Қазақстанның ашық кітапханасы
37
Бұл халық Еуропада өмір сүрді, бірақ ол Еуропадан аз алып, оған аз берді. Егер мен оның
атын еске салмасам өзімді кінәлаған болар едім, бірақ оның өркениетінің Еуропа
өркениетінде маңызы зор емес.
Сіздердің көріп отырғандарыңыздай, шолу жасаған төрт ұлы елдің ешқайсысында жалпы
өркениеттің жоғары фактісі, тез берілетін байланыс, идеялар мен фактілердің
гармониялық дамуы, құрылымның интеллектуалдығы және шынайылығы анықталмады.
Олардың барлығында өркениетке қатысты маңызды жағдай жетіспейді. Олардың бірде-
бірі өркениеттің толық бейнесін, оның барлық жақтарындағы таза типін, оның барлық
негізгі сипаттық белгілерімен бірге бейнелей алмайды.
Францияда іс басқаша сияқты. Францияда ойлардың дамуы мен қоғам дамуы бір-бірінен
алшақтаған жоқ. Ондағы адам мен қоғам үнемі қозғалыста болып, өсіп отырды және бір-
біріне жақын қашықтықта дамыды. Ұлы оқиғалармен, төңкерістермен, қоғамдағы
жақсарулармен қатар, сіз ылғи да біздің тарихта осыған сәйкес, жалпы идеялар мен
доктриналарды байқайсыз. Шынайы өмірде, сол мезетте ойшылдар одан өз пайдасына
жаңа байлық табуға тырыспаған ешнәрсе болған жоқ. Саналы әлемде де шынайы, әрі тез
нәтижеге жетпеген ешнәрсе кездестірмейсіз. Жалпы Францияда идеялар қоғамдық
саланың дамуына ықпал етті. Ол іс жүзінде жүзеге асқанға дейін, доктриналарда
дайындалды және ой өркениет жолында бірінші жүрді. Интеллектуалдық қызметпен
практикалық қабілеттілікте қалыптасқан бұл екі жақты сипат, іске асушы ретінде, француз
тарихының барлық негізгі оқиғаларында, француз қоғамының барлық негізгі таптарында
көрініс тауып, оларға өте ерекше келбет береді.
Мысалы, XII ғасырдың басында коммунаны азат ету қозғалысы басталды. Ол қоғамның
алға дамуындағы маңызды қадам болды. Нақты осы кезде ойды азат етуге деген күшті
ұмтылыс анықталды. Мен бұл фактіні өткен жазда атап көрсеткен болатынмын. Абелар -
Лана мен Везеле тұрғындарының замандасы болды. Тәуелсіз ойшылдардың ой әлеміндегі
жауыз билікке қарсы бірінші ұлы күресі тұрғындардың қоғамдық азаттыққа бағытталған
күресімен сәйкес келді. Бір қарағанда, бұл екі қозғалыс бір-біріне жат сияқты. Философтар
наразылық білдірген тұрғындар жайлы өте дөрекі пікірде болды және оларды варварлар
деп атады. Философтар жайлы естіген тұрғындар, оларды еретиктер деп атады. Соған
қарамастан, даму екі салада да бір уақытта жүзеге асты.
Францияның ойшылдық тарихында ең маңызды рөл атқарған мекемелердің бірі — Париж
университетін алып қарайық. Оның ғылыми еңбектерінің XIII ғасырдан бастап қандай
ауқымды болғанын кез келген біледі. Дәл осы кезде ешқандай мекеме де осындай
манызды саяси өмір сүрген жоқ. Париж университеті королдардың саясатына, француз
дінінің римдік діншілдермен арасында болған барлық қақтығыстарға араласты. Оның
қабырғасында идеялар әзірленіп, доктриналар орнатылды және ол оларды сол уақытта
сыртқы әлемге шығаруға ұмтылды. Париж университетінің принциптері Констанп және
Базель шіркеуін қайта құруға ұмтылған адамдардың туларында жазылды. Париж
университетінің принциптері Карл VI-нің прагматиктік шараларын туғызды және
қолдады. Осы ұлы оқу мекемесінде ой қызметі және жағымды ықпал тұтас ғасырлар
бойына оның ажырамас бөлігі болды. XVI жүзжылдыққа ауысып, Франциядағы
реформацияға көз жүгіртейік, оның ерекше сипаты, оның сенімділігінде және игіліктігінде
болды. Ғылым мен доктрина негізіндегі католик шіркеуіне қарсы күресті француз
реформаторлары жүргізді. Франция мен Голландияда осы істі қорғай отырып, ылғи да
француз тілінде көптеген философиялық, тарихи, полемикалық шығармалар жазылды.
Әрине, не Германия, не Англия бұған мұндай үлкен көңіл бөлген жоқ. Француздық
реформация неміс анабаптистеріне, ағылшын сектанттарына жат болды. Оған олардың
практикалық сақтығы өте жиі жетпей жатты. Бірақ олардың нанымының күшіне,