Page 59 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
59
алмайды, бірақ, оның болжамдары өткеннің және бүгінгі күннің шынайы мәнін көруге
кедергі келтіретін құрғақ қиял сипатында болмауға тиіс.
Тарихтың мағынасы мәселесіне батыстағы классикалық және осы заманғы көзқарастарды
байыпты түрде салыстырып талдау, оны қарастырудың қазір өте қажет болып отырған
онды, төте жолын табуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда мәселені Жаңа заманның
классикалық даналық тарихы рухында пайымдап, пікір айтуға болмайды, бірақ оның
мұрасынан толық бас тартуға да болмайды. Тарихи ақыл-ойдың біліктілігіне, ілгерілеуге
және оның адамгершілік өлшеміне, болашақтың ашылып жатқан балама жобаларына
жаңаша көзқарас қажет. Бұл бағытта ілгері жылжу үшін біздің ғасырымыздағы батыс
теорияшылары, ой өрісі постмодернизм арнасымен дамып келе жатқан теорияшылары
ұсынып жүрген тарих мағынасын түсіндірудің негізгі нұсқаларын зерделілікпен талдап
шығу керек. Жаңаша ойлауды қабылдау арқылы жалған марксизмнің қасаң ережелерінен
бас тартуға және тарих мағынасы мәселесіне көзқарастардың бұл мағынаны танып-білуде
жемістілікке жеткізетін түрлерін дұрыс бағытқа бейімдеуге болады. <...>
Тәржімалаған
Исламғали Бейсебай
ГУМИЛЕВ ЛЕВ НИКОЛАЕВИЧ
(1912-1992 жж.)
Еуразия тарапындағы аса әйгілі оқиғалардың бірі — Москваның ұлы кнәзі Дмитрий
Донской бастаған орыс әскерлері мен Алтын Орданы Мамай бастаған монғол-түркі
әскерлерінің арасында 1380жылы болған Куликово даласындағы соғыс. Тарихта
«Куликово шайқасы» деп аталатын осынау жойқын оқиға Алтын Орданың ыдырауын
жеделдетіп, Москваның орыс мемлекетін құрудағы рөлін арттырып қана қойған жоқ,
сонымен бірге байтақ жатқан Еуразия халықтарының болашақ тағдырына да елеулі
ықпалы тиген кесек оқиға болды.
Мақала авторы — орыстың әйгілі тарихшы-этнологы, тарих және география
ғылымдарының докторы Лев Николаевич Гумилев (1912- 1992). Куликово шайқасының
600 жылдығына орай белгілі ғалым-жазушы Ақселеу Сейдімбектің сұрауы бойынша 1980
жылы бұл мақала Қазақстан басылымдары үшін арнайы жазылған болатын. Сол жылы
Л.Сейдімбектің аударуында «Жұлдыз» журналының № 9 санында жарияланды. Л.Н.
Гумилев қазақ тілді оқырманға тұңғыш рет осы еңбегі арқылы таныла бастады.
1380 ЖЫЛЫ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН
Куликово шайқасы 1380 жылы қыркүйек айының сегізінде болды. Мұны көзі көріп,
құлағы естігендер сол кездің өзінде-ақ ұлы оқиға ретінде қабылдаған. Тарихи маңызы
жөнінен бүткіл XIҮ ғасырда, мүмкін бір ғана ХІҮ ғасыр болмас та, бұған тең келер уақиға
жоқ. Кейінгі талай буын ұрпақтар үшін Куликованың дәуірлік санатында орнығып
қалғанын біз, әрине, білеміз. Бәлкім, бұл уақиғаның жаңа сурет сияқты бүгінгі күнге дейін
жеткені содан да болар. Сурет болғанда қандай — айқын да, орынды да, аңыздай сурет
қой. Сонымен бірге, сырт көзге шалына бермейтінін, жаза басқан жаңсақтығы да, бұра
тартар бұралаңы да жоқ емес.
Біз осынау шайқасты неге ұмытпаймыз. Әрине, бұл соғыс — шабуылға шығудың тамаша
стратегиялық үлгісін әйгілегендіктен ғана емес, соғыс басында жүрген кнәздер мен
воеводтардың жау жайратқыш ғажайып көргендігінен де болмас. Керісінше, оларды
тарихи тұлғаға айналдырып, еске сақтауға лайық еткен осынау ұрыстың өзі болатын. Ал