Page 34 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
34
дамуы; интеллектуалдық құрылыстың дамуы; сыртқы және ішкі жалпы жағдайдың ;
адамның жеке табиғатының жақсаруы; бір сөзбен айтқанда, қоғам мен адамның
жетілдірілуі бірігеді деп ойладым.
Жалпы алғанда, бұл екі факті өркениетті құрайды: олардың бір уақытта болуы; олардың
арасында тығыз байланыстардың тез орнауы; олардың өзара әрекеті оны жетілдіруге
қажет. Олардың бәрі ылғи да бір уақытта бола бермейді, қоғамдық және жеке даму бірі
ілгері, екіншісі кейін жүріп отырса да, олар бір-біріне қажет және ерте ме, кеш пе бір-бірін
ескертіп отырады. Ұзақ уақыт бойына оның бірі екіншісінсіз әрекет еткен кезде, олардың
бірігуін ұзақ тосуға тура келеді, көрермендерді бос сезіну уайымы, қатты өкініш билейді.
Егер халықта ұлы интеллектуалдық дамумен, соған сәйкес саналы қатынастармен
сүйемелденбейтін ұлы қоғамдық жақсару, материалдық жағынан ұлы алға басу болса,
онда қоғамдық жақсару берік емес, түсіндіруге болмайтын және заңсыз болып көрінеді.
Оны қандай жалпы идеялар тудырады және ақтайды, ол қандай принциптермен
байланысты? деген сұрақ туындайды. Бұл бірнеше ұрпақпен шектелмейді, ол бірден-бірге
беріліп, таралып, барлық халықтардың жалпы жетістігіне айналады. Қанатты идеялар мен
саяси доктринадан басқа бұл қандай тәсілмен беріліп, тарала алады? Бір идеялар алыс
қашықтықтар алдында тоқтамайды, ол теңіздер арқылы өтіп, барлық жерде түсіністік
табады. Адамның игілікті табиғаты сондай — ол өз алдындағы материалдық күштің
маңызды дамуын көре алмайды.
Екінші жағынан, егер бір жерде қоғамдық прогреспен байланыссыз ұлы саналы даму
көрініс берсе, ол таңданыс, алаңдаушылық тудырады. Жеміс бермейтін, күн
қыздырмайтын әдемі талды көріп тұрған сияқты боласың. Жеміссіз және сыртқы әлемге
ие емес мұндай идеялар жек керушілік тудырады. Сонымен бірге ол саналылық тұрғыдан
алғанда өзінің заңдылығы жайлы, өзінің шынайылығы жайлы күдік тудырады. Олар
адамдардың қоғамдық қатынастарын басқаруға қабілетсіз болғандықтан, оларды тажал
деп атау жайлы ниет туындайды. Адамда сананың күшті болатындығы сонша — оның
жердегі міндеті идеяларды фактыларға ауыстырып, өзі өмір сүріп отырған әлемді өз
бойындағы шындыққа сәйкес қайта құру және орнату болып табылады. Өркениеттің ұлы
бөліктері арасындағы байланыс — рухани және қоғамдық дамумен, жағдайдың дұрыс
орналастыруымен тығыз байланысты. Өркениеттілікті жетілдіру бұл бөліктердің
бірігуінен ғана емес, сонымен бірге жеңілдігінен, олардың бірін-бірі шақыру және өндіру
жылдамдығынан да тұрады.
Енді мархабатты тақсырлар, Еуропаның әр елдерін осы көзқарас тұрғысынан алып
қарауға, өркениеттің сипаты неде екенін анықтауға және ол сипаттың негізгі және
жоғарғы фактісі өркениеттің дамуына қаншалықты келетінін табуға тырысайық. Осы
жолмен біз Еуропалық өркениеттің қайсысының аяқталғандығын және өркениеттің жалпы
типіне қаншалықты сәйкес келетінін және қайсысының Еуропа тарихын тұтасымен
бейнелеп зерттеу пәніне айналуға тұратынын ашамыз.
Англиядан бастайын. Ағылшын өркениетінің басым бөлігі — әлеуметтік жетілдіруге,
адамдардың сыртқы қоғамдық жағдайларын жақсартуға, тек материалдық қана емес,
сонымен бірге адамгершілік жағдайлардың үлкен ізгілікпен қатар, қоғамдық үлкен
әділдікті енгізуге бағытталды.
Алайда, егер бәрін назарға алатын болсақ, онда Англиядағы коғам дамуы, адам дамуына
қарағанда үлкен көлемде және үлкен даңқпен өткенін көреміз. Мұнда жалпы идеяға
қарағанда қоғамдық мүдделер мен фактілерге үлкен көңіл бөлініп және үлкен күшпен
әрекет етті. Жеке адамға қарағанда, ұлт үлкен құрметке ие. Бұл соншалықты шынайы, өз
мамандығы бойынша таза сананың дамуына жұмыс істеуі тиіс, Бекон, Локаль