Қазақстанның ашық кітапханасы
58
көздеді. Католик және протестант философтарының көзқарастары да осы сипатта өріс
жаятыны назар аудартады: олар герменевтикалық нұсқаманы қабылдайды, бірақ
бүкіләлемдік тарихты абсолюттік діни-адамгершілік құндылықтар негізінде тұтастай
түсіндіру әрекетіне мүмкіндік қалдырмайды.
Батыс даналық тарихының ойы утопияға қарсы рухтан, болашақтың ғаламдық
болжамдарын түзуден бас тартудан нәр алады. Тіпті, өткенді казіргі жағдайға, ол беретін
шекке сәйкес тұтастай қарастыру құқығын тарихи ақыл-ойға беруінің өзі де, болашақты
абсолюттік болжауға бұрылуды білдірмейді. Мұндай болжауды зайырлы ойшылдар да,
діни ойшылдар да бірдей қабыл алмайды: өйткені тарихи ақыл-ой өткеннің көріністерін
толық суреттемейді деп саналады, оның болашақ жөніндегі пікір-пайымдаулары да тек
ықтималдылық деп түсіндіріледі. Утопизмге қарсы мұндай климаттың онды жағы сол -
онда өткенді болашақтағы идеалды құрылыспен салыстырудан, тарихтың мағынасын
мұндай әдіспен беруден бас тартады. Мәселені бұлай қойған жағдайда, абсолютті
құндылықты-мақсатты бағдарлардың рөлін тек жалпы адамзаттық құндылықтар ғана
атқара алады.
Бүгінгі таңда, өткенді қанша мәрте қайта құрғаннан кейін, тарихты біртұтас мағынасын
түсіну, оны абсолюттік тұрғыдан көру өрістеп келе жатқан қоғамдық өмірдің
субстанциясын іздестіру жөніндегі айыптаулардан қаша отырып, тарихи ақыл-ойдың
тарихтың біртұтас мағынасын түсіну құқығын қорғаудың өзі өте қиын болып отыр. Жаңа
заманның даналық тарихымен постмодернизмнің айтысы өз жемістерін әкелгені күмәнсіз.
Дегенмен қазір адамзатқа бүкіл әлемдік тарихи үдерісті бұрынғы қай кездегіден де
тұтасырақ көру қажет, бұл оған осы заманғы жағдайды түсінудің және болашақтың
ықтимал нобайым сызудың кілтін бере алады. Мыңдаған жылдардан бергі дамудың
нәтижесін — планетадағы барлық елдер мен халықтардың ортақ тағдыр-талайын түсіну
ғаламдық мәселелерді шешуде зор рөл атқаруға тиісті.
Сынға ұшырап, өзінің қабілеттері мен шама-шарқын түсінген ақыл-ой, енді тарихты,
елдер мен халықтарды күннен-күнге тығыз топтастыра беретін, қоғамдық қатынастарды
үздіксіз әмбебаптандыра беретін үдеріс ретінде қарастыру әрекетін тоқтатпауға тиісті. Бұл
орайда, әрине, «жергілікті өркениеттер» тұжырымдамасынан туындайтын тағлымдарды
ескеру қажет екені де даусыз: бүкіләлемдік тарих әлеуметтік ілгерілеуді бір бағытта,
жоспарлы түрде жүзеге асыру дегенді білмейді, мұндай ілгерілеу мәдениеттердің, мұрасы
уақыт пен кеңістікке таралатын мәдениеттердің күрделі өзара байланысының нәтижесі
болып қана көріне алады. Бұтақ жайып тұрған ағаш — біздің адамзат ұрпағының бірлігін
сезінуімізді белгілі бір дәрежеде бейнелеп бере алатын метафора. Табиғатты игеру,
әлеуметтік және мәдени байланыстардың бірте-бірте бірігуі — адамзаттың ілгері
дамуының айғағы, оны бір жақты шектеу мүмкін емес. Біздің ілгерілеуді қазіргі түсінуіміз
Жаңа заманның классикалық ойы жасаған түсініктен елеулі түрде ерекшеленеді, бірақ
соның өзінде, біз бұл түсініксіз ой пайымдай алмаймыз. Мұнда ең маңыздысы ол
белгілеген адамгершілік өлшемі болып табылады. Бұған экзистенциализмнің, Франкфурт
мектебінің, «жаңа философияның», католиктік және протестанттық ойдың, батыс ойының
тағы да басқа бағыттарының теорияшылары ерекше назар аударды. Тарихқа өмірдің,
адамның өсіп өркендеуінің, жеке тұлғаның және оның еркіндігінің, демократияның,
заттандырылған Шындығы, Сұлулығы мен Игілігі бар мәдениеттің әмбебап
құндылықтары тұрғысынан қарасақ, біз оның тұтастығын, ілгерілеу жолындағы
қозғалысын түсінуге мүмкіндік аламыз. Бұл орайда прогресті осы заманғы тұрғыдан
көріп-тану оның көпнұсқалылығын, мәдени-әлеуметтік дамудың баламалылығын
мойындатады. Бүкіләлемдік-тарихи үдерістің негізгі бағыттары бар, бірақ прогрестің
алдын ала белгіленген, қоғамды ең жақсы жағдайға жеткізетін, бірден-бір даңғыл жолы
жоқ және болуы да мүмкін емес. Адамдар жарқын болашақ туралы армандамай өмір сүре