Page 36 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
36
жеткізген кейбір нәтижелерімен келіспеуге болады. Бірақ олардың қуаты, олардың көрініс
берген ауқымды көлемі талас тудырмайды. Әрине, адамдардың әлеуметтік жағдайы,
адамдардың қоғамдағы жағдайы анағұрлым артта қалды. Бұл қатынаста ілгерлеушілік те,
жақсару да бар екені даусыз. Бірақ бұл екі фактіні салыстыруға ешқандай мүмкіндік жоқ.
Осыдан келіп, Германиядағы поэтикалық, философиялық, тарихи шығармалардың
ерекшелік белгісін, сыртқы әлеммен жеткіліксіз таныстыру, шынайылық сезімнің
болмауы құрайды. Оларды оқи отырып, өмірдің, оқиғалардың адамдарға әсері шамалы
болғанын, олардың қиялын ұштамағанын, олардың өзімен-өзі оқшау өмір сүрген, өз
ойларымен болған диалек немесе энтузиаст болғанын көруге болады. Англияда ойдың іс
жүзіндегі қалыптасуы барлық жерде көрініс тапса, неміс өркениетінің негізгі белгісі - таза
интеллектуалдық даму болып табылады.
Италиядан біз бұның екеуін де көре алмаймыз. Италия өркениеті ағылшындардікі сияқты
не практикалық, немістердікі сияқты ой түрінде болған жоқ. Италияда жеке ойлардың ұлы
көріністерінде де, қоғамдық қызметінде де жетімсіздік болған жоқ, адам да, қоғам да
даңқпен дамыды. Италияндықтар бір уақытта таза ғылымдарда — тарихта, философияда
тамаша жетістіктерге жетті. Кейін Италия екі бағытта да тоқтап қалған сияқты, ол адам
ойы мен қоғам төмен сырғып, әлсіреген сияқты көрінді, ал жақынырақ үңілетін болсақ,
бұған халықтың ішкі негізі кінәлі емес екенін, оларды Италияның сыртқы жағдайлары
жаншып отырғанын көресіз. Оны жайылып, гүл атқысы келіп тұрған, бірақ оны суық
қатал қол қысып, оған мүмкіндік бермей тұрған гүлмен салыстыруға болады. Италияда не
интеллектуалдық, не саяси қабілет өлген жоқ, оған өркениеттің өмірлік жағдайы болып
қалатын сенімнің, шындыққа деген сенімнің жеткіліксіздігі әсер етті. Мен бұл жерде сенім
ретінде адамдардың тек шындықты ғана мойындап қалмай, ойлау жағынан алғанда
өздерін қанағаттанарлықтай сезінуге деген сенімділікті айтып отырмын. Бірақ әлемге
билік етуге, оқиғаларды басқаруға және бұл құқықты жүзеге асыруға бағытталған күшке
деген сенімділік болды. Осының салдарынан бір рет шындықты меңгерген адам өзін
сыртқы фактіге ауыстыруға, қайта құруға, оны санаға байланысты бағыттауға тиістімін
деп ойламайды. Италияда ылғи да осы сезім жетіспеді. Ол ұлы ойларға. жалпы идеяларға
бай болды, сонымен бірге оны сирек практикалық ептілігі бар, сыртқы өмірдің барлық
жағдайларын терең түсінетін, қоғамды басқару өнерінің терең қабілетіне ие болған
адамдар жауып тұрды. Бірақ адамдар мен фактілердің бұл екі разряды бір-біріне бөтен
болып қалды. Жалпы идеяға ие адамдар, жүйрік ой иелері өздерінен міндеттілікті де,
қоғамға әсер ету жауапкершілігін де сезінген жоқ. Тіпті өз принциптерінің
шынайылығына сенімділер де олардың қуаттылығына шек келтірген жоқ. Бір жағынан,
қоғамның жетекшілері адамдардың жалпы идеяларын ешқашан есепке алмады, олар
ешқашан өздеріне байланысты фактілердің белгілі қағидаларымен біріктіруге деген
қажеттілікті сезінбеді. Екі жақ та шындық таныммен шектелуі тиіс сияқты әрекет етті,
бұдан басқа еш нәрсе талап етілмеді. ХV ғасырдағы Италия өркениетінің әлсіз жағы
осында болды, оның салдары әрекеттерінің және практикалық мәнінің жетімсіздігінен
көрінді. Осы екі күш арасында бір-біріне деген сенім, өзара әрекет, әсер ету
ықпалдарымен ауысу болды.
Менің игілікті және бақытсыз халыққа деген құрметтің нәтижесінде тағы да бір ұлы ел
жайлы айтқым келіп отыр. Ол - Испания. Бұларда ұлы ойшылдар жағынан да, ұлы
оқиғалар жағынан да жетімсіздік болған жоқ. Адамдық рух пен адами коғам бұл жерде
кей кезде барлық даңқымен жарқырады. Бірақ бұл испан тарихының әр жерінде
шашылған жекелеген фактілер. Испанияда адам мен қоғамнан, өркениеттің негізгі
жағдайы — жалпы және үнемі дамудан бас тартылды. Салтанатты қозғалыссыздық
жеміссіз толқулармен ауысты. Сіз Испаниядан Еуропаға қалған ұлы идеяны немесе ұлы
қоғамдық жетілуді, ұлы философиялық жүйені немесе салдары бай мекемелерді іздейсіз.