарама-қарсы рухани екі бағытқа түсті: бірі —
рационалистік-схоластикалық, екіншісі — Отанының өткенін өбектеп, аңызын аңсайтын
мистикалық бағыт.
Ұрымның бұл жанталасы өзінің бір пұшпағы — Сербияның басындағы өмірі келте
бақытқа малданған жағдайда өтіп еді. Бірақ, Куликово даласынан кейін арада тоғыз жыл
өткенде, 1389 жылы Сербия Осман түріктерінің талауына түсті. Осман Түркиясы Кіші
Азияны қолтық-қойнауына дейін иемденіп алған соң, Еуропаға тап берді. Дәл осы 70-ші
жылдары қырыққа келген Темір осыдан әлденеше жүз жыл бұрын араб жұртынан жұққан
Орта Азия мұсылмандарының қалалық мәдениетін Шыңғысхан ұрпақтарынан қорғап қалу
үшін шет-шегі жоқ соғысты бастады. Темір бұл мәдениет пен сауаттылықты қаны
сорғалаған қылыштың жүзімен қорғады.
Осынау текетірес дүние дидарының солтүстігінде Алтын Орда әлсіреп, Орда үшін үш
қиырда қылыш қайрылып, найза майырылып жатты. 1359 жылы Алтын Орда хандарының
арасында алғаш рет ұзақ жылға созылған айтулы алауыздық басталды. Бұл «ұлы тоқырау»
Мамайдың уақытша үстемдік құруына әкеліп соқты. Оның шыққан тегі, тәрізі, хан,
маньчжур немесе корей болса керек. Осындайда еске түседі, кнәз Глинскийлер де,
солардың бірінен туған Иван Грозныйдың шешесі де Мамайдан өрбіген.
Басты-басты халықаралық күштердің қасарыса тіресуі аса ірі суперэтникалық бірігудің,
суперэтникалық тұтасудың бет пердесін сыпыра әйгілеп берді. Мәселен, жаңа пайда
болған батысеуропа суперэтносының бұйдасы аласұрған көпестік капитализмнің қолында
болды. Ал оның күткені — Ұрымның қаралы сағатының соғылар сәті де еді. Көпестік
капитализмнің шашбауын Оңтүстікке Генуя желкілдете көтерді. Енді, ұлы далаға назар
аударар болсақ, мұндағы суперэтникалық тұтастықтың туын Тоқтамыс көтеріп шыққанын
көреміз. Оның арқа сүйері бүгінгі Қазақстан жерін қоныс еткен көшпелілер, қазақтар және
басқа халықтардың ата-бабалары болатын. Алтын Орданың орталығы болған Еділ бойы
мұсылман суперэтносының шылауында қалды. Орданың ислам әлеміне кіруін бастаушы
Өзбек хан еді. Міне, осынау үш суперэтностың - батысеуропалық, мұсылмандық және ұлы
далалық - бәсеке-бақастығы өзінің иіріміне Русь пен Литваны да ілестіріп әкетті.
Әрине, енді өрши бастаған бұл күресте Русь пен Литва жай бір жандайшап болды деп
ойлаудың жөні жоқ. XIV ғасырдың 2-ші жартысындағы шытынап тұрған шақта
православиялық Русь пен можусилік (языческий) Литва шығысеуропа халықтарының бір
суперэтносқа бірігуіне ұрымтал ошақ болды. Мұның мүмкіндігі қандай еді? Сөз жоқ, мол
мүмкіндіктер болып, қырықпышақ күн кешкен Вильна да, Москва да байтақ жатқан жаңа
суперэтнос бірлестігінің қара шаңырағы болудан үміткер еді. Бұл үміт орындалған
жағдайда дүние дидарындағы күштердің орын ауыстыруы оп-оңай болатын. Сондықтан
да, Вильна да, Москва да айналасындағы алапат қимылдарға айрықша зер салып отырды.
Екі астанада ғасыр оқиғасы делебесін қоздырған адамдардың аласапыран айқасы жүріп
жатты. Ал орыс жазықтарында көне Ұрым мәдениетімен ықты-жарға қарамай қаулаған