Қазақстанның ашық кітапханасы
53
мағынасын ол ұсынғандай түрде көруге өз көлеңкесін түсіретін дилемманы — қажеттілік
пе, әлде адамның еркіндігі ме деген дилемманы ол шешусіз қалдырды. Оның
көзқарастары Фихтенің, Шеллингтің және, әсіресе Гегельдің шығармаларында тарихтың
мағынасын түсіндіру үшін аяқ тірер баспалдақ болды.
Гегель «идеяның табиғаттың кеңістікте көрінгеніндей, бүкіләлемдік тарих та, жалпы
алғанда, рухтың уақытта көрінуі болып табылады» , деп пайымдады. Бүкіләлемдік тарих
майданында рухтың қозғалысын көріп білу — өткен заман туралы білімнің басқа
түрлерінен, бастапқы және рефлективтік тарихтан жоғары тұратын философиялық
тарихтың басты міндеті . Бүкіләлемдік-тарихи үдерістің мағыналық бірлігін түсіну нақ
соның үлесіне тиеді. Гегельдің философиялық бүкіләлемдік тарих туралы ойының жүзеге
асуын абсолюттік идея уақыт кеңістігінде өздігінен жүйелі түрде өрістейді дейтін
жорамал «бөгеді». Оның тарих кеңістігіндегі қозғалысын Гегель адамдардың өмірінде
неғұрлым көбірек еркіндіктің салтанат құруымен алдын ала байланысты деп түсіндірді:
«Ауыртпалық қалайша материяның субстанциясы болса, еркіндік те солайша рухтың
субстанциясы болады». Бүкіләлемдік тарихты болашақта адамзат ұрпағын еркіндіктің
жаңа сатыларына жетуге бастайтын, қажетті абсолюттік идеяның өздігінен өрістеуіндегі
тұтастық ретінде қарастырған Гегель бірқатар тартымды диалектикалық ережелерді айтып
түсіндірді, бірақ бұл орайда ол өзіне тән болған, алдын ала белгілі акырғы межеге
ұмтылатын қоғамдық өмірдің біртұтас субстанциясын жорамалдаушылыққа байланысты,
«герметикалық тарихилықтың» тұтқынында қалып қойды.
Тарихтың мағынасын Маркстің ұсынысы бойынша түсіну, бір жағынан алғанда, жаңа
еуропалық классикалық философияның өріс күші шеңберінен шықпайды, ал екінші
жағынан — оны батыл сынап, жеңіп шығуға әрекет етеді. Маркс адамгершілікті ой
дәстүрін жалғастырды, ағартудың және классикалық неміс философиясының идеяларын
иеленді. Сонымен бірге бұған дейінгі бүкіл тарихтың нәтижелерін сынап жоққа шығару
тақырыбы оның еңбектерінің өзегіне айналды, өткен тарих адам тәжірибесінің аясы
арқылы түсіндірілді. Тарих философиясы адамның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға
байланысты бөлектенуін, езіліп-жаншылуын жоюға және жеке адамның өзін дамытуға
мол мүмкіндіктер беретін тиімді қоғамдық құрылысқа толық қызмет етуші «мөлдір»
қоғамдық қатынастар орнатуға бағытталған батыл әлеуметтік әрекетті негіздейтін құралға
айналды. Ақыл-ой белсенділігі иррациональдымен күресудің құралы ғана емес, ол
әлеуметтік іс-қимылдың бастамасы да.
Қоғамдық өмірдің алуан түрлілігін туғызатын біртүтас рухани бастауды іздеген осының
алдындағы тарих философиясының субстанциалистік құрылымын теріске шығарған
Маркс, базасында қызметтің жаңа түрлері қалыптасатын практиканың анықтаушы рөліне
сүйенді. Ол тарихтың мағынасы туралы өз түсінігін бүкіләлемдік-тарихи дамудың,
қоғамдық байланыстардың әмбебаптануының барысында бірін-бірі заңды түрде
алмастырып тұратын формациялық ансамбльдер болатын алғышарттарға сүйеніп
қалыптастырды. Ол үшін тек өндірістік күштердің өсуі ғана емес, тарих барысында жеке
тұлғаның өзін-өзі дамытуына ашылатын мүмкіндіктер де қоғам дамуындағы озық
ілгерілеудің өлшемі болып табылады. Тарихтың мағынасын түсінуде Маркстің көбінесе
Гегельдің ізімен жүргені анық, бірақ оның прогресті түсінуін өз теориясының жалпы
дүниетанымдық жорамалдарына сәйкес эмпирикалық деректерді жинақтау негізінде,
еркіндіктің арту дәрежесі ретінде, өзінше түсіндіруге әрекеттенді. Тарих бөлектенуді
еңсеретін және көздеген қоғамдық идеалға жеткізетін әлеуметтік-практикалық әрекетке
сәйкес мағынаға ие болады. Фейербахтың дәлелдері үйлесімді қоғамды — социалистік
дәстүрді жақтаушылар әрқашан бейнесін суреттеуге күш салып келген қоғамды
іздестіруге қосылып синтез жасалады. Бүкіләлемдік тарихты болашақтың ғаламат
мақсаттары арқылы қарастыру — тарихтың мағынасын марксше түсінудің бір ерекшелігі.