Page 31 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
31
Жеке түрінде оқшауланып қалып, әрбір қолайлы жағдайды бірін-бірі ығыстыру үшін
пайдалануға тырысты. Дворяндар ешқандай теңдікке жол берген жоқ, буржуазия - өзінен
жоғары олардың артықшылығына жол бергісі келмеді. Тартыс — әділетсіз және бекер
уақыт өткізу болды. Дворяндардың жеңіл ойлы тәкаппарлығы француз буржуазиясының
оларды жоғары көтеріп, мемлекеттің жоғары қабатынан орын алуына
* іске аспайтын арманшылдар. — Ред.
бөгет болған жоқ. Буржуазияның кейбір ұсақ тәуелділіктері дворяндардың тұқым
бойынша қалыптасқан атағына және жағдайға ұзақ уақыт билік жасалуына бөгет бола
алған жоқ. Қоғамда өмір сүріп, өсіп отырғандықтан — ол да жоғары көтеріліп
артықшылыққа ие болуға тырысқан ішкі қозғалыс бөлшектері бар. Қоғам тұрақтанған
кезде онда сословиелер мен таптардың белгілі бір иерархиясы орнап, ол ұрпақтан-ұрпаққа
беріліп отырады. Әділеттілік, дұрыс ой, қоғамдық мүдде — бұл қоғамдық құрылыстың
табиғи жағдайларды екі жақтың да мойындағанын талап етеді. Францияда әр түрлі таптар
бұл өзгенің құқығына деген құрметті түсінбеді, олардың барлығы осы эгоизмі үшін
жазаланып, бұл қарғысты жалпы Отанға енгізді. Дворяндар мен буржуазия өз өткенінде
асқақ және тәуелді болу ләззатын қалдырды, егер олар кішкене әділ, сақ болса және адам
қоғамының құдіреттік заңдарына қатысты тіл алғыш болса, онда еркіндік, ұлылық,
қоғамдық игіліктерге ие болу беріктігін ұтқан болар еді. Олардың бәрі бірге еркін және
күшті болу үшін бірігіп әрекет ете алмады, сондықтан өздерін және Францияны
революция құрбандығына берді.
Бұл біздің тарихтың бізге беретін екінші ұлы сабағы.
Осы саясатта бізді соғыста ерекшелейтін firia francese басқарады. Бізде қандай да
принцип, қызығушылық сезім пайда болған кезде, олар бізге толығымен билік етеді. Біз
ешқандай сыртқы ықпалдарға және жағдайларға қарамастан, олардың алдында кішірейіп,
ақырына дейін олардың соңынан ереміз. Біз еркін сүйгіштік ұстанымында тұрмыз ба? Біз
оның жолында бәрін — ең қажетті жағдайларды, биліктің айқын қажеттіліктерін, қазіргі
тыныштықты, қамтамасыз етілген келешекті құрбандыққа шаламыз. Мейлі қателіктің
салдары анықталсын, мейлі талассыз күшті билік қажеттігі мойындалсын — біз оның
қолына құлап, өзіміздің барлық қамалдарымызды оған беріп, оның талаптарын ескеріп
және өсіреміз. Егер біз бұрын өзіміздің еркіндікке ұмтылысымыздың шамасын білмесек,
енді еркін болғымыз келгенін ұмытамыз. Бұл қарқындар, осы ұмытшақтықтың салдарына
әкелетіні сөзсіз. Біркелкі, мұқият болып, қоғамда өмір сүрген әр түрлі мүдделерге бірдей
қамқорлық жасау, өз ішінде күрескен, екеуіне де құрметпен қарау үшін, қарама-қарсы
принципті ойларды қабылдау, өз уақытында тоқтау, өз уақытында келісімге келу,
ертеңгіні ойлай отырып, бүгін жеңілдіктер жасау — міне, саясатта қажетті даналық пен
ептіліктің мәні осында болуы тиіс. Тек осы жағдайда ғана ұзақ уақыттағы адамдар
тағдырында немесе олардың жер бетіндегі аз ғана уақытқа пайда болуы кезінде, құдай
саяси жетістік сыйлайды.
Халықтар мен тұлғалар алдында олардың үйренуіне жеткілікті уақыт беретін пайданы
иемденеді. Францияға дейінгіге келетін болсақ, ол әрине үйрене алады, өйткені өз
тарихының барлық кезеңінде, өзінің барлық қателіктеріне қарамастан, ол ұлы, ойлау
қабілеті дамыған және күшті болып қалды. Ол өте жиі сәтсіздіктерді бастан кешірді және
ешқашан өлген жоқ, олардың жетістіктері жеңілістерінен басым болды. Ол ХІV ғасыр
болғанына қарамастан, әлі жас және іс жүзінде оның тілегі мен ізденімпаздығының пәні
болған нәрседен бас тартпайды. Егер жеке маған келетін болсақ, мен бір реткі сәтсіздіктер
себебін жақсы түсіне отырып, ол соңында жетістікке қол жеткізеді және соған лайық
болады дегендер қатарына жатамын. <...>.