Қазақстанның ашық кітапханасы
35
шотландықтар т.б. тәжірибелік бағытта деп атауға болатын философия мектебіне жатады.
Олар үшін ең маңыздысы тікелей және жағымды нәтижелер. Олар не қиялға, не логика
дедукциясына сенбейтін, игілікті ойдың даналары болып табылады. Мен Англияның ен
күшті интеллектуалдық уақытына, оның тарихында идеялар мен ой қозғалыстары үлкен
орын алған кезен жайлы айтқым келеді. Мен XVII —VIII ғғ. саяси және діни дағдарысты
аламын. Ол кезде Англияның қандай ерекше қозғалыста болғанын кез келген біледі. Бұл
қозғалыстың қандай философиялық жүйе, Еуропа жетістігіне айналған қандай ұлы жалпы
доктринаны туғызғанын маған кім айтып бере алады? Оның ауқымды және таңдануға
тұрарлық салдары болады; ол құқықтар мен өнегелердің негізін қалады, ол қоғамдық
қатынастарға ғана емес, сонымен бірге адамдардың жанына да қатты эсер етіп,
сектанттарды, энтузиастарды өмірге әкелді. Бірақ ол адамзаттың саналы дүниетанымын
көтерген де, кеңіткен де жоқ. Тұтас кезеңге жарық беретін шамшырақтардың ешқайсысын
да жаға алмады. Бірде-бір елде Англиядағыдай діни нанымдар мұндай мәнге ие болған
жоқ. Бірақ олар бәрінен бұрын практикалық сипатымен ерекшеленіп, өнегелікке, бақытқа,
адамдардың сезіміне өте күшті әсер етеді. Бірақ олардың бүкіл адамзаттың санасына әсер
ететін жалпы тиімді нәтижелері аз болды. Бұл өркениетті қандай көзқарас тұрғысынан
қарасаңыздар да, Сіздер осы әлеуметтік, практикалық сипатпен кездесесіздер. Мен бұл
ойды бұдан тереңірек дамытып, ағылшын қоғамының барлық бөліктерін қамтыр едім.
Мысалы, әдебиетте де практикалық мән басым. Бәрі — ағылшындар кітап жазудың, оны
тиімді және көркем етіп жазудың, оны бөлімдерге бөлудің, оған тақырып
оқырмандарының қиялына әсер етіп, өнерді жетілдіретіндей жоспар жасап, оны жүзеге
асырудың шеберлері емес деп бір-бірін қайталайды. Бұл басымдыққа ие ой еңбегінің
интеллектуалдық жағын, ағылшын жазушыларының әлсіз жақтарын құрайды. Бірақ олар
өз баяндауының нақтылығын жақсы дәлелдеп, қайта-қайта бір ойға оралуды бір сөзбен
айтқанда, практикалық нәтижелерге қол жеткізуге болатын барлық құралдарды құрайды.
Ағылшын тілі де осы сипатта болады. Ол жүйелі және тиімді негізге құрылмаған, онда әр
түрлі деректерден енген сөздер көп, не симметриялық жағынан, не гармония жағынан
қамқорлық жасалмаған ол тілде грек, латын тілінің, негізін құрайтын логикалық әдемілік
жетіспейді. Ол түсініксіздеу және дөрекі, бірақ ол бай, иілгіш, адамдардың сыртқы
жүрісінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті. Англияның барлық жерінде
пайда табу принципі оның өркениетінің ерекше белгісін құрайды.
Англиядан Германияға өтетін болсам, мұнда өркениет дамуы өте баяу жүрді және
кейінірек басталды. Немістердің өнегелігінің дөрекілігі, ұзақ уақыт бойына Еуропада
мәтелге айналды. Егер бұл дөрекі қабықтың ішінен өркениеттің екі негізгі элементтерінің
салыстырмалы барысын іздейтін болсақ, онда жеке дамудан ылғи да әлеуметтік дамудың
артықшылықта болғанын, адамдардың қоғамдағы жағдайына қарағанда, адамдардың
ойының анағұрлым үлкен жетістікке жеткенін көруге болады. ХV жүзжылдықта - неміс
реформаторлары —Лютердің, Медахтонның, Буцераның т.б. ойлау жағдайымен, олардың
еңбектерде көрініс берген ой дамуын, ол елдің қазіргі өнегеліктері мен жеке өнегеліктерін
салыстырыңыз. Қандай айырмашылығы бар? XVII жүзжылдықтағы Лейбниц идеялары
мен сол кезде тек халықта ғана емес, жоғары топтарда да үстемдік жағдайға ие болған
неміс университетіндегі оның оқушыларының өнегеліктерін салыстырыңыз. Бір жағынан
философтардың шығармаларын, екінші жағынан — бранбургтік немесе баварлық
курфюстың сарайын суреттейтін естеліктерді оқыңыз. Қандай бояу! Біздің уақытқа
жеткен кезде бұл бояу қоюлана түседі, енді Рейннің арғы жағында идеялар мен фактілер,
интеллектуалдық құрылыс пен шынайы құрылыс бір-бірімен мүлде байланысты емес
деген сөз, барлық жерде орын алды. Соңғы елу жылда ой қызметінің Германияда күшті
болғанын кез келген біледі. Барлық салаларда - философияда, тарихта, әдебиетте,
поэзияда ол ете алысқа кетті. Бұлардың барлық кезде жақсы таңдамағанымен, оның қол