Қазақстанның ашық кітапханасы
48
Осы мақсатқа ұмтылған философ бүгінгі таңда дүниежүзілік-тарихи үдерістің жалпы
мазмұнын қасаңдықпен құрастыра алмайды, өйткені өткен тарих туралы білімнің тез
өзгеруі, оны түсінудің өзіндік ерекшеліктері жөніндегі ой-толғамдары мұндай
әрекеттердің беделін түсірді.
Тарихтың мағынасы туралы пайымдаулардағы «сәуегейлік сарын», мұндайдың көрінуіне
абсолютті дәмелілік қазір сандырақ, ал кейде, олардың саясат сахнасына «шығуын»
ескерсек, қауіпті де болып көрінеді. Бүкіл әлемдік тарихи үдерістің тұтастығын түсіндіру
әрқашан нақты жағдайда — «осында» және «қазір» қалыптасады, сондықтан әрбір
түсіндірудің
қандай
ғылыми
жаңашылдықтың, әдістемелік және теориялық
алғышарттардың негізінде жасалғанын анықтау мүлде оңай шаруа емес. Философ өзіне
қажетті тарихи білімдерге өзіндік бір іріктеу жүргізеді. Ол дүниежүзілік тарихтың қандай
да бір картинасын ақыры қабылдайды, оны өзіне белгілі теориялық тұжырымдармен
салыстыра отырып, ой елегінен өткізеді. Жаңа эмпириялық деректер де оның тарихтың
мағынасын түсінуіне, бұрын мызғымастай көрінетін түсініктерді «іштей бұзған» секілді,
едәуір ықпал етпей қоймайды. Сондықтан, философиялық келеліліктің мейлінше
ғаламилығына қарамастан, ол тарихшы-талдаушының міндетін де атқара алады. Философ
назарындағы тақырып пен жалпы тарих, жекелеген елдер мен халықтар тарихы мәселелері
саласының маманы назарындағы тақырыптың арасында алынбас кедергі жоқ және болуы
да мүмкін емес. Олардың бүкіләлемдік тарихи үдерісті түсінуінің тар аясында ғана
өзгешеліктер бар, өйткені философ бұл үдерістің кейбір кезеңдеріне тек тұтастық
тұрғысынан көңіл қояды, ал тарихшы, керісінше, адамзат басып өткен жолдың бәрін
назарда ұстай отырып, өткеннің жекелеген кезеңдерін алдымен қарастыруды өз міндеті
санайды. Өзіндік бір «тарих идеясын» басшылыққа алған философ өзі жинақтап-
қорытқандардың таным-іліміндік, теориялық-әдістемелік алғышарттары жайында ғана
ойланып қоймай, олардың кұндылық негізіне де ой жүгіртуі керек.
Философия, Маркстің дәл сипаттамасы бойынша, «мәдениеттің тірі рухы» болып
табылады. Оны әлеуметтік өмірдің нақты арқауына тартылған белгілі бір дәуірдің
ойшылына тиесілі шындыққа рухани-практикалық қатынастың нәтижелерін теориялық
тұрғыдан қорытып түйіндейді деуге болады. Бұл әсіресе қоғамдық дамудың мағынасы
туралы мәселе көтеріп жүрген тарих философиясына қатысты сондай сипат алады. Адам
қашанда тарихты тек шын оқиғалар сипатындағы нақты үдеріс деп қана қарастырмайды,
тарих ол үшін құндылықтың да рөлін атқарады.
Адам өз болмысының күштерін ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мәдениеттің нақты түрлеріне
үнемі заттандырып отырады. Тіпті, табиғаттың өзі де, адам қызметінің арқасында,
құндылық сипаттамаларына ие болады. Әрине, адам үшін кұндылықтар бүгінгі күннің
тұрғысына ғана орналаспаған. Олар өткен заман мен келешектің өрісін біріктіретін уақыт
ағымында тіршілік етеді деуге болады. Тарихтың ерекше заттай құндылықтар ретіндегі
өзіндік болмысы да осыдан көрінеді. Адам өз заманының әр түрлі құндылықтарын
жинауға ғана шығармашылықпен қарамайды, ол өткенге де үнемі үңіліп, оның
мұраларының мазмұнын заттандырады, сөйтіп, өзінің бірегей мәдени-тарихи әлемін
қалыптастырып, болашақтың бейнесін жасайды. Сондықтан да тарихтың мағынасын
философиялық дүниетанымдық тұрғыдан іздестірудің өзі, тарихтың мәнісін түсіндіруге
талаптанатын қатаң құрылымдар түрінде болған күнде де, қандай да бір құндылықтың
түсіне боялады.
Тарихтың мағынасы туралы сұрастыратын адам қашанда оның өзінің құндылық және
дүниетаным бағдарынан көрінетін әлеуметтік нұсқаманы білдіреді. Ол өзінің осы заманға,
өткен заман мен болашаққа қатынасын білдіретін нақты қоғамдық ортадан, жағдайдан тыс
қала алмайды. Тарихи үдерістің мәнісі, оның бағыты туралы кейде абстрактілі есепке