Қазақстанның ашық кітапханасы
42
Кіріспе
Тарихтың бірлігін аңдау, яғни жалпы
тарихты тұтастық ретінде түсіну,
тарих білімінің өзінің түпкілікті
мағынасын іздеуге ұмтылысын туғызады
К. Ясперс
Тарихқа ежелден даналыққа жетуге, қоғамдық оқиғалардың жөңкілген ағысында бағдар
табуға мүмкіндік беретін өмір ұстазы ретінде қарап келеді. Осыдан жүз жыл бұрынғыдай,
тарихтың мағынасы туралы қазіргі кездегі дүниетанымдық, түсінік те өткен мен бүгіннің
нақты тәжірибесін «жинақтайды». XX ғасыр ғылым мен техниканың салтанат құруына
ғана жеткізіп қойған жоқ, ол екі дүниежүзілік соғыстың қайғы-қасіретін, тоталитаризмнің
қанды қиялшылдығын алып келді, адам ұрпағын сақтап қалудың өзі соларды шешуге
байланысты проблемаларды алға тартты. Міне, сондықтан да батыстың көптеген
ойшылдары тарихтан ақыл-ой мен әділеттілік патшасын көруден үміт үзіп, немесе
дәуірдің талабына дәстүрден тыс жауап іздеуге көшіп отыр.
Қайсыбір ойшылдың қандай бағдарды, философиялық дүниетанымды ұстанатынына
қарамастан, қазір батыс теорияшыларының тарихты адамзатқа жасырын яки анық қауіп
туғызатын күш деп түсінуі жиілеп барады. Тарихқа сенбеудің, тіпті одан үрейленудің
ортақ ахуалы қалыптасуы да, ал оның мағынасы бар екеніне күмән келтірілуі де осыдан
шығып отыр. Тарихтың мағынасын теріске шығару қазіргі батыстың ірі суреткерлерінің
шығармаларының беттерінен орын алып, көпшіліктің санасына сіңіріле бастады. <...>
Тарихтың мағынасы туралы қазіргі батыстық тұжырымдамалар Жаңа заманның
классикалық философиясының мұрасына , атап айтқанда дүниежүзілік тарихи үдерістің
мәнісі туралы маркстік ілімге тікелей қарсы шығу болып табылады. Егер Жаңа заманның
классикалық философиясы дүниежүзілік тарихтың мазмұнын түсіну, оның бірлігінің,
прогресшіл ілгерілеу қозғалысының, адамның және бүкіл адамзаттың жетілуінің
негіздерін табу мүмкіндігі туралы сенімге толы болса, казіргі батыстың тарихтың
мағынасы туралы тұжырымдамалары бұл идеяларды жаппай теріске шығарумен
байланысты болып отыр.
Батыс
ойының
«өмір
философиясы»,
жаңакантшылдық,
жаңагегельшілдік,
жаңапозитивизм т.б. бағыттары болып табылатын «тарихи ақыл-ой сынын» жақтаушылар
тарихтың ғаламдық мағынасын түсінудің мүмкіндігіне күмән келтірді. «Жергілікті
өркениет» тұжырымдамалары дүниежүзілік-тарихи үдерістің бірінші және ілгерілеуші
бағыты туралы қалыптасқан түсінікті жоққа шығарады. Экзистенциализм жолын
ұстанушылар қоғамдық-саяси дамудың адамдар арасындағы бөлектенуді күннен-күнге
үдетіп бара жатқан адамгершілікке қарсы ұстанымын әшкерелеп келеді. Франкфурт
мектебі мен «жаңа философияның» теорияшылары «тарихқа қарсы бүлікті» өздерінің
басты міндеті деп санайды. Осылайша қалыптасқан жағдайда тарихтың мағынасын діни -
философиялық тұрғыдан дәлелдеудің кең танымал бола бастауы да түсінікті. Неотомизмді
және католиктік ойдың басқа да бағыттарын жақтаушылар, жаңа протестантизмнің
өкілдері шегіне жеткен тарихи релятивизмге қарсы шығып, қазіргі заманғы өркениетті
құтқарып қалу үшін діни-адамгершілік құндылықтар жүйесін ұсынуда. Тарихты діни
тұрғыдан
талдап-түсіндірулер
біздің
ғасырымыздағы
зайырлы
батыс
тұжырымдамаларымен ойдағыдай бәсекелесіп келеді, өйткені дүниежүзілік-тарихи