Page 40 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
40
интеллектуалдық құрылыста әрқашан фактіге, әлеуметтік жағынан - идеяларға
басымдылық беріп, біздің ақылды шындыққа сәйкес бағыттап, ғылыми әдістің
қаталдығын және ақылдың заңды билігін қолдауымыз керек. Мұнда ешқандай қарама-
қайшылық жоқ, керісінше, ол адамның әлемнің көрермені және оның әлемді жасаушы
ретіндегі жағдайының нәтижесі. Мен ештеңе ұсынбаймын, мен ештеңе түсіндірмеймін,
мен тек іс жүзіндегі нәрсені суреттеймін. Біз өзіміз жасамаған және ойламаған әлемге
тасталғанбыз, біз оны табамыз, зерттейміз, қажет болған жағдайда біз оны берілген факті
ретінде мойындауымыз керек, өйткені ол бізде өмір сүреді және бізге тәуелсіз өмір сүреді,
біздің ақылымыз фактілер бойынша жұмыс істейді, оның жалғыз дерегі факті болып
табылады, ол жалпы заңдылықтарды ашқан кезде, олардың фактіден басқа ештеме емес
екеніне көз жеткізеді. Біздің көрермен ретіндегі жағдайдың салдары осындай. Ал
жасаушылар ретінде біз басқаша әрекет етеміз, біз фактілерге бақылау жасағандықтан,
оларды білу олардан жоғары тұрған біздегі идеяны дамытады, біз өзімізді қайта өңдеуші,
жетілдіруші ретінде сезінеміз. Шынында да, бар нәрсені бағыттауға тиісті адам ретінде,
біз өзімізді әлемде әрекет етуге қабілетті ретінде сезінеміз. Көрермен ретінде адам
фактілерге бағынады, ал жасампаз ретінде ол оларды игере отырып, оларға анағұрлым
таза, анағұрлым дұрыс форманы хабарлайды. Сонымен, менің біз шешуге тиісті
мақсаттарда қарама-қайшылық жоқ деуге толық құқығым болды. Бұл екі міндетпен екі
қауіптің де байланысты екені шындық. Фактілерді зерттеген кезде, сананы олар басып
қалатын болғандықтан, ол төмендеп, кішірейіп, мені бір қарағанда таң қалдырған
фактілерден басқа факті жоқ деп ойлап қалуы мүмкін. Мұндағы ауқымды және дөрекі
қателік, қашық, ауқымды, қараңғы, қол жеткізуге қиын, бізден жоғары тұрған фактілер.
Екінші жағынан, адамзат санасының атаққұмарлығы, оның шынайы әлемдегі әрекетінде
еліктеуге, қиялға бейім, оның өз мақсатын өте алыс және баяу қозғалуы оны адасуға
ұшыратады. Бірақ бұл екі мақсат тек екі міндетті дәлелдейді. Бұл міндетті орындау,
мақсатты шешу өркениеттің қазіргі жағдайы оны анық қойып, оны көз алдыңнан
жоғалтуға мүмкіндік бермеуі үшін қажет. Біздің кезде шындықты іздеу барысында
ғылыми тәсілден ауытқыған кез келген адам, фактіні қандай да болмасын ойдың
дамуының негізіне алмайды және қоғамды басқару кезінде принциптерді, идеялар мен
доктриналарды есепке алмаған әрбір адам берік жетістікке және шынайы ықпалға қол
жеткізе алмайды. Ақыл жағынан болсын, қоғам жағынан алғанда болсын бәрі біздің
еңбектеріміздің осы адамзат кызметінің осы екі заңына сәйкес келуіне, өркениеттің осы
екі ұмтылысына байланысты.
Бұдан басқа біздің тағы бір мәселені шешуіміз керек. Мен қазір сіздердің алдыларыңызға
қойған екі мәселенің бірі — ғылыми, екіншісі - әлеуметтік, бірі - ақыл саласына,
шындықты зерттеуге жатса, екіншісі — бұл зерттеу нәтижесін шынайы өмірде қолдануға
жатады. Үшіншісі де — өркениеттің қазіргі жағдайынан туындайды, оны орындау да бізге
жүктеледі. Ол ғылымға да, қоғамға да қатыссыз, біздің әрқайсымыздың ішкі дамуымызды,
әрбір жеке адамның маңызы мен сапасын бейнелейтін - адамгершілік мәселесі.
Біздің өркениетімізді ол біздің адамгершілік табиғатымызды улайды деп кінә тағады.
Үнемі бәрін талдауға, өлшеуге, белгілі бір пакты және анық бағалауға ұмтылдыра отырып,
ол адамның жанын тарылтып, оны суық етеді дейді. Адамдардың ешнәрсеге алданбауға,
кез келген қиялға, кез келген саналық әлсіздікке берілмеуге, бәрінін шынайы бағасын
білуге ұмтылуы оларды жалықтырып, олар тек өздерін жақсы көретін болады деп
есептейді. Сонымен бірге қазіргі өмірдің жұмсақтығы, қоғамдық қатынастардың
жеңілділігі және ыңғайлылығы, қоғамда билік етуші тыныштық олардың мінезін
жұмсартып, қуатын азайтады деп ойлайды. Адамдар барлық нәрсеге өздері үшін
ұмтылады, ешнәрседен бас тартпайтын болады, бір сөзбен айтқанда - эгоизм, құрғақтық
және әлсіздік өркениеттің казіргі жағдайының табиғи нәтижесіне айналатын болады деп