Page 47 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
47
XX ғасырдың екінші жартысында прогреске бір жақты көзқарас, оның жүзеге асуы бір
мағыналы деп ойлайтын көзқарас өзінің беделінен толық айырылғаны мағыналы деп
ойлайтын. Көзқарас өзінің беделінен толық айырылғаны мейлінше анық көрінді. Иә, тарих
адамзаттың табиғат күштерін игеруімен, өндіріс күштерін, экономикалық және әлеуметтік
қатынастарды жетілдіруімен, жаңа мәдени құндылықтардың үздіксіз жаратуымен, ілесе
жүреді, бірақ оның барысы бір мағыналы түрде алдын-ала белгіленбеген, ол көп нұсқалы,
көп баламалы, сондықтан әрекет етуші адамдардың белсенділігін талап етеді. Қазір,
бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде, қоғамның адамгершілікті жағын прогрестің
көрсеткіші ретінде қарау мәселесі өткір қойылып отыр. Бұл критерий алдыңғы кезекке
шығарылады, өйткені өндіріс күштерін жоғары деңгейде дамытуға, керемет техника мен
технологиялар жасауға, қоғамдық өмірдің барлық саласын мейлінше тиімді етуге болады,
бірақ адамның бір шетте, бөлектенген вакуумда қалдырылуы мүмкін. Түптеп келгенде,
қандай да бір қоғам түрінің прогресшілдігін нақ осы өлшеммен, адамның өзін-өзі
жетілдіруіне көмектесетін жағдайлардың деңгейімен бағалау қажет. Әлеуметтік прогресс
қазір жаңа ойлау белгілеген құндылықтармен өлшенеді, бұл құндылықтардың арасында
адам негізгі орын алады.
Тарихтың мағынасы туралы біздің ой-толғауларымыз көбінесе өткенді түсіну үшін
қолданылатын ойлағыштық және құндылық алғышарттарынан туындайды. Тарихтың
мағыналық мазмұны адамның тарихи тіршілігінің елес-көлеңкелері арқылы жеткен
түсініктер нәтижесінде оның өзінің игілігіне айналады. Адамның жанды тіршілік иесі
ретінде өзінің өткенмен байланыстылығын сезінген, бүгінін уайымдап, болашағына ой
жүгірткен өмір сүру тәсілі оның тарихты түсінуі мен пайымдауына өшпес ізін қалдырады.
Әрбір жеке адам белгілі бір әлеуметтік дүниеде, қоғамдастықта өмір сүреді, соған қарай
өткен тарихты өзінше көріп-біледі, соның өзінде де, лайықты негізде адам болу - тарихтан
ажырағысыз болу деп айтуға болады. Тарихтың тұтастығын пайымдау құндылықтармен
безендірілген және адам тұрмысының тәсілдерінен тамыр тартатын күрделі таным үдерісі
екені бірден түсініле қойған жоқ. Ол батыс ойшылдары «тарихи ақыл-ой сынының»
қажеттігі туралы айта бастаған өткен ғасырдың екінші жартысынан бері ғана
философиялық ойлаудың игілігіне айналды. XX ғасыр бұл бағыттағы ізденістерді
тереңдетіп тарихтың мағынасын іздеп табу үдерісінің неғұрлым мазмұнды түрде көрінуіне
алып келді. Кәсіби тарихшылар мен философтар тарихтың мағыналы көріністерін табу
тәсілдерінің өзін ойластыра бастады.
Тарихшы қашанда өз зерттеуінің тақырыбын мағыналық бірлік ретінде түсінуге
ұмтылады. Уақыттың қойнауына батып кеткен жергілікті оқиғалар, үдерістер жекелеген
халықтардың, мемлекеттердің, адамзат басып өткен бүкіл жолдың неғұрлым кең
мағыналы тарихына кіргізіліп жазылуға тиісті. Бұл үшін белгілі бір философиялық-
дүниетанымдық негіздеулер талап етілетіні айдан анық. Тарих білімінің өзіндік
философиялық жүгі ауыр екендігі де сондықтан. Бірегей тарихи оқиғаларды бүкіл әлемдік
тарихтың картинасымен байланысты көру — философиямен шұғылдану деген сөз.
Тарихтың мағынасы туралы ой толғайтын философтың жұмысы мұнан да күрделі: ол өзі
қабылдаған дүниетаным тұғырнамасына сүйене отырып, тарихи білімдерді талдауға тиіс
болады. Оның жұмысында философиялық ой-толғамдары өзіндік бір көп қалыптылыққа
ие болады: бұлайша ойлау өткен оқиғаның тандап алынған көрінісіне, философ
қарастырып отырған оқиғалардың біразының мәнісін ашуға үміткер, бәсекелес
теорияларға сүйенеді, эмпирикалық деректерді пайдалануды көздейді, ал олардың көлемі
өзгермей тұрмайды, өйткені мамандардың назарына жаңа дереккөздер ілігеді, кейде, тіпті,
ескі деректердің бұрын белгісіз қырлары ашылып, басқа аяда көрінуі де жиі болып
тұрады. Осының бәрінде де философ өзінің міндетті мақсатын — тарихты мағынаға ие
бүтін ретінде қарастыруды ұмытпауға тиісті.