Page 51 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
51
сындарлы түрде кайта пайымдауды қажет етеді: казіргі тарихи ақыл-ой біліктілігінің
мүмкіндіктері мен шама-шарқын, бүкіл әлемдік тарихи үдерістің бірлігі мен алуан
түрлілігін бұрынғы қай кездегіден де жете түсіну, оны жалпы адамзаттық
құндылықтардың келешегімен бірге көру, болашақ қандай баламалар дайындап
отырғанын болжап білу керек.
Еуропаның рационалистік дәстүрінің бастауын қалаған, болмыстың субстанциялық
анықтамаларын іздеген көне дәуір ойшылдарының философиялық-дүниетанымдық
зерттеулерінің өзінен-ақ қоғамдық өмірдің алғашқы рухани бастауларына жетуге ұмтылыс
байқалады. Ежелгі грек философиясының категориальдық аппаратын өздеріне бейімдеп
өзгертіп алған патристика мен орта ғасырдағы христиан авгорлары, содан соң Жана заман
теорияшылары да тарихи дамудың нобайларын жасауға ден қойды. Қашанда сол кезеңмен
және болашақпен тығыз байланысы үзілмейтін өткен кезенді адамның түсіну қабілеті тек
кейінірек қана мұқият талдаудың тақырыбына айналды. Тарихтың мағынасы туралы
мәселемен байланысты таным ілімі мен құндылық проблемалары XIX ғ. екінші жартысы
мен XX ғасырдың философиясында жеке қарастырыла бастады.
Тарихқа біртұтас мағыналы үдеріс ретінде қарауға бірден әрекет жасала қойған жоқ.
«Гректер мен римдіктердің, — деп жазады К. Левит, — біз жекеше түрде «тарих» деп
атайтындай бөлек сөзі болған емес, олар тек көпше түрдегі «тарихтар» («histirial») сөзін
білген» . Мұны көне дәуірдің Геродот, Фукидит, Тацит, Светоний т.б. көрнекті
тарихшыларының шығармашылығына қатысты айту ерсілік болмайды. Тек Полибийдің
шығармаларында ғана жалпы тарихтың жаңа түрі пайда болады. Әр түрлі аймақтардың,
елдер мен халықтардың арасында жан-жақты байланыстар орнауымен бірге тарихтың
бүкіләлемділігі идеясы пісіп жетілді. Көне дәуір философтары үшін «табиғат тарих үшін
үлгі болды, ал тарих табиғат үшін үлгі болған жоқ» . Көне дәуірдегі натуралистік
тарихилық адамзат тарихының бастауы проблемасын қоймайды, толығымен циклділікті
ұстанады, дегенмен соның өзінің шегінде дамылсыз зымырап бара жатқан уақыт —
«хронос» пен кейін христиандық ойдың игілігіне айналған тарихи игілікті уақыт -
«кайростың» қарсыласуы қалыптаса бастады.
Тарихтың мағынасын христиандық түсіндіру оны өзінше бір ерекше тұтастық, бірлік
ретінде пайымдап, ұғынуды білдіреді. Онда әлеуметтік даму диалектикасын
құдіретшілдік-ақырзамандық тұрғыдан түсіндіру басымдық алады, ішкі жан дүниенің
мұратын, тарихтың «мақсатын» («telos») іздестіру ойы жүзеге асады. Христиан
философтары мен дін уағыздаушылары басты оқиғасы Христің көрінуі деп есептейтін
«Қасиетті» тарих фәни дүние тарихының мағынасын түсінудің кілтіне айналады.
Ақырзаман аңыздары адамзат тарихындағы әр түрлі оқиғалар өтетін тұрақты «өріске»
айналады . Шіркеудің негізін қалаушылар адамды жарату сәтінен бастап қорқынышты сот
пен ақырғы құтқарылуға дейінгі әлеуметтік өмірді көрсетеді деп болжаған тарих
теологиясын жасап шығарды. Августин, Аквинат, Иоахим, Флорский секілді
ортағасырлық жылнамашылар тарихты нақ осы көзқарас тұрғысынан түсіндіреді.
Тарихтың
мағынасын
христиандық
түсіндірудің аясында оның мазмұнына
«субстанциялық» тәсілмен келу пайда болады. Белгілі бір ақырғы меженің бағытында өріс
алған оның тұтастығын қарастыру — уақыт кеңістігінде ашылатын қоғамдық өмірдің
біртұтас субстанциясын іздеудің өзі болып шығады. Жаңа замандағы батысеуропалық
даналық тарихының субстанциалистік тарихи тұжырымдамаларының қайнар көзін осы
тұстан іздеу керек.
Гегель Жаңа заманды «рух өзін ерікті сезінетін, өйткені ол шындыққа, мәңгілікке, өзіне
және өзі үшін жалпыға ұмтылатын» дәуір ретінде сипаттады . Универсумның жалпыға
бірдей ұтымды бастауын түсінуге қабілетті, еркін ақыл-ойдың қуатына деген сенім осы