Page 33 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
33
әдебиетін, философиясын, бір сөзбен айтқанда — олардың өмірінің барлық жақтары
жайлы білімі болуы керек. Егер бізге берілген уақыттың қысқалығын ескерсек, мұндай
жұмыс мүмкін емес.
Маған Еуропаның бір ұлы елінің жекелеген өркениет тарихын зерттей отырып, біз тезірек
қажет нәтижеге жететін сияқты көріндік. Шынында да, бұл жерде әңгіме бірлігін оның
егжей-тегжейлілігімен сәйкестендіру керек, өйткені әрбір елде бір әдет-ғұрып, бір
заңдылықтардың, бір тілдің, бір тарихи оқиғалардың салдары ретіндегі бірлік болды. Ол
өркениетте де өз таңбасын қалдырды. Біз мұндай тұтастықты жоғалтпай фактілердің әрбір
қадамын бақылай аламыз. Соңында, жеңіл болмаса да — осындай еңбекке қажетті
мәліметтерді жинау мүмкіндігі бар.
Сонымен, екінші әдісті тандап, Еуропадағы барлық халықтардың оның дамуына ықпал
еткен ауқымды тарихын қалдыруды және сіздермен бірге қандай да бір жеке өркениетті
зерттеуді шештім.
Екінші әдісті таңдай отырып, мен еш қиналмай-ақ Франция тарихын, Франция өркениет
тарихын таңдадым. Мен одан ешқандай ләззат алмадым деп айта алмаймын: өйткені кез
келген патриоттық сезіну, кез-келген патриоттық әсер — заңды, бірақ олардың шындықта,
санада көрініс табуы қажет.
Біздің уақытта кейбіреулері, Еуропа өркениетінің қазіргі жағдайының кендігінен
патриотизмге күшті нұқсан келеді деп ойлайды, өйткені ол азғынданып, комополитизмге
жоқ болып кетеді деп дәлелдеуге тырысады. Мен ондай күдіктермен келіспеймін. Қазіргі
кездегі Отанға деген махаббат басқа пікірлерде, әдеттерде, адамдардың сезімдерінде де
орын алады. Бұл махаббат, әрине, жариялылыққа, әңгіме арқауы болуға, сыналуға -
қарапайымдылық, соқыр және ерекше сезім ретінде жоғалуға, өзінің саналы негіздеріне
сілтеме жасауға мәжбүр болды. Бірақ ол барлық табиғи және заңды сезімдердің өлмейтіні
сияқты, мұндай қажеттіліктен өліп қалмайды, керісінше, ол тазарып, биіктейді. Оның
сынақтан өтуіне тура келеді, бірақ ол одан жеңімпаз болып шығады.
Мен француз өркениетінен басқа бір ұлттың тарихы маған бұдан да ұлы, үйретері көп,
Еуропа өркениетінің жалпы даму барысына одан да жақсы кызмет ететініндей болып
көрінсе, француз өркениетінен бас тартып, сол өркениетті таңдайтындығына сенімдімін.
Францияны Мен оның тарихының бізге беретін ерекше мүддесіне тәуелсіз, саналы негізде
таңдадым. Қоғамдық пікір бұрыннан бері Францияны Еуропаның ең өркениетті өлі
ретінде жариялады. Әрбір рет әр түрлі халықтардың ұлттық ар-намысы қақтығысқан
кезде, әрбір халықтардың идеялары мен әрекеттерінен шынайы және құмарлықсыз
шындықты іздеген кезде — Францияның өркениеті аяқталған, берері көп және Еуропаның
қиялын ерекше күшті тандандырған ел екенімен келісуге тура келеді.
Мұнда біздің Отанның артықшылығы - біздің елден өте жиі іздейтін — біздің коғамдық
қатынастарымыздың жақсы болғандығына, біздің әдет-ғұрыпымыздың жұмсақтығына
және біздегі өмір сүрудің жеңілдігіне байланысты деп ойламау керек. Әрине, бұл
жағдайлар белгілі бір рөл атқарады, бірақ мен айтып отырған фактілер басқа терең
себептерге негізделеді. Франция өркениетінің бұлай бағалануының философиялық
көзқарас тұрғысынан заңды анықтамасы бар: жалпы бұл өркениеттің жалпы табиғаты мен
оның шынайы құрамдас бөліктерін дұрыс бағалау.
Мен бұрынғы курстың бас кезінде беруге тырысқан өркениет анықтамасы сіздердің
естеріңізде шығар деп ойлаймын. Мен таза адамдық мағынада алғанда бұл сөздің мәніне
қандай идеялар кіретінін іздестірдім. Жалпы алғанда, маған өркениет мәні екі фактіге
байланысты сияқты болып көрінді: олар жалпы көзқарастар, коғамдық құрылыстың