Page 38 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
38
шынайылығына сенбеуге болмайды, өйткені ол ұзақ ең негізгі ауыр сәтсіздіктерге қарсы
күресті. <...>.
XVII және XVIII жүзжылдықтардағы жаңа кезеңде идеялар мен фактілер арасындағы
тығыз және тез орнайтын байланыс, адам мен коғамның біркелкі дамуы көзге көрініп тұр,
сондықтан ондай қажеттілік жоқ.
Сонымен, міне, француз өркениеті ерекшелігінің қолтаңбасы қалған төрт немесе бес ұлы
кезеңдер, төрт немесе бес ұлы оқиғалар. Біздің қоғамның әр түрлі таптарын алып, олардың
өнегелеріне, бейнесіне көз жүгіртіп көретін болсақ, барлық жерде осы факті
таңдандырады. Француз шіркеуі ақпараттар байлығымен және қызметімен ерекшеленіп,
барлық интеллектуалдық сабақтарға катысады, ғылыммен және әкімшіліктегі ерекше
ойлаумен айналысады, ол өзін тек дінге, ғылымға, не саясатқа ғана арнаған жоқ, бірақ
үнемі оларды ымыраға келтіруге тырысып отырды. Француз философтары саналы
көзқарастық қабілеттің және практикалық мәннің сирек бірігуі, олардың ойлары терең
және батыл, олар қосымшасыз таза шындықты іздейді, бірақ ылғи да сыртқы әлем сезімін,
өздері арасында өмір сүріп отырған фактілерді сақтайды, олар жоғары көтеріледі, бірақ
жерді сөздерінен таса қылмайды. Монтен, Декарт, Паскаль, Бейль т.б. түгел дерлік ұлы
француз философтары не таза диалектик, не таза энтузиазист болған жоқ. Өткен жазда,
сіздер осы топтағы қызыл сөзді талқылаушының бір уақыттағы жарық пен ғылымның
адамы Декартты: «қатал, табанды, өрескел, өз кабинетінде Прага жазықтарында
соғысқандай шешімдер қабылдайтын, практикалық өмір қозғалысына және ой қызметіне
бірдей бейімділікті сезінуші» ретінде бейнелегенін естідіңіздер. Біздің философтардың
барлығы Декарт сияқты дана емес, бірақ барлығы бір уақытта шындық іздеп және
жарықты түсініп, бірге бақылау жасап және ойлай алатын болды.
Жеке ойлау әрекет етпейтін барлық салаларда — ғылымда, философияда, әдебиетте,
тарихта — бәрінде сіздер парламент мүшелері мен соттық сословие мүшелерін
кездестіресіздер. Сонымен катар олар барлық қоғамдық және жеке істерге катысып,
қоғамның барлық шынайы, практикалық мүдделеріне ықпал етті.
Францияны қай жағынан алып қарасаңыз да, сіз осы екі жақты сипатты табасыз, мұнда
өркениеттің екі маңызды жағдайы тығыз байланыста дамыды. Мұнда жеке адамның
ұлылығы жайында ешқандай жетімсіздік болған жоқ. Ал жеке ұлылық ылғи да қоғам
мүддесіне пайда келтірді. Әсіресе соңғы кезде француз ақылының ерекше белгісі игілікті
мағына деп көп айтылды. Игілікті іс оның жоғары және ауқымды мағынасында алып
қарағанда, идеялардың барлық тереңдігіне бойлай енетін, оларды барлық маңыздылығын
сыртқы фактілерді есепке ала отырып, түсіну және бағалау сияқты философиялық игілікті
істер болып табылады.
Француз өркениетінің ерекшелігі — кез келген өркениеттің негізгі идеясы болып
табылатын жалпы типті беруінде. Ол бәрінен толығырақ, бәрінен шынайы. Еуропаның
құмарлықсыз осы пікірін қалыптастырған оның бірінші өркениетті ел болуының себебі
осында. Франция бір кезде өзін ақылды және қуатты, идеялар мен күштерге бай,
идеяларға кызмет ететін етіп көрсетті. Ол халыққа олардың қоғамдық жағдайын
жақсартуға деген өзінің ниеті жайлы айтып, олардың қиялы мен атаққұмарлығын қозғады,
өзін шындықты ашуға және оны басымдыққа айналдыруға қабілеттілігі жайлы хабарлады.
Оның танымалдығын осы екі негіз құрады, өйткені адамзаттың түбегейлі екі қажеттігі
осындай.
Сондықтан біздің француз өркениетін, ең маңызды және жемісті ретінде зерттеуге
болатын, бірінші өркениет ретінде қарауға құқығымыз бар. Оны мен келтірген екі
көзқарас тұрғысында, қоғамдық және интеллектуалдық даму тұрғысынан зерттеу қажет.