Қазақстанның ашық кітапханасы
56
утопиялық сипатта болды, бұл идеал бойынша, «өзімшіл адам», нарықтық қатынастар,
қалыптасқан демократиялық институттар мен мәдени құндылықтар түбегейлі жоққа
шығарылуға тиісті көрінді. «Болмысты құбылысқа, ру адамын тәжірибелі адамға, нағыз
тарихты адамзаттан «бұрынғы тарихқа» қарсы қою өмірдің мүлде жаңа негіздегі
коммунистік өлшемдеріне секіріс идеясы «жетілмеген», бірақ нағыз өмірге сенімсіздік
туғызды, соған күштеуге ұрындырды» .
Өткеннен түбегейлі түрде ажырау болашақ «мөлдір қатынастардың» кіріспесі ретінде
тарихтың шарықтау шегі болды. Әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы бағытталған Маркс
еңбектерінің әшкерелеуші әуенін түсінуге болады, өйткені бұларды ол өз көзімен көрген,
бірақ ол ұсынған, қайта өркендеу дәуірінің үлгісіндегі христиандық түске боялған
адамгершіліктен, ағартушылық және романтикалық идеялардан тамыр алған болашақтың
жобасы ашықтан-ашық адамгершілікке қарсы әлеуметтік салдарларға соқтыратын болып
шықты. Өзінің болашаққа жасаған ғаламдық сәуегейліктерінде Маркс қашық болған
практиканың нақ өзі оның теориялық болжамындағы қиялшылдық белгілерін ашып беріп,
адамзатты «бұрынғы тарихтан» зорлықпен ажырату идеялары казармалық-коммунистік
мақсаттарға қаншалықты жақын екенін көрсетті, ал өзінің ертеректе жазған еңбектерінде
ол бұлардан іргесін аулақ салуға әрекеттенген болатын. Социалистік принциптерді жүзеге
асыратын адамгершілікті, демократиялық қоғам туралы түсініктерді XX г. тарихы
көрсеткеніндей, адам өмірінің барлық жақтарын мемлекет қарауына айналдырумен мүлде
байланыстыруға болмайды, олар үнемі тәжірибе арқылы түзетіліп отыруға тиіс.
Марксистік дәстүрді казіргі заман жағдайында тек жаңаша ойлауға бейімдеп өзгерту,
жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарлау жолымен ғана ойдағыдай дамытуға болады.
Жаңа заманның классикалық тарих философиясының мұрасы осы ғасырда. Батыс
теорияшылары шұғылданып жатқан проблемалар рухына сәйкес қайтадан ой елегінен
өткізілуге тиісті. Олардың ізденістерінен тарихтың мағынасы туралы мәселеге қажетті
тұрғыдан келудің жаңа мүмкіндіктері табылады. Маркс ілімін қасаң қағидашылықпен
түсіндіру тұйығынан шығу үшін соларды түсіну қажет.
Жаңазаманның тарих философиясындағы оптимизм Ж. Ж. Руссоның және романтиктердің
шығармаларының өзінде-ақ сынның тақырыбы болған еді, ал христиан мәдениетінің
барлық құндылықтарына қайта бағалау жүргізуге әрекеттенген Ф. Ницшенің еңбектерінде
мұнан да өткір, батыл түрде сыналды. Ғасырымыздың 70-80 жылдарында постмодернизм
туралы пікірсайысқа қосылған батыс ойының ірі өкілдері жаңаеуропалық классикалық
ойдың негіздерін қайта қараумен айналысты. Өз зерттеулерінде олар бүгінде теориямен
түсіндірудің постмодернистік тәсілінің негіздерін жасағаны үшін құрметтелетін Ф.
Ницше, Ф. Хайдеггер, Т. Адорно, М. Хоркаймер, Ж. Деррида, М. Фуко секілді бірқатар
көрнекті философтардың идеяларына сүйенеді. Кейбір батыстық авторлардың ойынша,
постмодернистік ойлау үлгісі классикалық дәстүрден жаппай ірге ажырату дегенді
білдіреді . Ал Ю. Хабермасқа ілескен басқа авторлар, бұлайша жаппай ажырау жалған
қадам болар еді, сондықтан оны жан-жақты қайта зерделеуге бару қажет деп, анағүрлым
негізді пікір айтады . Постмодернизм жайындағы пікірсайыс даналық тарихының
көптеген проблемаларына жаңаша қарауға, олардың бұған дейін байқалмай келген
қырларын көруге мүмкіндік береді.
Даналық тарихы мәселелеріне классикалық емес тұрғыдан қарауды жақтаушылар Жаңа
заман ойшылдарымен жүргізетін сол пікірталастың негізгі мазмұны қандай? Ең алдымен
олар әлемнің құрылысы мен тарихтың мағынасына енуге ұмтылған адам ақыл-ойының
өзіне жеткіліктілігін дәлелдейтін рационалистік тұжырымға қарсы шығады. Бұдан
адамның тарихты мағыналық тұтастық ретінде көру қабілетіне сенімсіздік туады. «Жаңа
философия» теорияшылдарының бірі - Ж.-М. Бенуа «прогресс мифологиясы ұсынып