Page 39 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
39
Ондағы идеялардың, саналардың, адамның ішкі рухани жағындағы прогрессивті
қозғалысы мен сыртқы және бәріне ортақ жалпы жағдайларын зерттеу қажет. Егер біз оны
осылайша қарайтын болсақ, онда барлық Еуропа тарихында біздің жеке өзіміздікіндей
кездестірмеген бірде-бірде жағдай табылмайды. Осылайша, біз алдымызға қойған тарихи,
ғылыми мақсаттарымызға қол жеткіземіз. Сахна мен актерлердің көптігіне және әр
түрлілігіне қарамастан, біз Еуропа өркениетінің дамуы жайлы қойылымға қатысамыз.
Бірақ бізде қойылымға қатысудан басқа, бұдан да маңызды мақсат бар. Біз мұнда білім
үшін ғана келмейміз. Жалпы өркениеттер тарихы, оның ішінде француз өркениеттер
тарихы біздің уақыттың ерекшелігін құрайтын, ұлы мақсатты қойды. Оны шешуге бүкіл
келешек, бүкіл адамзат келешегі мүдделі, ал оны шешу — біздің міндетіміз, біздің
ұрпақтардың міндеті.
Қазіргі кезде интеллектуалдық құрылыста, шындықты іздеу тәсілдерінде қандай рухтар
басым, оның пәні неде? Қазіргі кездегі интеллектуалдық құрылыстағы рухтар —
қаталдық, сақтық, ұстамдылық рухы, ғылыми зерттеу рухы, философиялық тәсілдер. Ол
фактілерге мұқият бақылау жасай отырып, фактінің белгілі болуына қарай, өзін баяу,
біртіндеп толықтырып отырады. Бұл рух соңғы елу жылда материалдық әлеммен
айналысушы ғылымда басымдыққа ие болып, оның жеңісін және даңқын негіздеді. Ол
енді моральдық әлем ғылымдарына - саясатқа, тарихқа, философияға тереңдеп енуге
тырысты. Ғылыми тәсіл барлық жерде таралып бекіді, барлық жерде фактілерді негізге
және басшылыққа алу қажеттігі сезілді. Бәрі де өзінің ғылым материалын құрайтынына
сенімді, егер идея фактіден алынбаса, ешқандай жалпы идеяның шынайы мәні болмайды.
Интеллектуалдық құрылыс заманға сай күш пен қуаттан құралады.
Шынайы құрылыста, қоғамдық әлемде, басқаруда, әкімшілікте, саяси экономияда басқа
бағыт басым. Мұнда идеялар, талқылаулар, жалпы принциптер, яғни теория деп
аталатындар басымдыққа ие. XIX ғасырда бетбұрыс жасаған барлық еңбектердің сипаты
осындай. Бұл сипат өтпелі кезеңде дағдарысқа ұшырамайды, бұл қоғамдық тәртіптің
тұрақты қалыпты, бейбіт сипаты. Ол барлық жерде әзірленді. Бұл тәртіп жалпыға бірдей
талқылауға және жариялылыққа, қоғамдық сана билігіне, доктриналар мен көз жеткізуге
негізделген. Бір жағынан, ол фактілер ғылымда ешқашан бұлай орын алған жоқ, екінші
жағынан, идеялар практикалық өмірде ешқашан мұндай рөл ойнаған жоқ.
Жүз жыл бұрын мүлде басқаша болды. Интеллектуалдық құрылыста, талқылаулар мен
қиялдарда шек болмады, ғалымдар тек болжаммен шектелді, логикалық қорытынды
жібінен басқа басшылыққа алар фактісі болмады. Саяси құрылыста, шынайы өмірде
фактілер қуатты болып, өзінің табиғаты жағынан заңды болып есептелді. Ғалымдар
фактілерге шүбә келтіріп, қарсылықтарын білдіретін болса, ол тек ойдың батылдығын
ғана білдірді.
Сонымен, өркениет барысы істің бұрынғы жағдайын сыпырып тастады, бұрын ойдың
еркін қозғалысы билік еткен жерде фактінің басымдыққа ие болуына, ал тек қана
фактылар беделі билік еткен жерде идеялардың ықпал етуіне әкелді.
Бұл нәтиже қазіргі өркениетті кінәлаудан көрініс береді. Оның қарсыластары адамзат
ойының қазіргі жағдайы және оның бағыттары жайлы айта ма? — олар оны құрғақ, ұсақ
деп кінәлайды. Олардың пікірінше, бұл қатал жағымды әдіс идеяларды кемсітіп, қиялды
мұздатады, ақылды оның ұлылығы мен еркіндігінен ажыратады, оны тарылтады.
Қоғамның жағдайын кабылдау және жетілдіру жайлы әңгіме бола ма?
Біздің өзімізді бұл екі жақты кінәлаудан, дұрысырақ айтқанда, екі жақты қауіптен
тазартуымыз керек. Бұдан келіп шығатын мәселені біз шешуге тиіспіз. Біз