Page 41 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
41
кінәлайды. Екі ұлы жасампаздық болып табылатын — қайсарлық пен қуат, сонымен бірге
біз варварлық деп атаған кезеңде тамаша сапамен көрініс берген адамның екі ұлы күшін
құрайды.
Мұндай екі жақты жазғыруға жеңіл жауап беріп және оны дәлелдеуге болар еді.
Біріншіден, өркениеттің қазіргі жағдайы, егер оны тереңірек және тұтас алып қарайтын
болсақ, адамгершілік тұрғысынан алғандағы оның нәтижесі эгоизм мен нәзіктік болмауы
керек, екіншіден, шындығында, жаңа уақытта өркениетті елдерде де төзімділікке
байланысты кемшілік болған жоқ. Бірақ бұл мәселенің шешілуі мені өте тереңге алып
кеткен болар еді, ал маған бітіру керек. Өркениеттің казіргі жағдайы төзімділік пен
адамгершілік қуатына, мен бас кезінде айтқан патриотизмге, жалпы алғандағы адамның
барлық сапалары мен сезімдеріне жаңа қиындықтар туғызады. Біздің табиғаттың бұл ұлы
қасиеттері өте жиі кездейсоқ, ойламаған жерден көрініс берді, ол оның себебіне мән
берген жоқ. Енді олардың саналы негізге сүйенуіне тура келеді. Олардың әрбір көрінісі өз
мотивінің заңдылығына және нәтижесінің пайдалылығына сүйенуі тиіс. Бұл — өзінің
ұлылығын дамыту үшін адамның табиғаты көтеруі тиіс жаңа ауырлық. Ол оны көтереді,
өйткені адам табиғаты ешқашан одан талап етілген жағдайлардан бас тартқан емес. Одан
көп талап еткен сайын, ол көбірек береді, оның байлығы шығындармен бірге өсіп
отырады. Қуат пен қайсарлық басқа формаларда көрініс берген, басқа қайнар көздерден
пайда болады. Біз идеяларға, біздің адамгершілігімізге сәйкес келетін көз жеткізуге тиіс
ішкі сенімдерге ие емеспіз, ал бұрын әрекет еткен қайсарлық пен қуат принциптері қазір
қабілетсіз, өйткені олар біздің сенімімізді жоғалтты. Біз барлық күшімен бізді билейтін,
бір уақытта көзімізді жеткізіп және қозғайтын принциптерді табуымыз керек. Олар
қайсарлық пен қуатты тәрбиелейді, олар ақылға адамгершілік денсаулықты құрайтын
пайдакүнемдіксіз қызметті және беріктікті хабарлайды. Бізді осыған мәжбүр ететін
прогресс, бізге оның талаптарын қанағаттандыруға да мүмкіндік береді.
Біз сол үшін жиналып отырған сабақ тек білім беруді ғана мақсат етіп қоймайды. Қазіргі
кезде интеллектуалдық даму оқшауланған факті болып қалмау керек. Біз одан біздің
елімізге қажетті өркениеттің жаңа құралдарын, ал өзіміз үшін адамгершілік қайта өрлеуді
алуымыз керек. Әрине, ғылым тамаша, оның өзі-ақ адамның еңбегіне тұрарлық, бірақ ол
әрекет ететін күшке айналып, жасампаздықты тудырған кезде ол мың есе тамаша болады.
Сонымен біз — шындықты ашып, оны қоғамның пайдасы үшін сыртқы фактілерде жүзеге
асырып, оны біздің қайсарлығымызды және адамгершілік энергияны тудыратын, адамның
жердегі күші мен құдіретін құрайтын ішкі нанымымызға айналдыруымыз керек. Біздің үш
жақты мақсатымыз осындай. Біздің ауыр және баяу жұмысымыздың нәтижесі де осындай
болуы керек. Адамның құдіреті оның мақсатқа жылжитындығында болып табылады. <„.>.
Тәржімалаған
Назарбек Қанафин
ГУБМАН БОРИС ЛЬВОВИЧ
ТАРИХТЫҢ МАҒЫНАСЫ:
ҚАЗІРГІ БАТЫС ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫНЫҢ ОЧЕРКТЕРІ