Қазақстанның ашық кітапханасы
32
I лекция
Курс пәні. Еуропа өркениетінің тарихын зерттеуде қолдануға болатын екі әдіс. Бірінші
әдіс — ол қандай да бір елдің өркениетін зерттеуді таңдауға мәжбүр ететін себептер.
Екінші әдіс - француз өркениетін зерттеуді таңдаудың себептері. Өркениетті дамытуды
қандай маңызды факторлар негіздейді? Еуропаның ұлы халықтарының - ағылшын, неміс,
итальян, испан, француздар арасындағы бұған катысты салыстырулар. Француз өркениеті
ең көп таралған, сондықтан жалпы өркениет өкілі бола алады. Оны зерттеу тек ғылыми
мүдде емес, қазіргі кездегі интеллектуалдық әлемде қандай бағыт басым? Әлеуметтік
әлемде қандай бағыт басымдыққа ие? Олардың арасындағы қарама-қайшылық болып
көрінетін осы зерттеуден екі мақсат шығады. Біздің уақыт оны бұзуы тиіс. Үшінші мақсат
өркениеттің казіргі жағдайы қоятын тек адамгершілік сипатта болып табылады. Ол —
өркениет білдіретін жалған жазғырулармен оларға жол бермеу қажеттігі. Кез келген
ғылыми білім қазіргі кезде әлеуметтік күшке айналып отыр. Кез келген күш тек коғамды
жетілдіру үшін емес, сонымен бірге жеке тұлғаларды адамгершілік жағынан жетілдіру
үшін де қызмет етуі керек.
Сендердің көпшілігің, Мен бірнеше ай бұрын бітірген курстың пәні мен сипаты не
болғанын білесіңдер. Бұл өте жалпы және өте тез курс болды. Мен өте қысқа уақытта
Еуропа өркениетінің тарихи қатынасын сендердің көз алдыларыңнан өткізуге тырыстым.
Егер солай айтуға болатын болса, Мен жалпы фактілермен ғана шектеліп, биіктен биікке
секіріп жүрдім, бірақ менде мені ылғи да түсініп, маған сене бермейтін шығар деген күдік
болды.
Сендер мені қажеттілік осылай мәжбүр еткенін білесіңдер. Егер мен оны басқа курстарда
толықтыратынымды, егер мен сол кезде бұл мәселені келешекте ықыласпен қарап және
толық зерттеу арқылы сіздерге жалпы нәтижені жеткізіп, бір кезде өзім сызған шеңберді
толықтыру мақсатын алдын ала ойламасам, тіпті қажеттілікке қарамастан, мен оның
ыңғайсыздығымен келіспес едім. Менің қазір жүзеге асырғым келіп отырған жоспарым
осы.
Ол үшін маған екі әдіс қажет. Менің бұрынғы жаздағы курсты қайта қарап, Еуропа
өркениетінің тарихын қайта тұтасымен баяндап, негізгі сипаттарын ғана көрсеткен
тұстарын жан-жақты әңгімелеп, баяу жол жасауыма болады. Екінші жағынан мен
Еуропаның бір ұлы халқының тарихын зерттеп, өзімнің ізденуімді осылай ғана шектеуіме
болады.
Бірінші әдіс маған маңызды қолайсыздықтар келтіретін сияқты. Жоспарға сәйкес, мұндай
ауқымды, мұндай егжей-тегжейлі тарихтан қандай да біркелкілікті ұстап тұру мүмкін емес
деу, жоғары дәрежеде қиын болар еді. Өткен жазда біз Еуропа өркениеті шынында да
біркелкілікті білдіретінін білдік, бірақ ол тек жалпы белгілерден және негізгі
нәтижелерден көрініс береді. Көз алдыңдағы дөңестер, ұсақ әр түрлі негіздер көрінбеуі
үшін және оның елдің жалпы сипатын, елдің бейнесін оның негізгі және қарапайым
сипатында ұстап қалуы үшін бақылаушының таудың басына шығуына тура келеді. Жалпы
қорытындыға келіп, оның жеке сипаттарына ене бастаған кезде бірлік тұманданып,
айырмашылық қайтадан алға шығып, оқиғалардың себептері мен салдарынын әр
түрлілігінен адасып қаласың, сондықтан тарихты егжей-тегжейлі баяндау үшін, оның
қандай да бір тұтастығын сақтап қалу үшін, оның аланын тарылту қажет.
Бірінші әдіске қарсы манызды қарсылығы баяндаушының да, тыңдаушының да ойындағы
сыртқы мәліметтердің ауқымдығы мен әр түрлілігінен туындайды. Кім Еуропа
өркениетінің барысын нақты белгілегісі келсе, оның тек әр түрлі халықтардың басынан
өткен әр түрлі оқиғалармен, олардың тарихын ғана емес, сонымен бірге олардың тілін,