Қазақстанның ашық кітапханасы
44
Тұтастық ретінде әлем әрқашан дүниетанымның «объективіне» ілінеді, бірақ ол өзіне
қатынасқа қарай, тарихи тұрғыда бейнеленеді. Әлем қашанда өзінің белгілі бір қырымен
адамға бұрылып тұратын секілді. Белгілі мағынада біз әлденеше әлемге тап болып
отырмыз. Дүниетаным тұтастай әлемді ғана емес, көбінесе табиғи немесе әлеуметтік-
тарихи шындықты бейнелеуге бағдарланады. Біз үшін дүниетанымдық сенімдердің қандай
түрде бейнеленіп қалатынының елеулі маңызы бар. Өйткені дүниетанымның
мифологиялықтан бастап философиялыққа дейінгі алуан түрі белгілі, әр түрлі
дүниетанымдық түсініктерде белгілі бір дәуірдің, халықтың рухани мәдениетінің
әмбебаптығы тиянақты формаға ие болады. Дүниетанымдық сенімдердің фактілерді қатаң
айқындау мен теориялық пайымдаулардан өзгешелігі сол — олар біздің біліміміздің
белгілі дәрежеде толық емес екендігін көрсететін мейлінше кең тақырыптық салаға
жатқызылған. Алайда бұл кез келген сенімдер тең бағалы дегенді мүлде білдірмейді.
Сондықтан да біз шындықтың дүниетанымдық сенімдерде бейнеленуі тәсілдері туралы
айтқанда, олардың шынайы немесе қиял екендігі жайында ойлануға құқылымыз.
Дүниетаным ғылыми яки ғылыми емес ұғымдық үлгісіне бағдарлануы мүмкін.
Дүниетанымға оның әлеуметтік шарттылығы, құндылық мазмұны жағына қарау
қызығушылық туғызады.
Тарихтың мағынасы туралы ойлану философияның ғана үлесі емес. Тарих рухани
мәдениеттің әр түрлі формаларында бейнеленеді, оларда дүниетанымдық пайымдаудың
тақырыбына айналады. Тарихтың дүниетанымдық категория ретіндегі мәртебесі адамның
өз халқына және бүкіл адамзатқа өзінің ортақ екенін тарихтан тыс жете түсіне
алмайтынымен анықталады. Ал тарих жекелеген халықтардың немесе адамзаттың
дамуының біртүтас үдерісі ретінде түсінілген кезде оның мағынасы туралы
дүниетанымдық сұрақ тумай қоймайды. Философияға дейінгі дүниетанымның көптеген
формалары бұл сұрақтың жауабын іздестірді. Тарих феноменін қаншалықты
қабылдамағанына қарамастан, мифологиялық дүниетанымның өзі-ақ оны оралып өте
алмады. Мұнда тарихтың мағынасы өткен кез туралы әңгімені қазіргі кез туралы
баяндаумен қатар жүргізуді көздейтін бастапқы мифолегемманың көмегімен
қарастырылды. Мысалы, VIII ғ. басында туған жапонның жазба ескерткіштері «Кодзики»
(«Ежелгі дүние істері туралы жазбалар») мен «Нихонги» («Жапония жылнамасы») осы
елдің тарихына шолу жасауға және «ғасыр құдайлары», Аспанның әйел-құдайы
Аматэрасу туралы космогониялық мифке сәйкес Ямота патшаларының династиялық
құқығын дәлелдеуге талаптанған. Діни дүниетаным тарихтың өз түсінуіндегі біртұтас
бейнесін жасайды. Бұған христиандардың эсхатологиялық мифологиясы мысал бола
алады, онда құдай-адамның көрінуі адам тарихының мағынасын ашудың кілті болып
саналады. Алайда тек философия ғана тарихтың мағынасы туралы мәселені кеңейтілген
теориялық формада қояды.
Философиялық ойлаудың өзіндік ерекше белгісі — теориялылық. Философия дүниетаным
мәселелерін теориялық құралдармен шешеді, өзінің ережелері мен қорытындыларын
дәлелдейді. Ол — категориялар тілімен ой тұжырымдайтын жалпы теориялық
дүниетаным. Жалпы философиялық бағыттар қандай да бір ойшылдың тарихқа, оның
мағыналық мазмұнына көзқарастарынан да өзінің «жолын» тауып шығады. «Тарих
философиясы философияның өзін адамның рухани-адамгершілік, құндылықты-
дүниетанымдық, психологиялық және сезімдік бағыт-бағдарын ғылыми біліммен
біріктіру, шындықты практикалық — рухани игеру және ғылыми тұрғыдан тану арқылы
түсіну үшін мейлінше ерекше әрі елеулі роль атқарады» . Көптеген дүниетаным
түрлерінің арасында тек тарих философиясы ғана тарихтың мағынасы мәселесін
теориялық тұрғыдан қойып қарауды ұсынады, бұл тарихқа рухани-практикалық,
құндылық тұрғыдағы қатынастың және адамзаттың даму үдерісі туралы бізге түсінікті