Page 55 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
55
болжайды. Маркс «заттық қатынастарды» әлемнің игіліктеріне «қожа болатын», адамның
бойындағы барын сығып алып, оны «жарым-жарты» ететін өзіндік культті күштеп
енгізуші ретінде түсінді.
Маркс социалистік идеяның мазмұнынан «жеке меншікті жоятын онды құбылысты» ғана
емес, сонымен бірге «адамның болмысын адам шынымен алып қоятынын, әрі адам үшін
алатынын» да көрді . Ол болашақ қоғамдық құрылыстың өзі жасаған жобасы
капитализмнің әлеуметтік-экономикалық және мәдени қарама-қайшылықтарын да бірдей
шешуге мүмкіндік береді деп ойлады. Ол адамзаттың тарихи дамуының үшінші кезеңінің
басталуын осы жобаны жүзеге асырумен байланыстырды: «Жеке адамдарды жан-жақты
дамытуға және олардың ұжымдық, қоғамдық еңбек өнімділігін қоғам игілігіне
айналдыруға негізделген еркін жеке-даралық — үшінші саты осындай» . Бұл дәуір,
Маркстің ойынша, бұған дейінгі бүкіл тарихтың барысында дайындалған және оны даму
мәресіне жеткізеді.
Тарихтың мағынасын Маркс ұсынған тұжырым бойынша көру XX ғасырдағы әлеуметтік
дамудың тағдыр-талайына зор ықпалын тигізді, осы заманғы философтар жүргізген
теориялық пікірталастарды жан-жақты жандандырды. Казармалық социализмнің күйреуі,
оның идеологиясы мен тәжірибесіне сенімнің жоғалуы ғасырымыздың аяғында тарихтың
мағынасын талдауға маркстік тұрғыдан келудің мазмұнына қайтадан үңілуге, оның
мазмұнын батыстың классикалық тарих философиясының дамуын аяқтаған феномен
ретінде түсінуге итермелейді.
Тарихты Маркс ұсынғандай жалпы еңбектің нәтижесі - тұтастай адамзат кызметінің
қорытындысы ретінде түсіндіру, оның бұл қызметті жеке формациялық ансамбльдерге
болу туралы, бүкіләлемдік әлеуметтік байланыстардың әмбебаптығы тұрақты екені
туралы ойлары қазіргі кезде де маңызды болып отырғаны анық. Дәл сол секілді өткен
тарихты оның қазіргі күнмен байланысы, тарихтың мағыналық тұтастығын түсіну
көкжиегін өзгертуге қабілетті әлеуметтік-практикалық іс-қимылдың нәтижелері арқылы
тану туралы тезисі де көкейкестілігін жоғалтқан жоқ.
Сонымен қатар, қасаң қағидалы жалған марксизмнен бас тартумен бірге, тарихтың
мағынасы туралы Маркс ілімінің тарихи тұрғыдан шектеулі екендігін де парықтамауға
болмайды. XX ғасырдың қалай болатыны марксизмнің негізін қалаушыларға көп
жағдайда беймәлім болып шықты, олар казармалық-коммунистік және фашистік
сипаттағы тоталитарлық режимдердің пайда болатынын, ғылыми-техникалық
революцияның тез қарқын алып яки ғаламдық проблемалардың етек жайып, әлемдік
қоғамдастықты тұтасымен алаңдататынын болжап біле алмады. Осы ғасырдағы оқиғалар,
тарих ғылымының жаңа деректері бүкіләлемдік тарихтың біртұтас картинасын қайта
ойлап-көрудің маңызды екенін айтуға мүмкіндік береді. Маркстің қоғамдық-
экономикалық формациялар теориясы, негізінен, тек батыс әлемі тарихының барысын
тым нобайлы түрде суреттейді, сондықтан толықтыруды, өркениетті тәсілмен үйлестіруді
қажет етеді . Қоғамның дамуы барысында «түпкі нәтиженің» алдын ала белгілі екендігі
туралы пайымдаулардан бас тарту, тарихты зерттеуге келгенде көп нұсқалық пен
баламалылық идеясын ұстану бүгінгі таңда, бұрынғы қай кездегіден де маңызды болып
отыр. Солай еткенде, Марксті қасаң қағидашылдықпен оқығандарға тән біржақты
прогресшілдіктен арылуға, қоғамдық дамудың тағдыр-талайы туралы мәселеге парасатты
қарауға мүмкіндік туады.
Адамгершілік пен Ағарту идеяларына адалдығын сақтай отырып, Маркс тарихтың
алдындағы бір мақсатын адамның бөлектенуін жою нем қарады. Алайда, мұнда, тарихтың
мағынасын көруге көп ретте жөн сілтеген оның өзінің әлеуметтік идеалы едәуір дәрежеде