Page 57 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
57
отырған мақсатты нұсқаманың, яғни бүкіл адамзатты бір ғана жолмен ең жақсы мақсатқа
жеткізе алатын бірбағытты әрі біріктіруші тарих тұжырымдамасының жалғандығы»
туралы айтады. Жаңаеуропалық тарихи-философиялық ойдың ажырамас буыны болған
прогресс пен адамның тұрмыс жағдайларын жақсартуды жылдамдату идеясының
дұрыстығына біздің ғасырымыздың тарих философиясы өкілдері күмән келтіреді. Олар
мұнымен бірге болашақтың ғаламдық болжамдарын ұсынудың негізділігіне қатысты
сенімсіздіктерін де ашық білдіреді. Тарихи ақыл-ойдың нақты мүмкіндіктері қандай? Ол
тарихтың мағыналық тұтастығы туралы пікір айтуға қабілетті ме? Тарихи ілгерілеу
туралы біздің пайымдауларымыздың негіздері, болашаққа болжам жасаудың шегі қандай?
Осы сұрақтардың бәрін де біздің ғасырымызда даналық тарихына тән теориямен түсіндіру
үлгісін қабыл алмаған философтар қойды. Бұл сұрақтар сындарлы түрде қарастыруды
қажет етеді, бәрінің де үлкен практикалық маңызы бар.
«Тарихи ақыл-ойдың сыны» тақырыбы батыс философтарының назарына ХІХ-ХХ
ғасырлардың тоғысар тұсында ілінді. Әуелі оған «өмір философиясы» мен
жаңакантшылдықты жақтаушылар, содан кейін жаңагегельшілдіктің, талдамалы
философияның, герменевтиканың, тағы басқа бағыттардың өкілдері көңіл бөлді.
Солардың күш салуы арқасында тарихи танымның көптеген маңызды қырлары ашылды:
тарихтың мағынасын түсіну, олар ортақ пікірге келген құндылық және ақыл-ой
нұсқамаларындағыдай, субъекттің белсенділігіне тәуелді үдеріс деп танылды. Тарихи
ақыл-ой батыс философтарына мейлінше кіршіксіз таза және мөлдір болып көрінген жоқ,
оның күйі адамның сол уақытта тартып жүрген тауқыметінен байқалатын тұрмыс
ерекшеліктеріне байланысты болады. Ғасырымыздың соңына қарай өзіндік бір
герменевтикалық жағдай қалыптасты: мейлінше әр түрлі бағыттағы философтар біздің
тарих мағынасын түсінуіміздің әрекет етуші және ойлаушы субъекттің тіршілік әлемі
арқылы қарағандағы шарттылығы жөнінде келісімге келді. Бұл, өз кезегінде, өткеннің
бүгінгімен тығыз тұтасып кететін, келешек жөніндегі құндылықты-мақсатты нұсқамаларға
нәр беретін мағыналы көріністерінің көптігі туралы идея туғызады. Тарихи ақыл-ой өзінің
табиғатынан әңгіме туғызуға бейім, сондықтан тарихтың мағынасын түсінуге әр түрлі
тұрғыдан келу бөлек көзқарастар ұстанатын адамдардың белгілі бір көзқарас бірлігіне
жетуіне кедергі жасамайды. Бұған олардың жалпы адамзаттық құндылықтар жиынтығын -
жаңаша ойлаудың іргетасын орнықтыруы кепіл болады. Нақ осы құндылықтар әр түрлі
дүниетаным бағыттарында тұрған философтардың бүгінде бүкіләлемдік тарихты көрудің
ортақ құндылықты-мағыналық мақсатқа ие болуына мүмкіндік беріп отыр.
XX ғ. аяғында тарихи үдерістердің ғаламдық жобалары жеңіліске ұшырады. О. Шпенглер,
П. Сорокин және А. Дж. Тойнби ұсынған «жергілікті өркениеттер» тұжырымдамалары
тарихта қайталанбайтын мәдениеттердің көп екені туралы ойлануға мәжбүр етті. Сонымен
бірге бүкіләлемдік тарихтың бірлігі идеясы күшін мүлде жоғалта қойған жоқ. Тойнбидің
дүниетанымының дамуы оны жергілікті өркениеттердің өзгешеліктері туралы
нұсқамаларды қоғамдық байланыстардың, ілгерілеудің әмбебаптануын жаңаша түсіндіру
әрекетімен үйлестіру қажеттігіне алып келуі де сондықтан емес пе? Экзистенциализмнің,
Франкфурт мектебі мен «жана философияның» теорияшылары тарихта онды бөлектенудің
көбейіп келе жатқанын көрді, оның мәнісін қоғамдық өмірдің азғындауы белең алғанымен
түсіндірді. Тарихтың әмбебап жобаларының орнын негізінен қазіргі дағдарысты
жағдайдың түбірін түсіндіруді мақсат еткен, өткенді қайта құрудың әр түрлі жобалары
басты. Сонымен бірге Тойнбидің тарихты әмбебап құндылықтар базасында, ғаламдық
жалпыадамзаттық мақсат тұрғысынан қарауға ұмтылысын қолдаушылар да табылды.
Бұлардың санатына ең алдымен К. Ясперсті жатқызу керек, оның экзистенциалдық діни -
философиялық тұжырымдамасы тарихты халықтар мен мәдениеттердің арасындағы
байланыстарды абсолюттік құндылықтар базасында тереңдету үдерісі ретінде түсіндіруді