Page 52 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
52
кезеңдегі батысеуропалық классикалық ойдың нағыз мазмұнын құрайды. Ю. Хабермас
оны субъективтілік философиясы деп бекерге атамаған . Рационалистік нұсқаманы қолдай
келе, Жаңа заманның даналық тарихының өкілдері адамзаттың даму динамикасын
белгілейтін бастауларды түсінуге болады деп ойлады. Олардың көзқарасы бойынша, оңды
ілгерілеп, өріс алған рухани субстанциялық бастау бүкіл әлемдік тарихтың бірлігін алдын
ала белгілеген, қайта өркендеуден кейінгі кезеңде көпшіліктің өзіне сенімін орнықтырған
адамгершілік салтанатына да осы бастау жеткізеді. Ірі ауқымды тарихтық құрылымдар,
әдетте, болашақтың егжей-тегжейлі жасалған, көбінесе қиялшылдық белгілері бар
идеалдарын ұсынумен қабаттаса туындайды.
Табиғат әлемі мен мәдениеттің қарама-қарсы тұрғанын атап көрсеткен Жана заман
философтары адамды универсамның құрылымына ене алатын, сөйтіп, саналы түрде, ақыл-
ой қағидаларына сәйкес өзінің қоғамдық өмірін құра алатын тіршілік иесі деп таниды.
Адамдардың тарихи іс-әрекетіне бағыт беретін «табиғи заң» идеясы (Т. Гоббс, Дж. Локк
т.б.) олардың құрылымының маңызды игілігіне айналады. «Ежелгі және жаңа» замандар
туралы XVII ғ. өзінде-ақ өрістеген айтыстарда прогресс мәселесі талқыланды. Бұл мәселе
кейіннен Ағарту дәуірінің А.Р. Тюрго, Ж.А. Кондорсэ секілді бірқатар ойшылдарының
еңбектерінде егжей-тегжейлі талданып, зерттелді. Қоғамдық прогрестің, адамдардың
өміріндегі гуманистік бастаулардың салтанат құратынына сенімділік, алайда, біржақты
оңайлатылған сипатта болды: ағартушылар олардың түпкілікті жеңісін әуелден дайындап
қойылған, өзінше бір «өңін айналдырып алған құдіреттің» жоспарлаған әрекеті секілді
суреттеді. Олардың құрылымындағы осы бір әлсіз тұсты алғаш Ж. -Ж. Руссо анық
аңғарып, өркениет жетістіктерінің адамға бір мағыналы әсер етпейтіні туралы сөз қозғады,
ал И.Г. Гердер алуан түрлі мәдениеттер бар екенін, сондықтан прогресс автоматты түрде
жүзеге аса қалмайтынын атап көрсетсе, бұдан кейін романтикалық дәстүрді
ұстанушылардың байыпты сынының тақырыбына айналды.
Немістің классикалық философиясы тарихтың мағынасы мәселесін жаңа тұрғыдан
қарастыруды ұсынып, Жаңа заманның батысеуропалық ойының ізденістерін қорытып
түйіндегендей болды. Канттың еңбектерінің өзінде-ақ тарихқа біртұтас, заңдылықпен
бағытталатын үдеріс деп қарайтын көзқарасты да қоса қабылдауға болатыны және онда
адамның өзін-өзі еркін дамытуын жүзеге асырумен байланысты жеке-тұлғалық өлшемнің
бар екені туралы мәселе қойылды. «Философтардың адамзат ұрпағын қазіргі заманғы
азаматтық біріктіруге бағытталған табиғат жоспарына сәйкес бүкіл әлемдік тарих
жасамақшы әрекеті, — деп жазды Кант, — мүмкін және табиғаттың осы мақсатына
көмектесетін әрекет ретінде қарастырылуға тиіс» . Тарихқа мұндай философиялық
көзқарас оны ұжымдық ақыл-ойдың озып салтанат құруына, әлемдік қоғамдастықтың
үйлесімді жағдайына жеткізетін үдеріс ретінде көруді көздейді. Ол табиғаттың мақсатына
орай теологиялық тұрғыда алдын-ала көзделіп, алдын-ала белгіленген. Кант адам
бостандығын феноменді дүниеден жоғары тұрған, оған қарсы және қалыпты ортада
орнығатын құбылыс деп пайымдайды. Бірақ бұлай болған жағдайда табиғаттың мақсаты
мен жеке адамның өзін-өзі еркін жүзеге асыруының өзара байланысы туралы мәселе
туады.
Көрнекті неміс философы адамзат ұрпағының ілгерілеуі көбінесе қымбатқа түсетін, яғни
жеке тұлғаның мұрат-мүддесін талқан қылу арқылы жүзеге асатынын дұрыс атап көрсетті:
«Дегенмен адамзат ұрпағы үшін ілгерілеу, жаманнан жақсыға өту болып табылатын бұл
қозғалыстың жеке адам үшін дәл мұндай маңызы болмайды» . Әлеуметтік астан-кестен
өзгерістер жеке адамды жұтып қоюы, оның барлық күш-жігерін жойып жіберуі мүмкін, ал
жақсылық жол аяғында ғана жеңіске жете алады және оның тарихтың басталуымен бірге
өмірге келген жамандықсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Кант адамзаттың жетілуімен бірге
жеке адамдардың өмір сүруіне жақсы жағдайлар жасалу мүмкіндігіне сенді, бірақ тарих