Page 49 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
49
құрылған пайымдаулардың арқауынан да дәуірдің рухын аңғару қиын емес, өйткені оның
тағдыр-талайы белгілі бір қоғамдық топтың мұрат-мүддесіне ортақ жеке адамның
мүддесіне де соқпай өтпейді.
Тарихтың мағынасы туралы мейлінше алуан түрлі құндылық пен дүниетаным тұрғысынан
ойлайтын адамдардың арасында мұндай жағдайда өзара түсіністік болуы мүмкін бе?
Тарихты түсіну — «биліктің ауытқуына» жаппай байланысты деп, «жаңа философтар»
дұрыс айтып жүрген жоқ па? Адамдарға тарихи оқиғалардың мазмұнын өздерінің
құндылықты — мақсатты бағдарларымен, идеалдарымен салыстыру, өткен заманнан
бүгінгі күн үшін маңызды нәрселерді іздеу—тән қасиет. Адамдар басқа дәуірлер
өкілдерінің іс-әрекеттерінен, көбінесе, еліктеу үшін үлгі іздейді, қазіргі өз тілегіне жетудің
тәсілдерін таппақ болады. Мұндай «пысықайлықтан», әрине, арылу мүмкін емес, ол
өткеннің оқиғаларын маңызды, екінші дәрежелі немесе ұмытуға лайықты деп сұрыптап
бағалайтын, өмір сүрудің бүгін қызмет ете алатын құралдарын таңдап алатын
құндылықты айырушы санаға берік орныққан. Мәселе, тандап алынған құндылықты-
мақсатты нұсқамалар мәдени-тарихи дәстүрдегі шынайы бағалыны қаншалықты анық
көрсете алатынында, жалпы адамгершілік тұрғыдан маңызды нәрсенің сипатын
қаншалықты жеткізе алатынында болса керек. Құндылықтарды қайта бағалау, идеалдарды
құлату мәдени дамудың диалектикасына тән сипат екені құпия емес. Өмір бос қиялдардан
арылуға көмектеседі, оларды жоққа шығарады, олардың нақты үдерістерге жат екенін
көрсетеді. Бұл әсіресе құндылық түсінігі өзінің утопияға қарсы белгілерімен, болашақ
жайындағы оңайлатылған — оптимистік түсініктермен қоштасуға ұмтылысымен
ерекшеленген біздің ғасырдың аяқ тұсында айқын көрінді. Әдетте, болашақ даму
бағыттарын нақ әлеуметтік күштер дұрыс аңғаруға қабілетті, өздері де осыған мүдделі бұл
күштер ұстанған идеалдардың арқасында өткен замандар қойнынан баға жеткісіз, барлық
замандар мен халықтар үшін маңызды құндылықтар табылып отыр.
XX ғ. қалыптасқан жағдай адам баласына өткен тарих пен қазіргі заманды парақтап
түсіндіретін басым құндылықтарды ой елегінен қайта өткізу міндетін қойды. Бүгінгі таңда
әлем қоғамдастығы алдында тұрған міндеттердің ортақтығы көптеген дәстүрлі
мәселелерге жаңаша көзқарас туғызып отыр: қазіргі күннің ғаламдық проблемалар
жиынтығына тап келген адам ұрпағы аман қалу үшін күресу жолдарын іздестіру үстінде,
сондықтан ол планетадағы күллі адамзаттың қабылдауына болатын құндылықты-
мақсатты бағдарларын іздеп-табуға тиісті. Бұл өткен тарихпен әңгіменің, қашанда бүгінгі
күнмен бірлікте түсінікті болатын әңгіменің сипатын белгілейді, ол қазір жаңаша
ойлаудың аса маңызды нұсқамаларына сәйкес - өмірді, адам ұрпағын сақтаудың іргелі
кұндылықтарына, жеке адамның өзін-өзі еркін жетілдіруін және демократияны
қамтамасыз етуге, мәдениет әлемін дамытуға сәйкес қарастырылады. Бұның бәрі шындық,
сұлулық пен игілік арқылы ғана жүзеге асады. Осы айтылған, тағы да басқа жалпы
адамзаттық құндылықтар мәдени-тарихи дәстүрдің жалпыға бірдей маңызды және оның
өзінде жинақталған көріну аясын белгілейді.
Біз «өткеннің тағлымдары» туралы жиі айтамыз, шынында да, біздің өмірімізді бойына
тарихи тәжірибе жинаған дәстүрдің екпінді ағынынан тыс көзге елестете алмайсыз.
Тарихтың мағынасы да сол арқылы қарастырылады, ол туралы өзімізде бар түсінік
түзетіледі. Тарихи тәжірибе — адамның әлеуметтік әлемді оның уақыт аралығындағы
қалыптасу барысында танымдық және рухани-практикалық тұрғыда игеруінің
қорытындысы. Ол біліммен ғана емес, құндылық туралы түсініктермен де
толықтырылады. Практикалық қызмет тарихи тәжірибені оның иелері — әлеуметтік
топтардың, халықтар мен жеке адамдардың жинақтауын ынталандырады. Білім мен
құндылық түсініктері тарихи оқиғаларды көзбен көріп бақылаудың немесе сол
оқиғаларды жүзеге асыруға тікелей қатысудың нәтижесі болуы мүмкін. Тарихи тәжірибе